Ғылыми-техникалық прогресс және табиғи қоршаған орта. Бұл бағыт қоршаған ортаның ластануы туралы бiлiмдi толықтыруды, сондай-ақ оқушыларды табиғатты ластанудан және бүлiнуден қорғау мақсатындағы ғылым мен техника жетiстiктерiмен таныстыруды ескередi. Жаратылыстану пәндері бойынша игерілген бiлiм негiзiнде табиғи ортаның ластануын болдырмаудың тәсiлдерi мен құралдары (жетiлдiрiлген тазалағыш қондырғыларын салу, қоршаған орта күйiне жаппай бақылау; жаңаратын және экологиялық таза энергия көздерiне көшу – МГД генераторы, АЭС, термоядролық синтез энергиясы) негiзделедi. Бұл бағыттардың айналасына қалдықсыз технология, табиғи қорларды қорғау, альтернативтi энергия көздерiн iздеу және оларды тиiмдi қолдану сияқты ұғымдар топтастырылады. Жаратылыстану пәндері бойынша экологиялық мазмұнды материалды таңдап алу кезінде экологиялық білім берудің негізгі принциптерін және жалпы орта білім берудің тенденцияларын ескере отырып анықталған оқытудың жалпы мақсаттарын ескеру қажет. Экологиялық материалды таңдап алудың негізгі шарты ретінде оның түсініктілігі, ғылымилығы, жаратылыстану пәндерінің бағдарламалық материалымен логикалық байланысы жатады. Аталған негіздер және анықталған өлшемдер негiзiнде мектептiң жоғары сыныптарындағы жаратылыстану пәндері бойынша қарастырылатын экологиялық мазмұнды оқу материалының бір үлгісі төменгі кестеде көрсетілген.
Қарастырылатын негiзгi ұғымдар
Экологиялық мазмұнды материал
Қоршаған ортаның ластануы, тұйық технологиялық циклдердi енгiзу, қалдықсыз өндiрiс
Диффузия арқылы физикалық және химиялық ластану; ауа, су, топырақ арасындағы алмасу үдерістерi; ылғалдылықтың мәнi және оның биологиялық жүйелерге әсерi; ауа ластануының, ондағы будың конденсациялануына әсерi; ауаның өзiн-өзi тазартуы; «қышқыл жаңбыр», «динамикалық теп-теңдiк»
Ластандыру көздерi, физикалық және химиялық ластандыр-ғыштар, табиғатты қорғауға арналған техникалық құрыл-ғылар
Табиғаттағы температура диапазоны, температу-раның биосфераға әсерi; жылу қозғалтқыш-тарының жұмысы кезiндегi ластану түрлерi; табиғаттағы зат айналымы, табиғатты қорғау мақсатымен жылу қозғалтқыштарын жетiлдiру; Жердiң жылу балансы және климаттың өзгеру мүмкiндiгi; атмосфераны, ғарышты ластанудан қорғау, ауқымды экологиялық болжаулар
Физикалық, химиялық параметрлердiң биологиялық жүйелерге әсерi, қоршаған ортаның физикалық, химиялық ластануы, табиғатты қорғауға арналған техникалық құрылғылар; қоршаған орта күйiн бақылау
Электр және магнит өрiстерi қоршаған ортаның маңызды экологиялық факторлары ретiнде, олардың тiршiлiк иелерiне әсерi; атмосферадағы электр құбылыстары (атмосфера токтары, күннiң күркiреуi, найзағайдың шартылдауы); Жердiң магнит өрiсiне организмдердiң бейiмделуi; табиғаттағы энергия айналымы; жасанды электромагниттiк өрiстер, олардың адам организмiне әсерi, олардан қорғану
Орта параметрлерінің биологиялық жүйелерге әсерi; мүмкiн болатын шектi доза, қоршаған орта күйiн бақылау; «Жылыжай» (парник) эффектiсi
Ауаның иондануы; ғарыш аппараттарының атмосфера күйiн бақылаудағы рөлi; энергияның экологиялық түрлендiргiштерi; плазмалық МГД генератор: динамикалық тепе-теңдiк.