Пайдаланылған әдебиет тізімі: 1. Мадер В.В. Введение в методологию математики (Гносеологические, методологические и мировоззренческие аспекты математики. Математика и теория познания). - М.: Интерпракс, 1995.
2. Мякишев Г.Я. Динамические и статистические закономерности в физике. – М.:Наука.1973. –272с.
3. Кузнецов И.В. Структура физической теории. //Изб. Труды по методологии физики.—М.: Наука, 1975.–С.28-44.
4. Остапенко С.В. Дополнительность: гносеологические истоки и теоретические системы. //Принцип дополнительности и материалистическая диалектика/ Под. ред. Л.Б.Баженова, У.А. Раджабова, Ю.В.Сачкова.– М.: Наука, 1976.–С.31-44.
5. Тарасов Л.П. Современная физика в средней школе. М.: Просвещение, 1990.–288с.
6. Голик Л.А. Поликультурное образование в современной Украины.- Киев, 2003 г. – 9 с.
7. Мощанский В.Н. Формирование мировоззрения учащихся при изучении физики. –М.: Просвещение, 1989. –192с
Лекция №7 Тақырыбы: Жаратылыстану пәндерін оқытуда оқушыларға экологиялық бiлiм беру қажеттілігі Қазiргi таңда жаратылыстану ғылымдары технологияның теориялық және эксперименттiк негiзгi ретiнде табиғатқа антропогендiк қысым түсiру үдерісінің алдыңғы қатарына шықты. Бiр жағынан, бұл ғылымдар техникалық прогрестiң дамуын қамтамасыз етсе, екiншi жағынан, ғылым жетiстiктерi негiзiнде құрылған техника қоршаған ортаға өзiнiң терiс әсерiн туғыза бастады.
Экологиялық бiлiм ақиқаттық тiршiлiкке қажеттi маңызды жақтарын ашады, бiздiң мәдениетiмiздiң, тұрмыс дәстүрiмiздiң өзгеруiне ықпал етедi. Қазiргi кезде көбiнесе экологиялық жүйелер туралы ғылым ретiнде анықталатын экология, әуелде организмнiң қоршаған ортамен өзара қатынасы туралы ғылым ретiнде пайда болды. Алайда бүгiнгi таңда экология жаратылыстану-ғылыми пәнiнен адам қызметiнiң барлық жақтарымен дерлiк байланысқан кешендi әлеуметтік-жаратылыстану ғылымына айналып отыр.
Қазiргi таңда адамзат қоғамы ауаның, судың, топырақтың ластануының өсе бастауына, жаңармайтын табиғи қорлардың азаюына, адам денсаулығының нашарлауына байланысты әрі қарайдаму жолын таңдаудың алдында тұр. Бұл проблема Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімдік «Стратегия - 2030» даму бағдарламасында басты орын алады. ҚР Президентінің Жолдауына сәйкес денсаулық сақтау және білім беру органдарының алдына «Біздің азаматтарымыз өзінің өмір сүруі кезінде денсаулығының мықты болуы және оларды таза табиғи орта қоршап тұру» бойынша күшті жұмылдыру міндеті қойылған болатын [1].
Педагогикалық ғылымда соңғы кезде экологиялық бiлiм беру бiртұтас бiлiм мазмұны құрылымының элементi ретiнде, оның уақытқа байланысты туындаған жаңа аспектiсi ретiнде қарастырыла бастады.
Қоршаған ортаны жартылыстану-ғылыми түсінуге В.И. Вернадскийдің биосфера-ноосфералық ілімі маңызды теориялық негіз болып табылады. Ол «адам–табиғат» қарым-қатынасына әдіснамалық іргетас құрайды. Экологияның ғылыми негiздерiнiң дамуына В.Н.Вернадский және С.Шварц [2] сияқты ғалымдар елеулi үлес қосты, олардың еңбектерi көп ретте ғылымның осы саладағы қазiргi жағдайын анықтайды.
Жаратылыстану пәндері бойынша оқушыларға экологиялық білім берудің педагогикалық шарттарын қарастырайық:
– оқушыларға экологиялық білім берудегі жаратылыстану пәндерінің мүмкіндігін айқындау және пайдалану;
– жаратылыстану пәндеріне енетін экологиялық мазмұнды анықтау;
– жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде жаңа тәсілдерді қолдану;
– жаратылыстану пәндерін оқытуда оқушыларға экологиялық білім беруді жүзеге асыру.
Биологиялық және физикалық дүниенiң өзара тәуелдiлiгi экожүйе тұжырымдамасының негiзiнде жатыр. Экожүйенiң құрылымы мен функциясында қандай да бiр топтастыққа жататын организмдердiң физикалық ортамен және бiр-бiрiмен өзара әсерлесу әрекеттерiнiң барлық түрi көрiнiс табады. Адамзаттың пайда болуы экологияның физика-техникалық аспектiсiмен байланысты жаңа факторды тудырады.
Эволюция үдерісінде пайда болатын ортаға бейiмделу және жеке-дара даму үдерісінде жүретiн реакция өсiмдiктер мен жануарлардың қоршаған орта параметрлерiнiң өзгер iстерiне, оның iшiнде қысым, температура, ылғалдылық, гравитациялық және электромагниттiк өрiс, жарықталыну, радиоактитвтi фон, шулар мен вибрациялар сияқты физикалық параметрлердiң өзгерiстерiн сезiнулерiне мүмкiндiк бередi.
Экологиялық білім беру педагогикалық тұрғыдан оқушыға мақсатты түрде әсер етуді ескереді, соның нәтижесінде олар қоғам мен табиғаттың өзара ықпал ету проблемасының ғылыми негіздерін игереді, әр түрлі әрекет түрлерінде табиғи және түрленген ортаға ықпалдарды тиімді етуге бағытталған қолданбалы біліммен, құзыреттіліктермен қаруланады.
Экологиялық білім беру міндеттеріне:
– табиғатқа ықпал етуге байланысты практикалық шараларды негіздеуде қолданылатын ғылыми білімді игеру,
– қоғам мен адам үшін табиғаттың құндылығын жан-жақты түсіну, табиғи ортада дұрыс әрекет жасау нормаларын білу,
– табиғатпен жарасымды қатынаста болу қажеттігін дамыту,
– табиғи және түрленген ортаны жақсартуға бағытталған әрекетті тиімді ету жатады.
Ендi жаратылыстану пәндерінің қандай мәселелерi, сабақтарда қарастырылатын бағдарламалық материалмен тығыз байланыста экологиялық бiлiмнiң қандай бағытын аша алатындығын және оны терең де жете түсiнуге мүмкiндiк беретiнiн қарастырайық.
1. Тiршiлiк ету ортасындағы табиғаттың бiртұтастығы мен дамуы идеясы жаратылыстану циклiндегi пәндердiң ғылыми материалында ашылатын iргелi бағыттардың бiрiне жатады. Бұл пәндерді оқыту барысында қоршаған орта ұғымы әрі қарай қарастырылып дамытылады. Оқушыларды қоршаған ортаның физикалық, химиялық, биологиялық факторлары мен олардың параметрлерiмен таныстыру барысында оның ауқымы кеңейедi.
Қоршаған орта параметрлерiнiң (температура, ауа ылғалдылығы, қысым, дыбыс қаттылығы, радиоактивтiк т.б.) қалыпты нормалары туралы бiлiм, сондай-ақ олардың адам әрекетi нәтижесiнде туындайтын ауытқу аралығы да пән мазмұнында көрсетiлуi тиiс, олардың шамадан тыс ауытқуы биосферадағы үдерістердiң ағымына терiс әсер етедi. Осылай, радиоактивтiктiң артуы, қоршаған орта температурасының едәуiр жоғарлауы немесе төмендеуi Жердегi тiршiлiк иелерiнiң жойылуына әкелуi мүмкiн.
Табиғаттың бiрлiгi мен дамуы идеясын, негiзгi биосфералық үдерістердiң өзара байланысын түсiнуде зат-энергия айналымы, «динамикалық тепе-теңдiк», «өзiн-өзi реттеу» ұғымдарын, сондай-ақ «Жылыжай эффектiсi», «Жердiң озондық қалқаны» сияқты ауқымды табиғат құбылыстарын қарастырудың үлкен мәнi бар .
Биосфералық үдерістердің үш бірлікті – физикалық, химиялық, биологиялық сипаты бар болғанымен және ең нәзік те, ғажайып та өзгерістер биологиялық деңгейде жүргенімен, бұл үдерістердің басты себебіне, В.И. Вернадский айтқандай, энергияның ғарыштан (негізінен, Күннен) келуі және оның Жерде әрі қарай тасымалдануы болып табылады. Ол биосфераны ғарыштық сәулену энергиясын әрекеттегі (еркін) «Жер» энергиясына, яғни әр түрлі биосфералық үдерістердің ағымын қолдайтын энергияға тасымалдаумен айналысатын жер қыртысының аймағы ретінде анықтаған [2.].
2. Қоғамның дамуы және табиғат туралы идея мектептегі жаратылыстану пәндерінің мазмұнында жеткiлiктi түрде ашылмаған. Жаратылыстану пәндерін зерделеу барысында іргелі теориялар уақыт пен тарихтан тысқары қарастырылатын әлдебiр тұйық жүйелер түрiнде емес, нақты тарихи жағдайларда, сол уақыттың көркеюiне байланысты пайда болатын және өз кезегiнде адам өмiрiне айтарлықтай әсер ететiн адамзат ақыл-ойының нәтижесi деп қарастыру керек. Осылай, жаратылыстану ғылымдары тарихындағы таным әдiстерiнiң дамуын талдау қазiргi экологиялық проблемалардың гносологиялық алғы шарттарын көрсетуге мүмкiндiк бередi. Бұл алғы шарттардың бiрiне ХVIII-ХIХ ғғ. жаратылыстану ғылымдарында кең етек жайған, адамды адам әрекетiнен, зерделенетiн табиғат құбылыстарын басқа табиғаттан оқшау қарастыратын Галилей-Ньютонның таным әдiстерiн жатқызуға болады.
3. Еңбек ету үдерісi кезiнде табиғаттың өзгеруi туралы идеяны қарастыру кезiнде адам әрекетiнiң физикалық, химиялық, биологиялық аспектiлеріінң сипаттамасы арқылы антропогендiк фактор ұғымының көлемiн кеңейту қажет.
Энергетиканың, көлiктiң, өнеркәсiптiң дамуы биосфераның өте күштi ластануына, оның негiзгi параметрлерiнiң қалыпты мөлшерден ауытқуына әкелуде, бұл өз кезегiнде жеке биологиялық жүйелердiң де, жалпы биосфераның да әрекет ету заңдылықытарының өзгеруiне, өзiн-өзi реттеу қабiлеттiлiктерiнiң жойылуына, қалыптасқан динамикалық тепе-теңдiктiң бұзылуына әкеледi.
Мектептiк жаратылыстану пәндерінің оқушыларды физикалық, химиялық ластандырғыштармен, ауа, су, топырақтың ластану салдарымен және олардан қалай қорғану қажет екендiгiн көрсететiн әдiстерiмен таныстыру мүмкiндiгi өте жоғары.
4. Қоршаған орта және адам денсаулығы идеясы өмiр сүрудiң физикалық жағдайын жаратылыстану пәндері материалында ашуды ескередi. Техника мен өндiрiс технологиясы әрекетiнiң артуына байланысты адам әсер етудiң жаңа факторларына ұшырап отырғандығына ерекше көңiл аудару қажет. Адамның өмiр сүру ортасы организмнiң бейiмделу қызметiнiң бұылуына әкелетiн радаицияның жоғары деңгейiнде, электромагниттiк өрiстiң, вибрацияның, шудың және т.б. жоғары тонында өтiп жатыр. Сондықтан да қоршаған өндiрiс ортасының ерекшелiктерiн қарастыру кезiнде медициналық құжаттар мен қауiпсiздiк техникасының ұстанымдарына сүйену және физикалық параметрлердiң мүмкiн болатын шегiн көрсету оның адам денсаулығына тигiзетiн түрлi әсерiн айқындауға мүмкiндiк бередi.
5. Жаратылыстану пәндері жеке тұлғаның құлықтық-эстетикалық дамуындағы табиғаттың рөлi туралы жетекшi идеяны ашуға мүмкiндiк бередi. Жеке тұлғаның дамуында табиғат мәнiнiң түсiнiлуi оны жақ-жақты құлықтық-эстетикалық, танымдық, материалдық жағынан бағалауға негiзделедi. Табиғат пен жеке тұлғаның өзара ара қатынасының эстетикалық жағын ашудағы басты рөл гуманитарлық циклдегi пәндерге жүктеледi, алайда адамның өмiр сүруiнiң шарты ретiндегi табиғатқа деген танымдық және құндылық қатынас жаратылыстану циклiндегi оқу пәндерi мазмұнының негiзгi компонентi болып табылады. Ал бұл оқушылардың табиғат байлықтарын тиiмдi пайдалану, отын және шикiзат қорларын таусылудан қорғау, зиянды заттардың қоршаған ортаға таралуын болдырмау сияқты бiлiмдерiнiң қалыптасуымен байланысты.
6. Жаратылыстану пәндері сабақтарында қоғам мен табиғаттың бiр-бiрiне ықпалын тиiмдi ету жетекшi идеясы маңызды орын алуы тиiс. Қоғам мен атбиғаттың өзара қатынасының қайшылықты сипаты адамның табиғатты тұрақты түрде пайдалануымен және оның табиғи үдерістердiң ағымына әсер етуiмен сипатталады. Осыған байланысты ғылым жетiстiктерiне негiзделген техника және өндiрiс технологиясы табиғи өзара байланыстарды ескеруi және қоршаған ортаға өзiнiң терiс әсерiн азайтуы немесе тiптен болдырмауы тиiс.