ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТТЕР ТІЗІМІ:
1. Теоретические основы содержания общего среднего образования. /Под. ред. В.В.Краевского, И.Я. Лернера. –М.: Педагогика, 1983. –352с.
2. Дидактические требования к разработке учебников и УМК. Сост. Н.Н.Нурахметов, Г.З.Байжасарова и др.– Алматы, РИК, 1999. –36 с.
3. Дидактические требования к разработке учебников и УМК. Сост. Н.Н.Нурахметов, Г.З.Байжасарова и др.– Алматы, РИК, 1999. –36 с.
4. Фейнберг Е.Л. Две культуры: Интуиция и логика в искусстве и науке. М.:Наука, 1992.– 251с.
5. Әбілқасымова А.Е. Студенттердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру.– Алматы, Білім, 1995. – 186 б.
6. Зуев Д..Д. Школьный учебник. – М.,Педагогика, 1983 . –239 с.
7. Урсул.А.Д. Природа информации. – М., Политиздат, 1968. –288с.
Лекция №13
Тақырыбы: Жаратылыстану пәндерін оқытуда ақпараттық технологияны пайдалану мүмкіндіктері
Мектепте жаратылыстану пәндерін оқытудың басты мақсаттарының қатарына оқушылардың қоршаған шынайылық құбылыстары, әлемнің жаратылыстану-ғылыми бейнесі туралы білімдерін қалыптастыру жатады. Әлемнің жаратылыстану-ғылыми бейнесінің қалыптасуы келесі тәсілдермен жүзеге асады:
1) әр түрлі білім көздерінен алынатын зерттеулер нәтижелерін ой елегінен өткізе отырып зерделеу;
2) нақты бақылаулар мен тәжірибелерді жүргізу;
3) есептеу эксперименті; зерделенетін құбылыстардың виртуалды модельдерін құру мақсатымен ақпараттық технологияларды қолдану.
Ақпараттық оқыту технологиясының заңдылықтары оқыту үдерісін ақпараттандыру тұрғысынан талданады:
– диверсификациялау – оқыту үдерісіне қатысушылардың артуы: егер бұрын педагог және оқушы болса, АОТ-ын пайдалану арқылы жүргізілетін оқыту үдерісінде ақпарат көздері кем дегенде төртеу болады: программалық қамтамасыз етуді дайындайтын мұғалім; мұғалім-пайдаланушы; оқушы; компьютер;
– АОТ оқыту үдерісін динамикаландыру. Оқу үдерісіне қатысушылар санының артуы олардың арасындағы ақпарат ағымының артуына әкеледі. Бұрынғы ұйымдастыруды сақтау үшін ақпаратты алмасу үдерісін жеделдету қажет, ол жауапты қолма-қол алу принципімен дәлелденеді;
– АОТ оқыту әдістері мен білім беруді жаңарту.
Осылай, ақпараттың әр түрлілілік, динамикалық, жаңарып отыруы және т.б. сипаты оқыту үдерісіндегі АОТ-ны сипаттайды. АОТ-мен оқыту үдерісінің заңдылықтарына оқыту үдерісін диверсификациялау; ақпаратпен алмасу үдерісін динамикаландыру; оқыту мазмұны мен әдістерін жаңарту жатады, ал АОТ-ын құру принциптеріне жауапты қолма қол алуды, оқу үдерісінің қарқынын даралауды, қиындық деңгейінің біртіндеп арттыру, игерілген білімді саралап бекіту принциптерін жатқызуға болады.
Жаратылыстану пәндерін оқытуда компьютерді пайдаланудағы бірінші бағыт – құбылыстар мен үдерістерді компьютерде модельдеу. Ол, ең алдымен, мектеп лабораториясында көрсету мүмкін емес құбылыстар мен экспериментерді көрсету үшін қажет. Компьютерлік модельдерді пайдалану зерделенетін құбылыстың маңызды байланыстарын ашуға, оның заңдылықтарын айқындауға мүмкіндік туғызады, ал бұл өз кезегінде материалды тереңірек игеруге ықпал ететін болады. Оқушы параметрлерді өзгерте отырып, құбылысты зерттеп, оларды талдай отырып, қорытынды жасайды.
Жаратылыстану пәндерін оқытуда компьютерді пайдаланудағы үшінші бағыт – курсты программалық қамтамасыз ету, олар сабақтың мақсатына, оқу материалын ұсынудың мазмұны мен ретіне қатысты анықталады. Осы айтылғандарға байланысты жаратылыстану пәндерін оқытуда пайдаланылатын программалық құралдарды келесі программаларға бөлуге болады:
– нақты тақырыптар бойынша анықтамалық құралдар;
– мазмұндық және эксперименттік есептерді шығару;
– лабораториялық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
– игерілген білімді бақылау және бағалау.
Оқу үдерісінде тиімді пайдалануға арналған программалық құралдар бағдарлы оқытудағы жаратылыстану пәндері курстарына сәйкес келуі, көрнекілік дәрежесі жоғары болуы, пайдалану қарапайымдылығы, жалпы пәндік және эксперменттік біліктіліктердің қалыптасуына, игерілген білімді қорытындылай алуға және тереңдетуге және т.б. ықпал етуі тиіс. Педагогикалық программалық құралдар (ППҚ) оқу-әдістемелік құралдардың бөлігі ретінде ақпаратпен жұмыс жасаудың қазіргі заманғы әдістеріне қатыстыруға, оқу іс-әрекетін зияттандыруға себептеседі. Сонымен жаратылыстану пәндерін оқытуда ППҚ-ны пайдалану:
1) оқу материалын игеруді өзіндік қарқынмен игеру есебінен оқыту үдерісін даралауға және саралауға;
2) оқу іс-әрекетінің нәтижелерін бағалауға және қателерді диагностикалау арқылы кері байланыс бақылауын жүзеге асыруға;
3) өзіндік бақылауды және жіберілген қатені түзете алуына;
4) оқу материалын игеруде және өз бетінше дайындалуда жаттығу жұмыстарын жүзеге асыруға;
5) оқу ақпаратын көрнекі түрде ұсынуға;
6) нақты тәжірибені немесе экспериментті компьютерлік программада имитациялау жағдайларында лабораториялық жұмыстар жүргізуге,
7) оқушылардың оқу іс-әрекеті мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін болады.
Оқу тәжірибелері мен бақылаулар эмпирикалық білімнің қалыптасуының тиімді құралы болып табылады. Оқу есептерін шешу үшін ақпараттық технологияларды пайдалану басқа оқыту әдістерінен ерекшеленеді және және қазіргі кезеңде оқу үдерісіне ықпал ететін маңызды факторға жатады. Қоршаған нақтылықтың табиғи және әлеуметтік құбылыстары оқушы тұлғасының даму бағытын анықтайды.
Бағдарлы сараланған білім беру аясында жаратылыстану-математика бағдарында, мысалы, физиканың бағдарлы курсын зерделеуде оның мүмкiндiгiн арттыратын 68 сағат көлемiнде «Физикалық есептерді шығаруда ақпараттық технологияны қолдану» қолданбалы курсын ұсынуға болады. Бұл курс компьютерлік техниканы қолдану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға бағытталған. Оның аясында информатика әдістері де (модельдеу, компьютерде есептер шығару), физика әдістері де (эксперимент, сапалық және сандық физикалық есептерді шығару да, жалпыпедагогикалық әдістер де (дәріс, сұхбаттасу, көрсетілімдеу) пайдаланылатын болады. Мұндай интеграцияланған толықтыру оқыту сапасын арттыруға, мектеп түлектерінің әрі қарайғы оқуларын дұрыс таңдап алуларына ықпал ететін болады. Бұл қолданбалы курсты информатика пәнінің мұғалімімен бірлесе отырып та өткізуге болады. Егер пән мұғалімі компьютердің қолданбалы программалық қамтамасыз етілуін меңгерген болса, онда мұндай сабақты өзі де өткізе алады. [1]
«Физикалық есептерді шығаруда ақпараттық технологияны қолдану» қолданбалы курсы оқушыларды жаратылыстану-математикалық бағытта оқитын оқушыларға оқу жоспарының вариативті бөлігі есебінен оқытылатын курс ретінде ұсынып отырмыз. Бұл курс, мысалы, қазіргі заманғы ақпараттық және компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы есеп шығарудағы есептеу әдістерінің рөлін көрнекі көрсететін болады. Оқу үдерісіне жаңа оқыту технологияларының енгізілуі есеп шығару әдістері мен тәсілдерін өзгертіп, дәстүрлі әдістермен қатар есептеуді программалауға негізделген модельдеуді және сандық есептеулерді пайдалануға ықпал етеді, ал олар өз кезегінде білімнің пәнаралық интеграциялануына, оқу іс-әрекетін белсендіре отырып, оқушылардың шығармашылық ой-өрісінің дамуына себептеседі.
Курстың негізгі программалық қамтамасыз етілуіне электрондық анықтамалықтар, эксперимент жүргізуге арналған программалар жатады, қосымша ретінде мұғалімнің программалау жүйесі, кестелік процессорлар (Excel), арнайы программалар (Mathcad, Eureka және т.б. математикалық пакеттер) болуы мүмкін.
Бұл курстың негізгі міндеттеріне:
– физикалық зерттеулерде компьютерлік техниканы пайдалана алу дағдысын қалыптастыру;
– пәнді зерделеуге қызығушылықты арттыру;
– компьютерлік техниканы компьютерлік эксперимент жүргізуге және физикалық мазмұны бар есептерді шығаруға біліктерін шыңдау;
– болашақ мамандығын сенімді түрде таңдап алуға дайындау;
– үлгi бойынша әрекет ету бiлiгiн (алгоритмдiк сауаттылық); жалпы пәндiк бiлiк (мәтiндi дұрыс оқи алу, сұраққа жауап таба алу, жоспар құра алу, түйiндi ойды таба алу, мазмұн құрылымын модель түрiнде бейнелей алу (компоненттердi бөле алу және байланысын анықтау), конспектiлер мен тезистер жаза алу, кестелер құра алу, сұлбалық, графиктiк, символдық және т.б. көрнекiлiктермен жұмыс iстей алу);
– ақпараттық сауаттылықты қалыптастыру;
– физика заңдары деңгейiнде теориялық қорытындылаудың құрамды бөлiгi ретiнде есептердi шығарудың алгоритмдiк әдiсiн құра алуды қалыптастыру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |