Лекция №1 Тақырыбы: Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде. Лекция жоспары



бет30/72
Дата11.12.2023
өлшемі345,24 Kb.
#137472
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72
Байланысты:
педагогика оқыту әдіс лекциялар

Конспект жазуға қандай құралдар көмектеседі? Бұл дәріс материалын акцентпен айқындай отырып баяндау, яғни ең маңызды, мәнді ақпаратты дауыс жылдамдығымен, дауыспен, интонациямен, қайталаумен ерекшелеу, үзілістерді пайдалану, тақтаға жазу, иллюстрациялық материалды көрсету, сабақтың тәртібін қатаң сақтау.
Студенттерге конспект жазу әдістемесін, жазбаларды дұрыс графикалық орналастыруға және рәсімдеуге үйреткен пайдалы: азат жолдарды белгілеу, негізгі ойлардың, тірек сөздердің астын сызу, қорытындыларды қоршауға алу, түрлі түсті қалам мен маркерлерді пайдалану.
Дәріс білім алушының өнері студенттердің дәріс барысында жұмысын дұрыс ұйымдастыруға көмек береді. Дәрістің мазмұны, құрылымының нақтылығы, зейінді шоғырландыру тәсілдерін қолдану – бұның бәрі ақыл-ойды және жұмыс жасау қабілетін белсендендіреді, педагогикалық байланыс орнатуға жол ашады, студенттердің эмоционалдық жауабын күтеді, еңбексүйгіштік дағдыларын тәрбиелейді, пәнге деген қызығушылықты қалыптастырады.
Дәріс сапасын бағалау.
Сапаны бағалаудағы негізгі өлшемдері: мазмұны, әдістемесі, студенттердің жұмысына жетекшілік ету, дәріс білім алушыға тән сапалар, дәрістің нәтижелілігі. Олардың әрқайсысына тоқталсақ.
Дәрістің мазмұны: ғылымилық, ғылымның қазіргі даму деңгейіне сәйкестігі, дүниетанымдық жағы, әдістемелік сұрақтардың болуы, оларды дұрыс түсіндіру. Ақыл-ойды проблемді сұрақтарды қою арқылы белсендендіру және оларды дәріс барысында шешу. Сұрақтың тарихына шолу, түрлі тұжырымдамаларды көрсету, оның практикамен байланысы.
Дәріс және оқулық: оқулықта жоқ материал баяндалды ма? оқулықтың мазмұны қайта айтылды ма? ерекше күрделі сұрақтар түсіндіріле ме? өз бетімен жұмыстану үшін оқулық бойынша тапсырма беріле ме?. Өткен және алдыңғы материалмен байланысы, пәнаралық, пәнішілік байланыс.
Дәрісті оқу әдістемесі:дәрістің қатаң құрылымы және баяндау қисыны. Жоспардың болуы-болмауы, оны сақтау. Дәріске байланысты әдебиеттер тізімін беру (қашан беріледі, әдебиеттің градациясы). Жаңа терминдер мен ұғымдардың қол жетерлік деңгейі және түсіндірілуі. Дәлелділік және дәйектілік. Басты ойларды көрсету және қорытындылар жасау.
Бекіту тәсілдерін қолдануы: қайталау, зейінді, меңгеру деңгейін тексеру сұрақтары; сұрақ соңында, дәріс соңында қорытындылар жасау. Көрнекі құралдарды, ОТҚ пайдалану. Дәріс білім алушының тірек материалдарын қолдануы: мәтін, конспект, бөлек жазбалар, тірек материалынсыз оқу.
Білім алушылардың жұмысына жетекшілік жасау:конспект жазуды талап ету және оның орындалуын бақылауы. Білім алушыларға жазу әдістемесін үйретуі және көмек беруі: жылдамдық, жай жылдамдық, қайталау, үзіліс жасауы, графиктерді сызу.
Конспектілерді тексеру жолдары: дәріс барысында, дәрістен соң, семинар және практикалық сабақтарда жүзеге асады.
Зейінді шоғырландыру тәсілдерін қолдануы: риторикалық сұрақтар, әзіл, шешен сөйлеу тәсілдері. Сұрақ қоюға рұқсат беруі (қашан және қандай формада).
Дәріс білім алушыға тән сапалар:пәндік білімі, эмоционалдығы, дауыс ырғағы, дикциясы, шешен сөйлеу шеберлігі, сөйлеу мәдениеті, сыртық түрі, байланыс орнату іскерлігі.
Дәрістің нәтижелілігі: ақпараттық құндылығы, тәрбиелік жағы, дидактикалық мақсаттарға жетуі.
Колледж және ЖОО-да дәріс формасының дамуы
Отандық білім беру жүйесінің дамуы, оның ізгіліктік сипаты, жеке адамға, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталуы дәрістің жаңа түрлерінің пайда болуына түрткі болды. Олар: проблемалық дәріс, бірге оқылатын дәріс, дәріс-визуализация, дәріс-пресс-конференция.
Ақпараттық дәрісте дайын ақпаратхабарланса, проблемалық дәрістежаңа білім белгісіз нәрсе ретінде ұсынылып, оны «шешу» қажеттілігі туындайды. Оқытушының міндеті – проблемалық ситуацияны тудыра отырып, білім алушыларды сол проблеманы біртіндеп шешуге итермелеу. Бұл үшін жаңа теориялық материал проблемалық міндет түрінде ұсынылады. Оның шартында қарама-қайшылықтар болады, оларды тауып, шешу қажет. Оның шешілуі нәтижесінде оқытушымен біріге отырып, жаңа қажетті білім табады. Осылайша, студенттердің таным үрдісі бұл жағдайда іздену, зерттеу әрекетіне жақындатылады. Басты шартдәріс материалын, оның мазмұнын таңдау және өңдеу барысында проблемалық ұстанымын сақтау. Оны ашуда қарым-қатынастың диалогтық формасы қолданылады.Проблемалық дәріс арқылы теориялық ойдың дамуы, пәннің мазмұнына танымдық қызығушылық, кәсіптік мотивация, корпоративность дамытылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет