Лекция жоспары: 1. «Дидактика» бөлімін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері.
2. Дамыта оқыту теориялары.
Лекция мақсаты :Дидактика оқытудың жалпы теориясын меңгерту, студенттерге оқыту процесінің мәні туралы жан-жақты мәлімет беру, студенттерге адамды оқыту мен тәрбиелеудің ғылыми негіздерін меңгерту.
Лекция мазмұны:Республикамыз қазіргі даму кезеңінде педагогикалық үрдісті жүзеге асыруға теориялық және практикалық дайындығы бар, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде оқытудың жаңа әдістері мен технологияларын меңгерген, өз бетімен білім алып, түрлі жағдайлардан шешім тауып шыға алатын педагог-психологтарды қажет етуде.
Жоғары оқу орнының педагогикалық процесi - дидактикалық зерттеулердiң маңызды объектiсi болып табылады. Дидактика оқытудың жалпы теориясы ретiнде жекелеген педагогикалық оқу пәндерi «iшiнде» қалыптасатын, бiлiмнiң мазмұны мен ойлау әдiстерiндегi сол жалпылықты анықтауға және қалыптастыруға мiндеттi.
Дидактика – педагогика курсының маңызды бөлімі. Дидактика – оқу процессінің ғылыми негізі болып табылады. Ол кез-келген оқу-тәрбие орнында негізгі орынға ие. Дидактиканың мәні – адамға білім берудің және тәрбиелеудің құралы ретінде оқыту болады, яғни оқушылардың білім мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ететін педагог ұйымдастырған сабақ берумен оқудың бірлігінің өзара байланысы.
Курс мақсаты – студенттерге адамды оқыту мен тәрбиелеудің ғылыми негіздерін меңгерту.
Курс міндеттері: студенттерге педагогика ғылымының негізгі ұғымдарын, адам дамуының негізгі факторларын, жеке тұлғаның қалыптасуы ерекшеліктерін меңгерту.
Курс мазмұны: курс дәріс, практикалық сабақтар, студенттердің өзіндік және оқытушымен өткізілетін өзіндік жұмыстары арқылы жүргізіледі. Студенттер кәсіби білім, біліктіліктер және дағды, іскерліктерді меңгереді.
Дидактика (гр.didaktikos – үйрету, оқытуға қатысты) оқытудың және білім берудің теориясы, педагогиканың саласы. Дидактиканың мәні – адамға білім берудің және тәрбиелеудің құралы ретінде оқыту болады, яғни оқушылардың білім мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ететін мұғалім ұйымдастырған сабақ берумен оқудың бірлігінің өзара байланысы.
Дидактика құрылымының негізгі өткен ғасырдың 50-жылдары қаланып, М.А. Данилов және Б.П. Есиповтардың «Дидактика» еңбегімен байланыстырылады
Бірнеше сұрақтардың практикалық мәні зор екенін айтпай кетуге болмайды. Мысалы: оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін арттыру, оқытуды жекелендіру және дифференциалдау, дарынды балалармен жұмыс және т.б. Бұларды жеке мазмұнды сұрақ ретінде қарамай, жоғарыда көрсетілген негізгі тақырыптардың құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға болады.
«Оқытудың негізгі дидактикалық концепциялары» тақырыбындағы семинар сабағын семинар-панорама түрінде өткізген абзал. Семинар-панораманы өткізудің бір нұсқасын қарастырайық.
Семинардың2. Лекцияның 2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері мен міндеттері:
1) дидактикалық концепциялармен таныстыру: мәні, негізгі ережелері,2. Лекцияның 2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері мен міндеттері, міндеттері, мазмұны, жүзеге асыру механизмі мен тиімділік критерийлері;
2) студенттердің гностикалық, аналитикалық, коммуникативтік, рефлексивтік іскерлік пен дағдыларын дамыту;
3) дидактиканы меңгеруге студенттердің танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру.
Пайдаланатын құралдар-жабдықтар: мультимедиялық презентациялар, кітаптар көрмесі, белсенді үлестірмелі материалдар: «Тиімділік критерийлері» парағы; рефлексия: рефлексия жаднамасы, «бет әлпеттер».
Семинардың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Семинарға кіріспе. Студенттерді тақырыппен, сұрақтармен таныстыру, бірлесіп мақсатты құру. Студенттерге нұсқау беру: оларды сабақтың құрылымы мен өту барысы туралы мәліметтермен таныстыру, регламентін айту, студенттердің баяндамаларының «бағасы» (баллдық жүйе арқылы) бойынша түсініктеме беру, «Тиімділік критерийлері» парағын толтыру арқылы жеке жұмысты орындау тәртібін баяндау, сабақ соңындағы рефлексия өткізу мен сабақтың жалпы бағасын «бет әлпеттер» бойынша бағалауға нұсқаулар беру.
Негізгі бөлім. Студенттердің «Оқытудың дидактикалық концепциялары» деген тақырыптағы хабарламаларын тыңдау және оны талқылау.
3.1 Жүйе, педагогикалық жүйе, дидактикалық жүйе, концепция, оқытудың дидактикалық концепциясы деген ұғымдар тізбегімен жұмыс.
3.2 Оқытудың дидактикалық концепциясының жіктелуін жасау.
3.3 Оқытудың дидактикалық концепциясының ассоциативті-рефлекторлық (дәстүрлі) негізгі ережелерінің сипаттамасын беру.
3.4 Оқытудың педоцентристік дидактикалық концепцияларының негізгі ережелерінің сипаттамасына тоқталу.
3.5 Іс-әрекеттің дидактикалық концепцияларының сипаттамасын беру, олар: дамытушылық концепция (Л.В. Занков, В.В. Давыдов); меңгерудің дидактикалық бірліктерін ірілендіру (П.М. Эрдниев, Б.П. Эрдниев); көрнекілік принципі негізінде оқытуды интенсивтендіру (В.Ф. Шаталов); топтық және ұжымдық оқыту (В.К. Дьяченко, Н.П. Гузик ж.б.); оқытуды жекелендіру және дифференциалдау (И. Унт); проблемалық оқыту (А.М. Матюшкин, М.И. Махмутов және т.б.); ақыл-ой іс-әрекетін кезең-кезеңмен қалыптастыру (П.Я. Гальперин, Н.Ф. Талызина және т.б.); бағдарламалық оқыту (Б.Ф. Скиннер және т.б.); модульдік оқыту (П. Юцявичене, К.Я. Вязина, М.А. Чошанов және т.б.); компьютерлік оқыту.
3.6 Шетелдік дидактикалық концепциялар (бихевиористік және прагматикалық) сипаттамасына тоқталу.
IV Өзіндік жұмыс. Студенттердің белсенді үлестірмелі материалдармен жұмысын ұйымдастыру. «Тиімділік критерийлері» парағын толтыру (үлгісі төменде келтірілген):
V Қорытынды кезеңі. Сабақ соңында «Оқытудың дидактикалық концепцияларының панорамасы» слайд-тірегін қолдана отырып, бірлескен қорытынды шығару.
СӨЖ үшін студенттерге мынандай тапсырмалар беруге болады:
«Ұғымдар тізбегі» презентациясын жасау (1-3 слайд). Сұраққа жауап беріңіз: «Мына ұғымдардың қайсысының мағынасы кең: «дидактикалық жүйе» немесе «педагогикалық жүйе»?» Өз жауабыңызды нақтылаңыз.
«Оқытудың дидактикалық концепцияларының хронологиялық кестесі» атты презентациясын құрыңыз. Сұраққа жауап беріңіз: «Педагогиканың жекелеген оқулықтарында тұлғалық-бағыттаушы концепция көрсетілген жіктелу бар. Бұл концепцияның жеке өзі әрекет етуге құқы бар ма, болмаса, оны іс-әрекет концепциясы аясында қараған дұрыс па?» Өз жауабыңызды нақтылаңыз.
«Оқытудың ассоциативті-рефлекторлық (дәстүрлі, түсіндірмелі-иллюстративті) дидактикалық концепциясы (концепция авторлары, фотосуреттер, пайда болу мерзімі, жүзеге асу механизмі, тиімділік критерийлері)» тақырыбында презентация дайындаңыз. Сұраққа жауап беріңіз: «Ассоциативті-рефлекторлық» концепциядан бас тартқан дұрыс па?». Жауабыңызды нақтылаңыз.
«Оқытудың педоцентристік концепциясы (концепция авторлары, фотосуреттер, пайда болу мерзімі, жүзеге асу механизмі, тиімділік критерийлері) атты презентация әзірлеңіз. Сұраққа жауап беріңіз: «Оқытудың педоцентристік дидактикалық концепциясы ескірген бе?» Жауабыңызды нақтылаңыз.
«Дидактикалық концепцияның іс-әрекеттік сипаттамасы» (концепция авторлары, фотосуреттер, пайда болу мерзімі, жүзеге асу механизмі, тиімділік критерийлері) тақырыбына презентация дайындаңыз. Мынандай сұраққа жауап беріңіз: «В.Ф. Шаталовтың дидактикалық концепциясындағы оқушы рөлі қандай?», «Егер сабақтың 45 минутқа ғана созылатынын біле тұра, «таза» күйінде оқытуды жекелендіру идеясын толығымен жүзеге асыру мүмкін бе?», «Оқу пәнінің барлық тақырыптарын проблемалық оқытуды қолдана отырып меңгертуге бола ма?», «Қандай жағдайларда проблемалық оқытуды қолданған мақсатқа сай келеді?», «Компьютерлік оқытудың кері, жағымсыз жақтары бар ма?». Өз жауабыңызды нақтылаңыз.
«Шетелдік дидактикалық концепциялар: бихевиористік және прагматикалық (концепция авторлары, фотосуреттер, пайда болу мерзімі, жүзеге асу механизмі, тиімділік критерийлері) тақырыбына стендтік баяндама немесе презентация әзірлеңіз. Сұраққа жауап беріңіз: «Қазіргі мектептер жағдайында бихевиористік және прагматикалық концепцияларды есепке алмауға, назарға ілмеуге бола ма?». Өз жауабыңызды нақтылаңыз.
Студенттердің оқыту тұтас жүйе екендігін түсінулері тақырып мазмұнын баяндау сипатына, сабақта оқытушының қалыпты жағдай туғызуына және студенттердің оқу іс-әрекетін ұйымдастыруына байланысты.