ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТТЕР ТІЗІМІ:
1. Абай. Қара сөздер. – Алматы: Өнер, 2006.–118 б.
2.Тәлім-тәрбие антологиясы. – Алматы.– 2-том. – 415 б.
3.Аймауытов. Психология. – Алматы, 1995.– 71-72 б.
4.Коменский Я.А. Ұлы дидактика. Ауд. Ә.Қоңыратбаев.–Алматы, 1993. –98 б.
5.Унт И. Индивидуализация и дифференциация обучения. –М.: Педагогика, 1990. –192с.
6.Якиманская И.С. Дифференцированный подход в обучении //Методические рекомендации учителю о дифференцированном обучении как средства индивидуализации развития личности школьника. –М.: АПН СССР, 1990. –56с.
Лекция №2
Тақырыбы: Бiлiм беру мазмұнын деңгейлiк және бағдарлы саралау психологиялық теорияның контексінде
Әрбiр оқушының әр түрлi пәнге талғамдылық қатынасы, оқу материалын меңгеру тәсiлдерi, танымдық iс-әрекетке дайындығы, әр түрлi танымдық қажеттiлiктерi, бейiмдiлiгi, мүмкiндiгi, эмоционалдық күйi болады. Нәтижесiнде бiрыңғай бiлiм беру үдерісi, бiрыңғай бiлiм мазмұны мен оқушылардың әр түрлi даму деңгейi, олардың дара мүмкiндiктерi, қабiлеттiлiктерi арасында қарама-қайшылық туындайды. Бұл қарама-қайшылықты шешу оқытудың жаңа жолдары мен модельдерiн iздестiруге әкелген болатын.
Психологтар оқушы тұлғасының әр түрлi ерекшелiктерiн бөлiп көрсетедi, олардың пiкiрiнше, осы ерекшелiктер бiлiм мазмұнын деңгейлiк саралауға негiз болып табылады Е. Голант [1] бойынша бiлiм беру мазмұнын деңгейлiк саралаудың көрсеткiштерiне:
бiлiм мен бiлiктi игеру деңгейi,
оқушылардың танымдық, практикалық дербестiлiк деңгейi,
оқуға деген ықылас,
пәнге деген қызығушылық жатады.
Е.С.Рабунский үлгерiм деңгейi, танымдық дербестiлiк деңгейi, оқуға деген қызығушылық әрекеттiлiгiнiң деңгейi сияқты ерекшелiктердi бөлiп көрсетедi [39]. А.А.Бударный оқушының оқуға және еңбек етуге деген қабiлеттiлiгi, сондай-ақ оқуға деген ықыласы, қызығушылығы, эмоционалдық және ерiктiк сапалары сияқты ерекшеліктеріне басымдық береді [2.].
Оқу iс-әрекетiн даралау проблемасына арналған психологтар еңбектерiнде жалпы ой қабiлеттiлiктерi, арнайы қабiлеттiлiктер, оқушылардың танымдық қызығушылықтары, сондай-ақ жоғары сынып оқушыларының бейімділіктері даралап оқытудың негiзi болып табылатындығы көрсетiледi.
Оқып-үйренуге қабілеттілік деп оқу iс-әрекетiнiң өнiмдiлiгi тәуелдi болатын тұлғаның интеллектуалдық қасиеттерiнiң, ойдың қалыптасатын сапасының жүйесiн… айтады 3.. Оқып-үйренуге қабілеттіліктің деңгейi мен ерекшелiгi ойдың бiрқатар сапасымен анықталады. Әр түрлi зерттеулерде игеру жылдамдығы, ойлау шапшаңдығы, нақты және дерексiз компоненттердiң байланысы және ойлау тереңдiгi мен икемдiлiгi, орнықты ойлай алу, сапалы iс-әрекет, ойдың дербестiлігi, ой-өрiстiң үнемдiлiгi сияқты ойдың түрлi сапалары бөлiнiп көрсетiледi 4.
Оқушылар психикасының ерекшелiктерi де оқып-үйрену қабілеттілігіне әсер етедi, оларға зейiн, жад, мiнез бiтiстерi және т.б. жатады. Ойлау ерекшелiгiн ғана ескеретiн оқып-үйренуге қабілеттілік тар мағынада ақылдың қабiлеттiлiгi ретiнде қарастырылады және оқушылардың оқу iс-әрекетiн жүзеге асыру үшiн қажет қабiлеттiлiктер кешенi түрiнде түсiндіріледі.
Жалпы ой қабiлеттiлiктерiнiң iшiнде оқытуды ұтымды ұйымдастыру үшiн ой-өрiс дамуының деңгейi маңызды болып табылады. Жоғарыда айтылғандардан жалпы ой қабiлеттiлiгiнiң деңгейi бойынша оқушыларды: оқуға кабілеттілігі төмен, орташа және жоғары деп үш топқа бөлуге болады.
Д.Н.Богоявленский мен Н.А.Менчинская оқып-үйренуге қабілеттілікте ой iс-әрекетiнiң жалпылық деңгейіне назар аударады. Жалпылық деңгейi деп аналитикалық-синтетикалық iс-әрекет деңгейi түсiнiледi. Мұнда да оқушылардың үш тобы бөлiп көрсетіледі: төмен, орташа және жоғары деңгейлерде анализ бен синтездей алу. Бiр топтың оқушылары шапшаң игере алу қабілеттілігімен сипатталады, ал бұл шапшаң қорытындылай алумен, жоғары деңгейде талдай алатын ойлау үдерісінің шапшаңдығымен байланысты. Екiншi топ баяу игеру типiмен ерекшеленедi, бұл аналитикалық-синтетикалық iс-әрекеттiң төмен деңгейiмен, ойлау әрекетінің енжарлығымен сипатталады. Сонымен оқушылардың дара ерекшелiктерiнен олардың барлығы үшiн тиiмдi болатын оқытуға бiрыңғай жағдайлар туғызу мүмкiн емес екенi анықталады, яғни оқытудың тиiмдiлiгiн арттыру үшiн деңгейлiк саралау қажеттiгi туындайды. Мұнда оқып-үйрену де әр түрлі нәтижелерге әкеледі. Бұл оқып-үйренгендік те төмен, орташа және жоғары бола алады. В.А.Крутецкий оқып-үйренгендік деген бiржолата анықталып қойған әлде не емес, ол оқу үдерісінде, сәйкес iс-әрекетпен қарулану барысында дамытылады және жетiледi деп көрсеткен болатын 5. Онда деңгейлiк оқытуға қатысты оқушылардың бiр оқыту деңгейiнен екiншiсiне өтуi туралы орынды болады. Оқып-үйренгендікті (iс-әрекеттiк бiлiм қоры) де оқыту деңгейлерiне сәйкестендiруге болады. Төменгi iс-әрекеттiк бiлiм қоры бар оқушылардың оқып-үйренгендігі де төмендеу болады және олар бірден жоғары оқыту деңгейiне көше алмайды.
Жоғарыда қарастырылған жалпы қабiлеттiлiктермен қатар iс-әрекеттiң жеке, арнайы түрлерiн орындаудағы жетiстiктердi анықтайтын (математиканы, физиканы, тарихты және т.б. пәндердi зерделеуге, музыкамен, өнермен т.б.айналасуға қабiлеттiлiк) қабiлеттiлiктер, сонымен қатар практикалық қабiлеттiлiк (ұйымдастырушылық, құрастыру-техникалық) ажыратылады. Психологтардың бұл бағыттағы зерттеулерiн талдау оқушылар қабiлеттiлiк деңгейi бойынша да, оның құрылымы бойынша да, қабiлеттiлiктерi дамуының потенциалдық мүмкiндiктерi бойынша да бiр-бiрiнен ерекшеленетiнiн көрсетедi.
Психология қабiлеттiлiктердiң және iс-әрекеттiң маңызды компоненттерiнiң (бiлiк, дағдылар) теңдiгiн терiске шығара отырып, олардың бiрлiгiн де көрсетедi. Қабiлеттiлiктер iс-әрекетте көрiнiс табады және қандай да бiр әрекет түрi арқылы жүзеге асады. Бiлiм беру мазмұнын деңгейлiк саралау оқушылардың жалпы және арнайы қабiлеттiлiктерiн есепке алуға негізделген. Көптеген iс-әрекет түрлерiнiң талаптарын жалпы қабiлеттiлiктер қанағаттандыратындықтан, оларды ескермеу мүмкiн емес. Ал деңгейлiк саралап оқытуда арнайы қабiлеттiлiктер оқушылардың таңдап алған оқу iс-әрекетiнiң белгiлi бiр аясының талаптарын қанағаттандыратындықтан, оларды да ескеру қажет.
Белгілі қазақ психологы М.Мұқановтың пайымдауынша, баланы оқуға итермелейтін күш негізінен, мынадай екі мотивациядан құралады: біріншіден бала өзгелерден сескенетін болатындығынан оқиды. Бала тікелей талпынбайды, жанама түрде, өзгелердің оған қолданған шарасынан өзін аман сақтап қалудың амалы деп түсіну керек. Екіншіден – оқуға іштей талпыну мотивациясы – баланың өзінің ықласымен сан алуан құбылыстардың өзіне тән сырларын білуге ұмтылуынан болады 6.
Т. Тәжібаевтың пайымдауынша, адам әрекеттерінің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге саналы түрде бағытталып отырады. Еңбекте болсын, оқуда болсын, адам алдына бір мақсат қойып, содан нәтиже шығаруға тырысады. Әрине бұған саналы әрекет қажет 7.. Автор адам психологиясыынң сипаттамсын оның іс-әрекетінің маңызды сипаттамаларының бірі шығармашылық. Оқушылардың жеке басын қалыптастыруда психикалық процестердің олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес дамуы шығарамашылық іс-әрекетке бейім тұлғаны қалыптастыруға негіз болады.
Ж.Аймауытов бала психикасының дамуы тәрбиешілермен бірге, бұл баланың өзіне де, оның белсенділігіне де байланысты екендігін айтқан. «Баланың, – деп жазды ол, – тума серпілуін қозғайтын ешбір шара істемесе, баланы мектепке бергенмен, көңілдегі нәрсемізді үйретуге болмайды. Мектепке келгенді алғашқы қадамды бала өзі бастауы керек», дейді.
Психологиялық зерттеулер нәтижелерi бiлiм беру мазмұнын деңгейлiк саралау таңдап алынған оқу пәнiне қызығушылықты тiкелей анықтамайтындығын көрсетедi, ол оқушылардың оқуға қызығушылықтарына, бейiмдiлiктеріне және сол пән бойынша дайындықтарына байланысты болады. Сондықтан деңгейлiк саралап оқыту жағдайында оқушылардың оқуға деген мотивациясын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық тұрғыдан тиiмдi әсер ету жүйесiн құру үшiн кейбiр психологиялық-педагогикалық құралдарды пайдаланған орынды болмақ. Ондай құралдар қатарына:
− оқушылардың зерделенетiн пәнге қызығушылығын айқындауды,
− оқушылардың бейiмдiлiгiн ескеруді,
− белсендi ойлау iс-әрекетi талап ететiн тапсырмаларды пайдалануды,
− материалды әсерлi баяндауды,
− зерделенетiн материалдың оқушылардың парктикалық жұмысымен тығыз байланысын орнықтыруды және т.б. жатқызуға болады.
Танымдық iс-әрекет үдерісіндегi тәуелдiлiктерге, себеп-салдарлық байланыстарға, заңдылықтарға деген қызығушылық, оларды өз бетiнше анықтауға деген ұмтылыс неғұрлым жоғары деңгейдегi танымдық қызығушылық болып табылады.
Танымдық мүдде дамуының жоғары деңгейi шығармашылық; ол терең шығармашылық проблемаларға қызығушылықпен қарауға, оқушының өз бетiнше iзденiп тапқан тәсiлі арқылы iс-әрекеттi жүзеге асыруға ұмтылуымен байланысты
Сонымен оқушыларды танымдық қызығушылығының сипаты бойынша бiрiктiруге басымдық беруге болады. Мұндай бiрiктiрудiң қажеттiгi оқушылардың белсендi оқу iс-әрекетiнiң мотивациясын арттыру, сондай-ақ танымдық мүдденi қолдау және оны дамыту үшiн қолайлы жағдайлар туғызумен анықталады.
Қазiргi кезде бiлiм беру мазмұнын деңгейлiк саралау орта мектептiң барлық деңгейінде жүзеге асырыла бастады. Бұл проблеманы шешуге жалпы тәсiлдер қарастырылып, оқушылардың бейiмдiлiгi, қызығушылығы, қабiлеттiлiгi ескерiлген оқытуды даралауға бағытталған әдiстемелер, оқу бағдарламалары әзiрленуде.
Мемлекеттік бiлiм беру стандартында [8.] ескерiлген мiндеттi дайындық деңгей бойынша, бiр жағынан, әрбiр оқушы үшiн оқытудың ұғынықтылығы қамтамасыз етiледi, бұл әр түрлi себептен орташа оқитын балалар үшiн ыңғайлы болады. Екiншi жағынан, оқушылардың жарыса оқуына жағдайлар туып, жеке-дара мүмкiндiктерi мен қабiлеттiлiктерiн неғұрлым толық көрсете алатын болады.
Тұлғалық-бағдарланған, тұлғалық-әрекеттiк тұрғыдан қарау адамның дамуына оның қабiлеттiлiгi мен бейiмдiлiгiне сәйкес келетiн iс-әрекет түріне жұмылдыру ғана үлкен үлес қосатынын көрсетедi. Дамытушылық тұрғысынан қарау оқушының динамикалық дербес таяу даму аймағының бар болуын және оқу iс-әрекетiн осы аймақтың жоғарғы шегiнде ұйымдастыру кезiнде оқушының тиiмдi дамуы жүзеге асатынын анықтайды.
Психологияда таяу даму аймағынан жоғары немесе төмен болатын iс-әрекеттiң дамытушылық үлесi болмайтыны анықталған. Деңгейлiк саралау тиiмдi болуы үшiн оқушылардың субъективтi тәжiрибесiнiң ерекшелiктерiне бағдарлану қажет болады, оларға жеке тұлғалық-мағыналық аяның ерекшелiктерi; психиканың даму ерекшелiктерi (жадының, ойлаудың, қабылдаудың, өзiнiң эмоционалдық аясын реттей алуы және т.б.); белгiлi бiр пән аясындағы игерген бiлiм деңгейi (оқушыларда қалыптасқан бiлiм, iс-әрекет тәсiлдерi) жатады.
Оқушылар есейген сайын олардың мүддесi мен кәсiптік бейімділігі сәйкес келе бастайды. Белгiлi бiр пәнге қызығушылық пен қабiлеттiлiк көрсеткен оқушы өзiне мамандықты нық таңдай алады. Және, керiсiнше, тәжiрибе көрсеткендей, қандай да бiр пәнге қызығушылық танытпаған оқушылар кәсiптi таңдап алуға қиналып, оны жиi өзгертедi. Педагогикалық зерттеулер 13-14 жасқа дейiн белгілі бір кәсiпке ынталану мен пәнге деген қызығушылық арасында ешқандай байланыс байқалмайтындығын, ал 14-жастан бастап кәсiптi таңдау нақты оқу пәнiне деген қызығушылықпен айқын байланыса бастайтындығын көрсетедi. Бұл байланыс тiкелей және нақты болуы (мысалы, математиканы зерделеуге қызығатын оқушы математик болғысы келедi) немесе жалпы сипаты (оқушы техника саласында қызмет iстегiсi келедi) болуы мүмкiн [145, 246 б.]. Сонымен оқушылардың қабiлеттiлiгi, танымдық қызығушылығы және жобаланатын мамандық білім мазмұнын саралау үшiн негiз болып табылады.
Психологиялық ғылымда арнайы қабілеттіліктер талданған және олардың құрылымы айқындалған және әр түрлі адамдардың жалпы және арнайы қабiлеттiлiктерi түрліше болады.
Арнайы қабiлеттiлiктер жеке дербес қабiлеттiлiктерде көрiнiс табады. Олар әдетте тұлға құрылымы аясында қарастырылады, өйткенi психологтар адамдардың дара ерекшелiктерiнiң табиғи негiзi тұлғаның типологиялық қасиеттерi болып табылатынын атап көрсетедi . Бұл қасиеттер ой iс-әрекетiнiң және ой жұмысының, қандай да бiр iс-әрекетке бейiмдiлктiң өту динамикасын анықтайды. Арнайы қабiлеттiліктер сигналдық жүйе қатысымен байланысқан.
И.П.Павлов адамдардың типологиялық ерекшелiктерiнiң негiзiне жоғарғы жүйке iс-әрекетi типтерiн жатқызады. Жоғарғы жүйке iс-әрекетiнiң типi деп жүйке жүйесi қасиеттерiнiң жиынтығы түсiнiледi, ол адам iс-әрекетiнiң даралық өзгешiлiгiнiң физиологиялық негiзiн құрайды.
Физика, химия, биология ғылымдары табиғат құбылыстарын зерделейтiн, яғни олардың қарастыратын пәндердi ортақ екенiн ескерсек, бұл оқу пәндерiн зерделеуге оқушылар қабiлеттiлiгiнiң өте жақын құрылымы бар екенiн байқаймыз, онда бұл ретте жаратылыстану қабiлеттiлiгi туралы айта аламыз. Жаратылыстану ғылымдарын зерделеуге байланысты қабiлеттiлiк арнайы зерттелмеген. Алайда кейбiр зерттеулер нәтижесi бойынша жаратылыстану бағытындағы ойлау ерекшелiгiне теориялық қорытындылау жүргiзу қабiлеттiлiгiн атап өтуге болады және де бұл бағыттағы қабiлеттiлiк абстракциялауға, анализ бен синтездеуге, кеңiстiк елестете алуға, объектiлердi модельдеуге, бiлiмдi жаңа жағдаяттарға қолдана алуға, диалектикалық ойлай алуға бейiм болады. Сонымен қатар Н.С.Пурышеваның 9 еңбегiнде физиканы зерделеуге қабiлеттiлiктiң неғұрлым толық сипаттамасы берiлген, онда келесi дербес қабiлеттiлiктер көрсетiледi:
– объектiнiң нақты құраушыларын абстракциялау арқылы оны бiртұтас ретiнде түсiну;
– объектiнi барлық сезiм мүшелерiмен бiр мезетте логикалық та, эмоционалдық та қабылдау;
– бiр қарағанда көзге iлiкпейтiн (бақылағыштық) құбылыстар мен нәрселердiң ерекшелiктерiн бөле алу;
объектiнiң негiзгi белгiлерiн бөлiп көрсете алу, оны басқа объектiлерiмен салыстыра алу.
Достарыңызбен бөлісу: |