Лекция №1 Тақырыбы: Сараланған бiлiм берудің әдіснамалық алғы шарттары



бет17/20
Дата01.06.2022
өлшемі222,28 Kb.
#36162
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Қолданбалы курсты оқытудан күтілетін нәтиже. Әрбір сабақ теориялық материалды қайталаумен және есепті шешудің алгоритмін жасаумен байланысты үй тапсырмасын берумен аяқталады. Алгоритмдер әр түрлі қолданбалы программаларды компьютер көмегімен жүзеге асыру үшін жасалады. Курсты зерделеу кезінде оқушылар материалдар жинақтайды, ал ең соңында алынған нәтижелерді мәтіндік редактор көмегімен жинақтайды. Алынған нәтижелердің қабылдану сапасын арттыру үшін компьютерлік графика программаларының мүмкіндіктері пайдаланылады. Нәтижелерді дайындау бойынша мұғалім оқушылардың курсты игеруі туралы қорытынды жасайды. Қолданбалы курсты зерделеу барысында оқушылар келесі біліммен және іс-әрекет тәсілдерімен қаруланады:
– компьютердің қолданбалы программалық құралдарын пайдалану арқылы пәннің есептер шығарумен байланысты іс-әрекетін жоспарлай алады;
– шығарылатын есептерді математикалық ұғымдар тілінде сипаттай алады, шешу мақсатын дәл тұжырымдай алады;
– компьютерде модельдерді құрудың принциптерін біледі, компьютерде модельдей алады;
– есептеу экспериментінің қазіргі заманғы ғылыми танымдағы рөлін және олардың қолданылу аясының мүмкіндіктері туралы біледі;
– өлшеулер нәтижелерін сауатты өңдеп, зерттеу проблемасы бойынша сұрақтарды және қорытындыларды тұжырымдай алады; нәтижелерді қатесін ескере отырып жаза алады;
– ақпараттық технологияны қолдану тәсілдерін біледі.
«Физикалық есептерді шығаруда ақпараттық технологияны қолдану» қолданбалы курсы бойынша келесі мазмұндық материалды ұсынуға болады:
Жаратылыстану пәндерін оқытудағы программалық құралдар.
1. Есептеу эксперименті. Қоршаған ортаны танып білудегі эксперименттің рөлі. Зерттеулер мен эксперименттер жүргізудегі компьютерлік техниканың рөлі. Виртуал эксперимент жүргізуге арналған программалық құралдар. Electronics Workbench қосымшасы.
2. Табиғи үдерістерді математикалық модельдеу үшін қолданылатын программалық құралдар (кестелік процессорлар, программалау жүйелері, Mathcad математикалық пакеті).
3. Сандық және сапалық есептер. Есеп шығарудың әр түрлі тәсілдері. Есеп шығару сұлбасы. Есеп шығаруға арналған компьютердің программалық құралдары (кестелік процессорлар, программалау жүйелері, Eureka математикалық пакеті).
4. Зерттеу нәтижелерін өңдеу. Диаграммалар тұрғызу. Кестелік мәліметтермен жұмыс. Мультимедийлік объектілерді енгізу.
«Бірыңғай ақпараттық білім берудің дамуы (2001–2005 жж.) бағдарламасы аясында [2] қазақстандық мектептер жаппай компьютерлермен жабдықталған болатын, сонымен қатар қазіргі кезде қазақстандық мектептердің 50 %-ы ғаламдық Интернет жүйесіне қосылған. Алайда қазіргі кезде пән негіздерінен сабақ беретін мұғалімге редактормен жұмыс жасау өте күрделі. Электрондық кітапханаларда менюлардың (презентациялау менюі, басты меню, қосымша меню және т.б.) бірнеше түрі бар. Сондықтан ақпараттық технологиямен жұмыс жасай алатын тәжірибелі мұғалімге де кем дегенде 4 сағат көлемінде қайта даярлау курсынан өтуі тиіс деп есептейміз. Ондай курстан өткен мұғалім электрондық кітапханамен жұмыс жасап, сабақтың дербес модельдерін құра алады.
Алматы қалалық мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институтында мұғалімдерге оқылған дәріс кезінде оларға ұсынылған сауалнама сұрақтарына қайтарған жауаптарынан:
а) сабақтарда мультимедиялық курстарды пайдаланатын пән мұғалімдерінің саны артуда, қазіргі кезде шамамен 60 %-ды құрайтындығы;
ә) мұғалімдердің тек 30%-ы қазіргі программалық-педагогикалық құралдардың сапалық деңгейіне қанағаттанушылық байқатындығы;
б) мектептерде ақпараттық-білім беру ортасын құру шамамен 10 %-дай екендігі анықталды. Сонымен қатар мектепте жаратылыстану пәндерін оқытуда ақпараттық технологияның тиімді пайдаланылмауының себептері айқындалды (компьютерлік техникамен жеткілікті деңгейде жабдықталған ғана мектептер қарастырылды):
1. Ақпараттық-компьютерлік технологияны (АКТ) жаратылыстану пәндерін оқытуда әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуінің жеткіліксіздігі.
2. Жаңа ақпараттық технологияны жүзеге асырумен байланысты педагогикалық әдістемемен мұғалімдердің қаруланбауы.
3. Күрделі программалық-педагогикалық құралдарда сәйкес сабақ модельдері көрсетілген әдістемелік ұсыныстардың жеткіліксіздігі.
4. АКТ-ны қолдана отырып, мұғалім мен оқушылардың біріккен әрекеті негізіндегі қазіргі кездегі оқытудың жаңа технологияларын білмеуі жатады. [3]
Мұғалімдер, мысалы, «Физика 7 – 11» сыныптарға арналған ФИЗИКОН компаниясының мультимедийлік курсын пайдалануына болады. Бұл курсқа компьютерлік модельдерді сабақтарда пайдалаудың әдістемесі, компьютерлік моделдерге арналған тапсырмалар, интерактивті модельдерді пайдалану түрлері және т.б. берілген.
Пән мұғалімдерін біліктілігін көтерудің маңызды аспектісіне оқытудың телекоммуникациялық технологияларын пайдалану арқылы оқыту үдерісін ұйымдастыруды жаңа деңгейге көрсету болып табылады. Оларға тек бар ППҚ туралы түсініктерін ғана емес, оларды дидактикалық мақсаттарға сәйкестігі тұрғысынан талдай алуы және қойылған мақсатқа сәйкес программалық-педагогикалық өнімді таңдай алу біліктіліктерін қалыптастыру қажет. Қорыта айтқанда, бүгінгі күні жаратылыстану пәндерін оқытуды сапалы ақпараттық технологиямен қатамасыз ету өте өзекті, ал оларды пайдалану бойынша пән мұғалімдерінің біліктіліктерін жетілдіру одан да өзекті болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет