Лекция №1 Тақырыбы: Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде. Лекция жоспары



бет33/72
Дата11.12.2023
өлшемі345,24 Kb.
#137472
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   72
Байланысты:
педагогика оқыту әдіс лекциялар

Семинар сабағын бағалау өлшемдері:
1. Мақсатқа бағытталуы: проблема қою, болашақ кәсіби қызметтің материалын пайдалана отырып, теорияны практикамен байланыстыру.
2. Жоспарлау: кәсіби пәндермен байланысты негізгі сұрақтарды белгілеу, әдебиет тізімінде жаңа оқулықтардың болуы.
3. Семинарды ұйымдастыру: пікірталасты тудыру және оны өрбіту іскерлігі, барлық жауаптар мен баяндамаларды талдау, оқу уақытының пікірталаспен толықтырылуы, оқытушының өз іс-әрекеті.
4. Семинарды өткізу стилі: қызу пікірталас тудыратын ұтымды сұрақтар қою, ойды да, қызығушылықты да оятпайтын пікірталас.
5. «Білім алушы-оқытушы» қарым-қатынастары:құрметпен қарайды, талап қоятындай, бейтарап.
6. Топты басқару: Білім алушылармен байланысты тез орнатуы, топта өзін сенімді ұстауы, білім алушылармен әділ және орынды әрекеттесуі, керісінше, өктем дауыс, жұмыста көшбасшыларға сүйенуі, басқа студенттерді енжар қалдыруы.
7. Оқытушының ескерту жасауы: білікті, жалпы немесе ескертулер жасамайды.
8. Білім алушылардың семинарда жазып алуы: күнделікті, сирек, жазбайды.


Лекция №6


Тақырыбы: Педагогиканы оқыту әдістері


Лекция жоспары:
1. Оқыту әдістері – білім мен тәжірибені меңгеруге бағытталған оқытушы мен білім алушылардың өзара байланысты іс-әрекеттер жүйесі.
2. Оқыту әдістерінің жіктелуі


Лекция мақсаты: Педагогиканы оқыту әдістерін жіктеп талдау білімді меңгерту, білімгерлердің білімін жетілдіру, қызығушылығын арттыру.
Лекция мазмұны:
Әдістердің, онымен бірге оқыту формаларының дамуы білім берудің әртүрлі элементтерін үйрену тәсілдеріне байланысты таным қызметінің сипатының өзгерісінен, оқытудың формалары мен құралдарының жаңаруынан туындайды.
Оқыту – білім, білік, әрекет дағдыларын үйрету мен меңгерту үрдісі, өмір мен еңбекке бейімді етіп дайындаудың негізгі құралы. Әдіс дегеніміз – алға қойылған мақсатқа жетудің жолы, амалы, тәсілі, айласы. Оқыту әдістері – оқытушы мен білім алушылардың өзара бірікке іс-әрекетінің тәсілдері. Бұл іс-әрекет оқытудың міндеттерін шешуге бағытталады.
Оқыту тәсілі, амалы – жалпы әдістің бөлігі, жеке дара әрекет (әсер) ету. Тәсілдер, әдетте, әдістерді белгілі бір жағдайларда нақты пайдалануды қамтамасыз етеді. Мысалы, жазалау тәсілдері - ескерту, айыптау, сөгіс; сендіру; нандыру тәсілдері - иландыру, түсіндіру, баяндамалар; мадақтау тәсілдері - мақұлдау, мақтау, сыйлық беру т.б.
Әдістердің жіктелуі – бұл анықталған белгілерге қарай құрылған әдістер жүйесі. Жіктелуге сүйене отырып, педагог тек әдістер жүйесін анық көріп, танып қоймай, ол әр түрлі әдістерінің өзіне тән белгілерін, орнын жақсы түсінеді. Кез келген әдістің жіктелуі олардың жалпы негіздері мен белгілерін анықтаудан басталады. Қазіргі педагогикада ондаған жіктеме белгілі, себебі әдістер жүйесінде жіктелудің логикалық негізі анық емес. Қазіргі кезде жіктелудің негізіне кіріктіруге бағытталу сипатты алынуда. Ол өзіне оқыту әдісінің мақсаттық, мазмұндық және үрдіссуалдық жақтарын бірлікте қарастырады.
Практикада үнемі тұратын міндет – әдістің біреуін ғана қолданбай, тиімдісін, нәтижелі болатынын таңдау. Тиімді деп – қойылған мақсатқа көп күш-қуат жұмсамай жететін неғұрлым пайдалы жолды айтамыз.
Оқыту әдісін таңдауды анықтайтын жалпы жағдайларға мыналар жатады: оқытудың мақсаттары және міндеттері, мазмұны; білім алушылардың жастық ерекшеліктері; ұжымның қалыптасқан деңгейі; білім алушылардың жекелік және тұлғалық ерекшеліктері; оқытудың жағдайы; маманнның педагогикалық шеберлігінің деңгейі; оқыту уақыты; күтілетін нәтижелер, қорытындылар.
Жаңа әдістер мен формаларды ендіру колледждер мен жоғары оқу орындарының үнемі қажеттілігі болып отыр. Соңғы оншақты жылда педагогика, психология мен әлеуметтанумен интеграциялана бастады. Жаңа оқу өзара әрекетінің мазмұнын бейнелейтін анықтама іздеу үрдісінде интерактивті оқыту термині пайда болды, ол шын мәнінде педагогикалық өзара әрекеттің мәнін, мазмұнын және құрылымын жақсартуға қабілетті. Мұндай технология педагогты даярлау үрдісінде белгілі бір қайта құруларды талап етеді. Ол студенттермен қарым-қатынаста жаңа өзара іс-әрекет түрін қалыптастырумен байланысты, сабақтың өзіндегі бағалау жүйесінің өзгерісіне, оқытушы, әкімшілік, студенттер тарапынан интерактивті сабақты бағалауына да әсер етеді.
Соңғы кезде белсенді оқу әдістері (интерактивті) кең тарауда, оған әлеуметтік-психологиялық тренингтер, топтық талқылау және әртүрлі ойындардың (рөлдік, иммитациялық, т.б.) түрлері жатады. Бұл әдістің ерекшелігі оқытудың белсенді түрі, топтық сипат және кері байланыстың үздіксіздігі.
Оқытудың белсендігі бірқатар процедуралармен қамтамасыз етіледі: оқыту үрдісіне проблемалық жағдайдың қосылуы, зерттеушілік элементтері, нақты үрдістердің әртүрлі моделдерін қолдану. Белсенді оқытудың көптеген әдістері, әсіресе әлеуметтік-психологиялық тренингте міндетті принципі кері байланыс саналады, бұл сабаққа қатысушыға өзін сырттан қаруға мүмкіндік береді, өз мінез-құлқын біршама адекваттыға өзгертуге және өзін жаңа ұстанымда сынауға мүмкіндік береді. Белсенді әдістерде топтық өзара әрекет әсері кең қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет