Лекция №1 Тақырыбы: Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде. Лекция жоспары


кезең – курстық жұмысты безендіру



бет67/72
Дата11.12.2023
өлшемі345,24 Kb.
#137472
түріЛекция
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
3 кезең – курстық жұмысты безендіру
3.1. Курстық жұмысты жазуды аяқтау:

  • дайындалған мәтіндерді тарауларға біріктіру, орналастыру;

  • нәтижелерді, қорытынды жазу;

  • қорытынды құрастыру;

  • кіріспе жазу.

3.2. Әдебиеттер тізімін жазу.
3.3. Иллюстрациялар тізімін жасау.
3.4. Қосымшаларды орналастыру.
3.5. Мазмұнын құру.
3.6. Титулдық бетін безендіру.
Курстық жұмысты қорғау. Курстық жұмыс кафедра отырыстарында, базалық оқу орындарында (білім алушы оқу орыны), кіші курстағы студенттер алдында қорғалуы мүмкін. Қорғауда студент 7-10 минутқа созылатын қысқаша баяндама жасайды, онда курстық жұмыстың тақырыбын таңдау мотиві, оның өзектілігі, зерттеудің объектісі мен пәні, зерттеудің мақсат-міндеттері, курстық жұмыстың ақпарат көздері айтылып, практикалық бөлімге, зерттеу әдістеріне және алынған нәтижелерге кеңірек тоқталып, көрнекіліктерді демонстрациялайды.
Курстық жұмыстың құрылымы
Титулдық бет.
Мазмұны.
Кіріспе. Тақырыптың өзектілігі, әдебиеттерге, зерттеу әдістеріне, тәжірибе өткізілген базаға сипаттама, тараулардың мазмұны бойынша қысқаша түйіндеме, зерттеудің жаңалығын баяндау.
I тарау. Тақырыптың теориялық негізделуі.
1.1. Зерттелетін проблеманы ғылыми негіздеу және оның тарихы.
1.2. Проблеманың қазіргі жай-күйі, зерттелген әдебиеттер және оқу орыны практикасы негізінде оның өзектілігі көрсету.
1.3.Практика қажеттіліктеріне сүйене отырып, зерттелетін проблеманың мазмұнын, формаларын және әдістерін өзектілеу.
II тарау. Зерттелетін проблема бойынша жұмыс жүйесін апробациялау (сынақтан өткізу), яғни гипотезаны тексеру және ұсыныстар беру.
2.1. Тәжірибе жұмысын даярлауды баяндау.
2.2. Тәжірибе жұмысын өткізуді баяндау.
2.3. Тәжірибе жұмысының нәтижелерін талдауды баяндау.
2.4. Қолданылған әдіс-тәсілдерді (оқыту және тәрбиелеу құралдарын) пайдалану бойынша қорытындылар мен ұсыныстар.
Қорытынды

  • тараулар бойынша қорытындылар саны;

  • жалпы жұмыс бойынша өзіндік баяндама;

  • зерттеудің теориялық және практикалық мәніне, ғылыми жаңалығына кең түрде сипаттама.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет