Лекция №1 Тақырыбы: Сараланған бiлiм берудің әдіснамалық алғы шарттары



бет20/20
Дата01.06.2022
өлшемі222,28 Kb.
#36162
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Мәдениеттанушылық идеясы. Бiрқатар ғалым-педагогтар баса назар аударған мәдениеттанушылық идеясының негiзгi мәнi жаратылыстану пәндерінің мазмұнында олардың адамзатттық мәдениеттiң басқа да салаларымен терең қабысуын көрсету болып табылады. Осы идеяны оқушыларға жеткiзу жолдарының бiрi, мысалы, төмендегi мәселелер кешенiн қарастырғанда қандай да бiр дәуiрге "шолу" әдiсi болып табылады:
− дәуiрдiң жалпылама сипаттамасы;
− қарастырылатын кезеңдегi мәдениеттегi құндылық бағдарлар жүйесi;
− осы құндылық бағдарлардың ғылыми ойлардың дамуына әсерi;
− сәйкестiк, әдiстемелiк принциптері негiзiнде қарастырылатын құбылыс табиғатына көзқарастың тарихи дамуы;
− қарастырылатын кезеңдегi ғылым мен мәдениеттегi әлемге деген көзқарас.
Жаратылыстану пәндері аясында дәуiрдiң iшкi әлемi қарастырылмайтындықтан, мәдениеттанушылық идеясы әдiстемелiк идеямен үйлесе жүзеге асады. Бұл дегенiмiз—мәдениеттанушылық идеясын оқу материалы деңгейiнде, негiзiнен, қайталау-жалпылау сабақтарында қарастырудың қажет екендігін көрсетеді.
Экологиялық идея. Экологиялық идеялардың негiзгi қағидаларын оқушыларға жеткiзуге осы жаратылыстану-ғылыми саласындағы пәндерге басты жауапкершiлiк жүктеледi. Өйткенi олар "табиғат-қоғам-адам" жүйесi дамуының баламалы жолдарын анықтаудың негiзi болып табылатындықтан, оның принциптiк мәндiлiгi бар.
Жаратылыстану пәндерін оқыту кезiнде планетарлық ойлаудың дамуымен байланысты пәннiң өзiнiң гуманитарлық мазмұнын аша бiлу керек. Осыған байланысты олардың гуманитарлық мазмұнына сай келетiн үш басты бағытты алуға болады:
1) курстың (пәннiң) табиғатты түрлендiрудегi, адам қажетiне жарасымды етудегi, адамзаттың шығармашылық қабiлеттiлiктерiн ұлғайтудағы маңызы;
2) пән негiзiнде жатқан ғылымның жетiстiктерiн пайдаланудың адамгершiлiктiк мәнi. Бұл бағыт оқушыларға ғылыми жаңалықтарды адамзаттың қолданбалы бағытта кеңiнен пайдалануын дәлелдеудi ескередi;
3) тәрбиелiк мақсатта аса көрнектi ғалымдардың өмiр жолын және ғылыми жаңалықтарды ашудағы ерлiк-еңбек жолын үлгi етiп көрсете бiлу.
Бұл пәндер бағдарлы болып табылмайтын бағытты таңдап алған оқушылар үшiн бағдарлы пәндерге қарағанда басқалау бағытта құру қажет болғандықтан, оқу материалды таңдап алу кезiнде оларды қызықтыра алатын, жеңiлiрек қабылдайтындай шарттарды анықтауға тырыстық.
Бұл жерде пәнді гуманитарландыру басшылыққа алынуы тиiс. Бұл, бiрiншiден, сабақтарда адамның табиғатпен өзара қатынасына байланысты жалпыадамзаттық мәселелердi, адамның әлемдегi және планетадағы орны мен мәнiн және т.б., екiншiден, оқушыларды бұл мәселелердi саналы түрде шешуге қатысуына дайындау. Бұлардың бiрiншiсi курс мазмұнын белгiлi бiр ретпен құру арқылы шешiлетiн болса, екiншiсi тек бiлiм мазмұны арқылы ғана емес, белгiлi бiр түрде жоспарланған оқыту формалары, әдiстерi және құралдары арқылы жүзеге асады. Өткен тарауда қарастырғанымыздай, жаратылыстану пәндерінің жалпыбілімдік курсы ғылым ретiндегi жаратылыстану саласының негiзi болып табылатындығы, сонымен қатар ғылым ретiндегi жаратылыстану саласы адамзат мәдениетiнде маңызды орын алатындығы атап өтiлген болатын. Iргелi теориялар өзiнiң мазмұнына деректердi, ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, модельдердi, iргелi тәжiрибелердi, жаратылыстану ғылымдарының әдiстерiн және т.б. қамтиды және олардың аясында адам қызметiнiң түрлi салаларында кеңiнен қолданыс табатын бiрқатар ұғымдар, ойлау жүйесi мен практикалық қызметi үшiн қажет болатын тиiмдi тәсiлдер қоры да қалыптасады. Оқушылар пәннің қолданбалы мәнi бар практикалық қолданыстарымен танысады, ұлы ғылымдардың өмiрiмен, ғылым дамуының әр түрлi кезеңдерiнен тарихи мәлiметтер алады. Жаратылыстану пәндері бағдарлы болып табылмайтын сыныптарда, мысалы, физика курсы материалдарын 4 іргелі теория айналасына топтауды ескерiп отырмыз. Материалды бұл теориялар айналасына топтау физиканың астрономиямен интеграциясын да қамтамасыз етедi. Астрономия бойынша материал физика курсының тақырыптарының құрамына енеді, сонымен қатар астрономиялық мазмұны бар материал енетiн арнайы "Әлем" тарауы арналуы да тиіс. Сонымен оқу материалдарын теориялар айналасына топтастыру оқушыларға жалпыланған түрде белгiлi бiр бiлiм жүйесiн игеруге және оны табиғат құбылыстарын түсiндiруге, қолдануға оларды алдын ала болжамдап отыруға мүмкiндiк бередi. Осылай, 10 (11)-сынып оқу материалдары классикалық механика мен молекулалы-кинетикалық теория, 11(12)-сынып материалы "Электродинамика" және "Қазiргi заман физикасы" және "Әлем" деген бөлiмдермен берiледі. Теориялар арасындағы байланыс материалды зерделеу барысында да және қорытынды сабақтарда да көрiнiс табады.[1]
Оқу пәнінің әрбiр бөлiмi қорытынды сабақтармен аяқталады, онда оқушылардың теориялар мен әлемнiң жаратылыстану-ғылыми бейнесi туралы бiлiмдерi жүйеленедi. Бұл сабақтардың мақсаты теориялардың қолдану аясын және олардың қазiргi заманғы әлемнiң жаратылыстану-ғылыми бейнесiндегi орнын көрсету болып табылады. Гуманитарлық бағдардағы сыныптарда есеп шығарудың қалыптасқан тәжiрибесiн өзгерту талап етiледi. Пәнді оқытуды күрделендiрмеу және оқушылардың оқу жүктемесiн арттырмау үшiн күрделi есептердi шығартуды, шығарылатын есеп санын арттырудан аулақ болу керек. Жаратылыстану пәндері гуманитарлық бағыт үшiн жалпы бiлiм беретiн оқу пәндерiнiң бiрi, ол ғылыми көзқарастың қалыптасуына ықпал етеді. Жаратылыстану ғылымдарының зерттеу әдiстерiмен қарулану, күрделi есептердi шығара алу олардың оқу мiндеттерiне жатпауы тиiс. Оларға сұрақ-есептердi, ауызша және сапалық есептер, дағды қалыптастыру сипатындағы есептер ұсынылғаны орынды болады. Шындап келгенде, барлық шығарылатын есептер оқушының өз ынтасын тудыратындай, оның ынта-жiгерiн басып тастамайтындай, күнделiктi өмiрде кездесiп жүрген жағдаяттарға жақын келетiндей есептер болғаны дұрыс.
Жаратылыстану пәндерін зерделеу кезiнде гуманитарлық сынып оқушыларына әдеби шығарма негiзiнде құрастырылған есептерге назар аударған дұрыс. Көркем шығармалар қандай да бiр табиғат құбылыстарын сипаттауға бай және олардың қызықты деректерi болады. Оларда қарастырылатын ұғымдарды жаңа сипатта ашатын құбылыстар бейнеленедi, заңдарды қолданудың жаңа салалары iздестiрiледi. Мұндай сипаттаулар өздерiнiң ұғынықтылығымен және бейнелiлiгiмен ерекшеленедi.[2]
Салыстырмалылықтың арнайы теориясы. Салыстырмалылықтың арнайы теориясы (САТ) жоғары сыныптарда оқытылатын маңызды теориялардың біріне жатады. САТ оқушылардың ғылыми ойлауын және дүниетанымын, кеңiстiк пен уақыт туралы қазiргi заманғы түсiнiктерiн қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Мектепте САТ 1970 жылдардан бастап оқытыла бастауына қарамастан, бүгiнгi күнi де оны оқытумен байланысты бiрқатар проблемалар туындауда. Бұл iргелi теорияның күрделi ұғымдық аппаратының, оқушылардың көтерiңкi деңгейдегi дайындығын талап ететiн математикалық сипатталуының, салыстырмалылық теориясы тұрғысынан түсiндiрiлетiн эксперименттер мен бақылауларды түсiну қиындығына байланысты. олар туралы қазiргi заманғы көзқарас САТ-ты зерделеу барысында қалыптасады.
Жалпы алғанда барлық бағдарлар бойынша САТ мазмұнының логикалық құрылымы бiрдей болуы тиiс. Релятивтiк кинематиканы зерделеу кезiнде постулаттар ретiнде Эйнштейннiң салыстырмалылық принципi мен жарық жылдамдығының абсолюттiлiгi келтiрiледi, ал қалған ұғымдар мен құбылыстар олардың салдарлары ретiнде қарастырылады. Қазiргi заманғы "жарық жылдамдығы" ұғымын қалыптастырудың маңызды дүниетанымдық мәнi бар.
Жарық жылдамдығы ұғымы —маңызды iргелi ұғымдардың қатарына жатады. Жарық жылдамдығының шектiлiгi туралы мәселе өз кезiнде бiрқатар проблемаларды анықтап, ғылым салаларының әрі қарай дамуына себептестi. Жарық жылдамдығы элементар заряд және Планк тұрақтысымен қатар iргелi үш негiзгi тұрақтылардың бiрiне жатады.
Жарық жылдамдығы туралы айта отырып, жарық жылдамдығының барлық санақ жүйелерiнде тұрақтылығы және барлық бағытта оның iргелi қасиетi болып табылатындығына оқушылардың назарын аударған жөн. Тәжiрибе көрсеткендей, жарықтың бұл қасиетiн гуманитарлық сынып оқушылары қызығушылықпен қабылдайды. Бұл қасиет дәл Эйнштейннiң салыстырмалылық теориясының негiзiнде жатыр.
Жарық таралуы үшiн ешқандай ортаның қажетi жоқ, сондай-ақ әлемдiк эфир туралы болжамның жүзеге аспай қалғандығы жайлы айту керек. Мұны Майкельсонның интерференциялық тәжiрибелерiнiң нәтижелерi толық дәлелдегенiне басты назар аударған жөн. Әрі қарай САТ постулаттарынан салдарлар ретiнде бiрмезгiлдiлiктiң салыстырмалылығы қарастырылады және де бұл салдарлардың логикалық негiзделуi келтiрiледi Осыдан кейiн аралық туралы ұғым енгiзiледi және бiр инерциялық санақ жүйесiнен екiншiсiне көшкендегi оның инварианттылығы негiзделедi. Аралықтың
инварианттылығы негiзiнде төртөлшемдi кеңiстiк-уақыт ұғымы енгiзiлiп, кеңiстiк-уақыттағы оқиғалар арасындағы қашықтық ретiндегi аралықты геометриялық интерпретациялау қарастырылады. Барлық тұжырымдар бұл
бағдардағы оқушылар үшiн ұғынықты түрде негiзделуi тиiс. Гуманитарлық бағдардағы сынып оқушыларының қабiлеттiлiктерiнiң құрылымдық ерекшелiктерiн ескере отырып, негiзгi формулалар мен қатыстар қорытылмай берiледi, бiрақ оларды сапалық тұрғыдан түсiндiру, олардың практикалық жүзеге асырылуы мен қолданылуын көрсетiлiмдермен негiздеген орынды болады. Лоренц түрлендiрулерi постулат түрiнде қарастырылып, олардың Галилей түрлендiруiмен байланысы қарастырылады. Лоренц түрлендiрулерiнiң салдары ретiнде жылдамдықтарды қосудың релятивтiк заңы қарастырылады. Осы тұрғыдан қайтадан уақыт аралықтары мен кесiндi ұзындығын өлшеудiң салыстырмалылығына тоқталу керек.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Мултановский В.В. Физические взаимодействия и картина мира в школьном курсе. –М.:Просвещение,1977–168с.

  2. Салимбаев О. Научные основы формирования общеучебных умений и навыков школьников в естествонаучном образовании: дисс... докт. пед.наук.– 13.00.01. –Алматы, 1997. – 299 с. – 0597РК00140


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет