Лекция №1 Тақырыбы: Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде. Лекция жоспары



бет23/72
Дата11.12.2023
өлшемі345,24 Kb.
#137472
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   72
Байланысты:
педагогика оқыту әдіс лекциялар

Ынталандыру принципі. Бұл принциптің маңызы өте зор. Оқуға, білімге, педагогтің жеке басына деген, сондай-ақ оқу жұмысының барлық әдістеріне, түрлері мен нысандарына білім алушыларда ынта-ықылас болса, олардьщ оқу-таным әрекеті сенімді, ерікті, қуанышты болады.
Сондықтан педагог, ең алдымен, сабақтарын қызықты, тартымды, әсерлі етіп өткізуге міндетті. Ынталандыру принципі білім алушыларға жеке-дара қарауды керек етеді. Осыған орай В.С.Сухомлинскийдің берген кеңестері мыналар:
1.Білім алушылардың ақыл-ой күштері мен мүмкіндіктері бірдей емес.
2.Оқыту мен тәрбиелеудің барлық заңдарын қолдануға болатын абстрактылы білім алушы жоқ: білім алушы әрқашан дара, өзінше ерекше.
3.Оқуда барлық мектеп білім алушылары үшін табысқа жетудің бірыңғай алғы шарттары жоқ.
4.Оқу қызметінің берілген сәтінде әр білім алушының неге қабілетті екенін аньщтаудық маңызы зор.
5.Оның ақыл-ой қабілетін одан әрі қалай дамытуға болатындығын анықтау маңызды.
6.Білім алушыдан мүмкін еместі талап етуге болмайды.
7.Бағдарламада қаралған деңгейге әр білім алушы қандай жолмен, қандай кідірістермен және қиыншылықтармен келетінін дұрыс анықтап алу керек.
8.Әрбір білім алушының ақыл-ой еңбегінде бағдарламаны қалай нақтылы жүзеге асыру керек.
9.Әрбір білім алушының күші мен мүмкіндігін ашып, оны ақыл-ой еңбегінде қуанышқа кенелту.
10.Қиын білім алушыларға шамасына қарай ақыл-ой жұмыстарын беру.
11.Әрбір білім алушының оқудағы және ақыл-ой еңбегіндегі дара сүрлеуін анықтау керек. Осы сүрлеуді және жақсылық жалынының қызуын сақтау.
Шарттары: жаңа және дәстүрлі емес оқыту нысандарын қолдану; ділгірлік оқыту; компьютерлік технологияны қолдану; интерактивті компьютерлік құралдарды қолдану; өзара оқыту (жұптық, топтық); білім, іскерліктерді тест сынағы арқылы тексеру; сыныпта жағымды микроклимат жасау; Педагогтің өз пөніне, білім алушыларға оң көзқарасы; білім алушылардың оқудағы жетістіктерін көрсету; білімнің оны ашқан адамдардық тағдырымен байланысы; оқыту нысандарын және әдістерін тұрлендіру.
Гуманизациялау (ізгілендіру) принципі - білім алушыға деген ерекше сүйіспеншілікті, құрметті талап етеді. Білім алушыға сенім артып, оның жеке басының қасиеттерін ескеріп, оқу-таным әрекетінің жемісті болуына ңолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасау керек.
Оқу үрдісінде, сабақтарда білім алушыларды қорқытпай, қысымшылық-жасамай, керісінше, олармен жылы қарым-қатынас жасау міндет. Бұл принцип гуманитарлық бағдарды жүзеге асыруды керек етеді. Мектептерде білім мазмұнын жалпы адамзаттық және ұлттың рухани игіліктерге қарай бағыттау, қазақ халқының тарихын, мәдениетін, тілін, дәстүрін, көркемөнерін, қолөнерін, т.б. терең оқып-білу міндетін іске асыру керек.
Шарттары: оқытуда жеке тұлғаның ар-намысына тиетін жазалау әдісін қолданбау; білім алушының өз міндетін орындауға деген ықыласын мақұлдау; үлгерімі нашар, жауапкершілігі төмен білім алушыларды әдепті, бірақ қатаң түрде айыптау, оларға қателіктерін шыдамдылықпен түсіндіру; білім алушының өзі туралы жақсы бағасын өзіне сенімін, сый-құрметін қалыптастыру; қол жеткен жетістіктерді бекітіп, тұрақты түрде талап қою; жеке тұлғаның іс-әрекетін дұрыс бағыттап, теріс қылықтардың көрінуіне жол бермеу; білім алушыны түсіну, жақсы көру, бірақ талапта қою; білім алушының табысына шынайы түрде қуану; білім алушының көңіл-күйін ескеру; білім алушының дене кемістігін сөз етпеу; білім алушының өздігін баспау; білім алушыларды басқа білім алушылармен салыстырмау; білім алушының ар-намысына тиетін сөз айтпау.
Мәселелік принцип – оқу үрдісінің мазмұны, әдістері, ұйымдастыру нысандары мәселелі сипатта болуын талап етеді. Мәселелі оқыту білімді дайын түрде бермей, білім алушылардан ізденуін, дербестігін, шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталады. Мәселелік принцип – білім алушылардың ойлау процесінің психологиясына негізделеді. Өйткені ойлаудық басталуы мәселенің болуына байланысты, басқаша айтқанда, ойлау-мәселелік сұрақ немесе міндеттен басталады.
Интеграциялау (кіріктіру) принципі – жалпы білім мазмұнын анықтауда, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жазып шығаруда ескеретін маңызды принцип. Интеграция - әр түрлі пәндердегі негізгі принциптер мен заңдылықтарды өзара тығыз диалектикалық бірлікте қарастыруды көздейді.
Қорытындылай келе, айтарымыз: принциптер əрқашан белгілі жүйеде, бір уақытта, тығыз байланысқан күйде іс-əрекетте кешенді, параллель жүзеге асып отырады. Оларды кезекпен немесе бірінің орындалуымен екіншісіне тізбекті өте, пайдалану мүмкін емес.
Әлем елдеріндегі білім берудің даму мәселелеріне арналған көптеген зерттеулердің нәтижелері әлемдегі жоғары білім берудің даму заңдылықтарын бөлуге мүмкіндік береді.
Бірінші заңдылығы – жоғары білімнің жалпылығының күшеюі. Жиырмасыншы ғасырдың соңғы қырық жылында бүкіл әлемде студенттердің санының едәуір өсуі байқалды:
Екінші заңдылығы – жоғары білім берудің жһандануы. «Жоғары білім берудің жаһандануы» термині қазіргі педагогиканың жаһандану мәселелерімен байланысты ұғымдық-терминологиялық аппаратында пайда болды, ол ХХ ғасырдың үшінші жартысында әлемдік әлеуметтік мәдени мәселесінде алғашқы орынға шығып, адамзат құндылықтарының шкалаларын қайта құруға бастау болды.
Үшінші заңдылық – білім берудің ашықтығы мен вариативтілігінің күшеюі. Қазметтердің барлық салаларындағы жүріп жатқан жаһандану үрдістері, телекоммуникацияның мықты құралдарының дамуы жоғары білім берудің әр түрлі форматтағы ресурстарға: қашықтан оқыту, экстернат, кешкі білім беру және т.б. қол жеткізуге жағдай жасады.
Төртінші заңдылық – жоғары білім берудің диверсификациясы. Жоғары мектептің дамуы қазіргі даму кезеңі үшін білім берудің модельдерінің көптүрлілігінің артуы тән. Бұл әлемдегі жоғары білім беру жүйесі қызметінің түрлі аспектілеріне қатысты. Бұл жоғары мектептің мекемелерінің түрлерінің алуан түрлілігі (нормативтік-құқықтық мәртебе, меншік формалары және т.б.) және студенттердің «білім беру маршруттарының» диверсификациясы (күндізгі, сырттай, кешкі, қашықтан; экстернат, «виртуалды колледждер»; элективті курстар және т.б.).
Бесінші заңдылық – жоғары білімнің коммерциализациясы. Бұл тенденцияның тағы бір атауы – жоғары білім берудің сервизациясы. Коммерциялық емес ұйымдардың қаржылық қорлары қызмет көрсетудің түріне және сипатына – ақылы және ақысыз байланысты түрлі көздермен реттеледі. Бұл көздерге әр түрлі деңгейдегі бюджет қаржылары, орындалған жұмысқа және қызмет көрсетуге төлем, мүлікті жалға бергеннен түсетін қаржы, қосымша төлемдер және т.б. жатуы мүмкін.
Алтыншы заңдылық – жоғары білім беру гуманизациясы және оның гуманитаризациясы құраушы бөлік ретінде. Оның жүзеге асуы үшін міндетті түрде жоғары мектеп оқытушысын даярлау қажет. Жетінші заңдылық – оқу үрдісінің интенсификациясы. Олардың ішінде: кейс-стади технологиясы, жобалар әдісі, нақты іскерліктен мен дағдыларды игеруге арналған тренингтер және т.б.
Сегізінші заңдылық – жоғары білім берудің бейімделгіштігін арттыру. Сонымен бірге жоғары білім берудің көпсатылығы, студенттерге бейім білім беру траекториясын қалыптастыру үшін оқу курстарының модульдік топтастырылуы (яғни білім беру мазмұнының бейімділігі), оқытудың ұйымдастыру формаларының, тіпті сабақ кестесінің (сабақты демалыс күндері және кеште оқуға таңдау немесе педагогпен электрондық пошта арқылы хабар алысу) бейімделгіштігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет