Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Шетел тілі: екі шетел тілі» БББ Педагогика кафедрасы
2022/2023 оқу жылындағы 6В01703 – «Шетел тілі: екі шет тілі» БББ 2 курс студенттері оқу «Педагогикалық (Тәрбие жұмысының практикасы)» іс-тәжірибесінің 01.09.2022-10.12.2022 жж. аралығында өткізген ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША ЕСЕБІ Орындаған: Василова Дияра , «Шетел тілі: екі шетел тілі» БББ 211 топ студенті
Жетекшісі: Акпарова Ж.М., п.ғ.к., доцент
Бағасы:
______________________
Жетекші қолы:____________
«_____»_________ 2022ж.
Алматы, 2022 Тапсыратын құжаттар тізімі: - Мұқаба беті
- Топ тізімі
- «Тәрбие жұмысы» іс-тәжірибесі бойынша жетекші мен практикант жоспары
- «Мектептегі тәрбие жұмысы» атты баяндама
- Мектептің тәрбие жұмысы жоспары
- Сынып жетекшісінің нормативтік құжаттары тізімі
- Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспары
- Тәрбиелік-тақырыптық, мектепішілік, мерекелік «Ұстаз жолы-дара жол!» - атты іс-шараға дайындыққа және өткізуге белсенді қатысу жайлы ақпарат
- Мектептің тәрбие жұмысы жоспары
- Сыныптың тәрбие жұмысы жоспары
- Тақырыптық 1 сынып сағатының сценарийі
- Топпен дайындап 1 сынып сағатын сабақта онлайн немесе оффлайн өткізу жайында ақпарат (Іс-шараның тақырыбы, фотосуреттер )
- Мектептен тыс тәрбиелік жұмыстары бойынша театрға бару, «Мұғалім» спектакльін көру жайындағы ақпарат, суреттер.
- Сыныпқа мінездеме
- Оқушыға мінездеме
- Іс тәжірибе бойынша есеп
«Тәрбие жұмысы» іс-тәжірибесі бойынша жетекші мен практикант жоспары 01-02.09.22ж.- 10.12.22ж. аралығына
Мерзімі
Жұмыс мазмұны
Практикантқа тапсырма
1-ші жеті
01-02.09.22ж.
Жетекшімен кездесу.
Бекіту конференциясы.
Жұмыс жоспарын және кездесу (онлайн) кестесін беру.
Бекіту конференциясына қатысу, жетекшімен танысу, жұмыс жоспарын және кездесу (онлайн) кестесін алу.
2-ші жеті
05-09.09.22ж.
Практиканттарды іс-тәжірибе бағдарламасымен және жұмыс жоспарымен таныстыру.
Тақырып 1. «Тәрбие және оның ерекшеліктері» тақырыбын қарастыру, түсіндіру.
«Мектептегі тәрбие жұмысы» атты баяндама жазу, қорғау.
3-ші жеті
12-16.09.22ж.
Тақырып 2. «Мектептің тәрбие жұмысы және оның жоспары» тақырыбын қарастыру, түсіндіру.
Мектептің тәрбие жұмысы жоспарын жасау, қорғау.
4 -ші жеті
19-23.09.22ж.
«Сынып жетекшісі және оның міндеттері» тақырыбын қарастыру, түсіндіру.
Іс тәжірибе бойынша құжаттарды қабылдау, тексеру, бағалау.
Іс тәжірибе бойынша қортынды конференциясын өткізу (онлайн)
Іс тәжірибе бойынша құжаттарды жинау, жетекшіге тапсыру. Іс тәжірибенің қортынды конференциясына қатысу (онлайн)
Мектептегі тәрбие жұмысы Тәрбиелік жүйе – ол біртұтас әлеуметтік ағза, оның қызмет істеу шарты: негізгі компоненттері бір-бірімен тығыз байланыста (мақсат, мазмұн, іс-әрекет тәсілі) болады. Мектеп ұжымының басты міндеті – тәрбие жұмысының жүйесін қалыптастыру.
Ата-ана ұстаздар алдына қойылатын негізгі оқу-тәрбие мақсаты – жас жеткіншектерді жан-жақты етіп тәрбиелеу. Жан-жақты тәрбиелеу дегеніміз – баланың ақыл-ойына, эстетикалық талғамына, дене бітіміне, сонымен қатар айналадағы өмірге деген көзқарасына ықпал ету. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» дейді Әбу Насыр әл-Фараби өз қағидасында.
Мектептегі тәрбие жұмысында өткізілетін түрлі кештер, КТК (КВН), зияткерлік ойындар, тренингтер, пікірсайыстар, дөңгелек үстелдер мұғалімдердің жоспарынан тыс қалмайды. Әр мұғалім қызықты етіп, оқушы талғамына, жас ерекшеліктеріне қарай жоспарлап өткізеді.
Оқушыларымыз үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсете біледі. Ол біріншіден отбасындағы тәрбие ата-анадан болса, екіншіден ұстамды болуға үйрететін ұстаздарынан десем артық айтпағандығым. Ұстаздарының еңбегін оқуда да, өнерде, спортта да ақтап жүрген оқушыларымыз аз емес. Барлық жоспарлаған шараларды кейде өткізу мүмкін болмай қалатын кездер де болады. Бірақ біз үлкен ізденіспен алға қадам басудамыз. «Өзгені үйрете жүріп, өзіміз де үйренеміз» дегендей оқушылармен бірге ұжымдық шығармашылық бағытта жұмыстар атқарудамыз.
Елбасы мемлекет тағдырымен ұрпақ тағдырын қатар қою арқылы мемлекетіміздің бүгінгі стратегиясы- өз жерін, елін сүйетін, адамгершілік қуаты мол, ата-бабаның әдет ғұрпы мен салт - дәстүрін бойына сіңірген парасатты, өз ойын еркін жеткізе алатын дарынды, білімді, салауатты ғылыми жұмыстарға бейім тұлғаны тәрбиелеу мәселесін алға тартып «Елімізді 2030 жылы барысқа айналдыратын күш мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар» деген болатын.