Лекция №1 Тақырыбы: Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі пәніне кіріспе


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар



бет32/41
Дата05.03.2023
өлшемі1,17 Mb.
#71623
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41
Байланысты:
лекция жинағы

Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Шаңғы спорты

  2. Коньки спортына сипаттама

  3. Хоккей туралы түсінік

  4. Шорт-трек спорты дегеніміз не?



Лекция №14
Тақырыбы: Қозғалыс ойындарының түрлері

  1. Шапшаңдыққа және ойлауға арналған қозғалыс ойындары

  2. Қозғалыс ойындар ережелері

Жас ұрпақты болашаққа дайындау мен дүниетанымын кеңейту құралы ретінде ойынның құндылығы тәрбиелік мақсатта ертеден пайдаланып келеді. Өзінің алғашқы қадамдарынан-ақ сәби ойын арқылы қажетті өмірлік дағды мен сапаларды бойына сіңіреді. Ойын ақыл-ойды дамытады, қабылдауды жетілдіреді, қимылды басқару мен дәлдік құрылымын қалыптастырады, еңбек құралдары мен түрлі заттарды пайдалануда қайталанбас тәжірибе жинақтайды, психикалық қабілетін және т.б. дамытады. Бұдан соң да ол әр адамның бүкіл ғұмыры бойындағы шығармашылық іс-әрекет пен қозғалыққа қажетті табиғи мүддесін қанағаттандыру отырып, өзінің тартымдылық күшін сақтайды. Әлем халықтарының барлық ойындарын пайдаланудың ерекше кең тараған негізгі себебі осы болып табылады.
Қозғалыс ойындары ұлттық мәдениетті тәрбиелейді. Қозғалыс ойындарына тән спорт жарыстарына негіз болатын жан-жақты қозғалыс әрекеті барынша пайдалы және жеке тұлғаны тәрбиелеу мен оның ақыл-ой қозғалыс аясын дұрыс дамытуға өте қажет. Сондықтан қозғалыс ойындары - өскелең ағзаны толық дамыту құралы ғана емес, сондай-ақ дене тәрбиесі мен спорт әлеміне кең ашылған қақпа тәріздес.
Оның қолданылу аясы шексіз. Дене тәрбиесінің басқа құралдарына қарағанда балалық шақтың алғашқы сәттерінен бастап-ақ және жасөспірім кезде ойындарға үлкен мән беріледі. Бұл түсінікті де, себебі ойындық қозғалыс әрекетінің шынайы бағасын жан-жақты ұғынып, дұрыс бағалау өте қиын.
Қозғалыс ойындарының негізгі ерекшелігі дене жаттығуларының көп жақтылығынан көрінеді. Ойын ойнау ойыншылардың қимыл және психикалық әрекетіне бірдей ықпал етеді. Үнемі өзгеріп отыратын ойын жағдайларына лайық мінез-құлқын сайлау бақылау мен реттеу барысында танымдық сананы кең кірістіруді қажет етеді. Нәтижесінде жүйке әрекеттерінің күші мен қозғалмалылығы артады, ағзаның барлық жүйе әрекеттерін бастағы ми қыртыстары және орталық жүйке жүйесі арқылы реттеу қызметі жетілдіріледі.
Бұған қоса ойын әрекеті қимылының көптүрлілігімен және күрделілігімен ерекшеленеді. Оған тірек-қимыл аппаратының үйлесімді дамуына ықпал ететін барлық бұлшықет топтары қатыстырылады.
Ойын шарттарының өзгермелелігі үйренген қимылдарын жаңа жағдайға үнемі лайықтап отыруды талап етеді. Сондықтан қимыл дағдылары икемді, әрі иілгіш болып қалыптасады. Ептілік жетілдіріліп, алдын ала меңгергендерінен жаңаша қимыл тудыру қабілеті дамиды.
Жарыс шарттары қатысушылардан барынша үлкен дене ширығуын талап етеді. Демалыс үзілістерімен шағын қысымдық әрекеттердің барынша қарқынды сәттерінің кезектесіп келуі ойыншылардан үлкен жұмыс көлемін орындауға мүмкіндік береді. Жүктеменің кезетесіп келу сипаты өскелең ағзаның физиологиялыө жағдайының жас ерекшелігіне сәйкес келеді. Сондықтан қанайналым мен тыныс алу жүйесінің қызметін жетілдіруге жақсы әсер етеді.
Ойынның маңызы оларды табиғи жағдайларда кең қолдану мүмкіндігіне орай арта түседі. Шыңғы тебу, орманда, сауда, конькимен және т.б. ойындар – денсаулықты нығайту мен шыңдаудың тамаша құралы.
Табиғи факторларды толық пайдалану әсіресе жас ағзаның дамуы мен өсу кезеңінде өте маңызды.
Терең және жан-жақты ықпал ету ойынды өскелең ұрпақты тәрбиелеуде қайталанбас құрал етеді. Ойынды белгіленген жүйемен және басқа да құралдармен үйлестіре пайдалану қоғамдық ортаны құруға қажетті мінез-құлықты тәрбиелеуде жоғары ықпал етеді.
А.М.Горькийдің пікірімен айтсақ, ойын бұл «балалардың өздері өмір сүретін және өзгертуге құқылы әлемді тану жолы».
Балалық шақ – ойын кезеңі сондықтан балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбие процесін ойыннан бөліп қарауға болмайды. Бұл кезеңдегі ойын әдісі маңызды орын алады және дене тәрбиесінің әмбебап әдісіне айналады. Жасы кіші болған сайын ойынның маңызы да, ықпалы да арта түспек.
Мектеп жасына дейінгі ойын әрекеті – бұл бала қозғалысының ең негізгі түрі. Бұл жастағы бала тәрбиесіндегі маңызды міндеттерді кең көлемдегі ойын түрлерімен, атап айтқанда қозғалыс ойындарының көмегімен шешіледі. Оған қосымша ретінде жалпыдамытушы жаттығуларды, жүру, жүгіру, секіру және қарапайым лақтыруларды пайдаланады.
Бастауыш сыныптарда ойындар бұрышына дене жаттығулары арасында негізгі орын алады. Олардың негізгі салмақ үлесі 1-3 сыныптарға тиеді, онда толығымен қозғалыс ойындарынан құралған сабақтар жиі жүргізіледі. Ойындар көмегімен жаңа қимылдарды үйреніп, үйренгеніне машықтанады.
3-4 сыныптарды ойындар барлыө мүмкін болатын жеңіл атлетика, гимнастика, шаңғы спортының арнайы жаттығуларымен және жалпыдамытушы жаттығулармен толықтыщрылады. Хбұл жаттығуларға оқытқанда қозғалыс ойындарына үйренген қимылдарын жетілдіріп, бекітудің белсенді құралы ролі беріледі.
Ойындар мазмұны бірте-бірте күрделене түседі: тек дене қыздыру қимылдарынан жүгіру, секіру, лақтырудың көптеген түрлері мазмұнын құрайтын ойындарға ауысады. Ойнаушылар арасындағы өзара қарым-қатынас та күрделенеді. Балалар өзіне берілген рөлді атқарып, бірте-біәрте келісімді, бірге әрекет жасауға үйренеді. Көптеген ойындар ұжымдық жарыстар сиопатында болады және спортта жүргізетін ойын қызметтерін орындайды.
5-8 сынып оқушыларының дене тәрбиесінде қозғалыс ойындары бұрынғысынша кең қолданылғанымен оны басқа да жаттығулармен біртіндеп алмастырып отырады. Ойындарды қимыл сапасы дамыту мен қимыл дағдыларын жетілдіру үшін қолданады. Сол сияқты осы кезеңге таныс болатын спорт ойындарының тәсіліне және тактикасына оқытуда дайындық есебінде пайдаланылады.
Жоғарғы сыныптарда қозғалыс ойындары қосымша, толықтырушылық сипат алады да, негізгі роль спорт ойлындарына беріледі. Сонда да бұл жерде қозғалыс ойындары түрлі оқыту – тәрбиелеу міндеттерін атқарушыға көмектеседі.
Мазмұн байлығына қарамастан тек ойынның өзі білім беру мен тәрбиелеу міндеттерінің бүкіл шеңберін қамти алмайды. Сондықтан ойындарды тиімді пайдаланудың міндетті шарты оларды басқа да дене жаттығуларымен байланыстыру қажет болады.
Балалар бақшасында жалпы білім беретін мектептерде, ПТУ мен жоғары және арнайы оқу орындарында, санаторийлер мен демалыс саябақтарында, дене тәрбиесі ұжымдарынла – барлығында да ойындарға маңызды орын береді.
Орта жалпы білім беру мектептерінде ойынды пайдалану оқу-тәрбие міндеттерін толық шешуге мүмкіндік береді. 1-8 сыныптарда ойындар негізгі бағдарламалық материалға ендіріліп, гимнастикамен, жеңіл атлетикамен, шаңғы және спорт ойындарымен, жүзумен, күрес және көркем гимнастикамен бірге қолданылады.
Қозғалыс ойындары мектептен тыс және сыныптан тыьс шараларда, әсіресе, жазғы лагерьлерде үлкен орын алады.
Орта кәсіптік-техникалық училищелер мен арнайы оқу орындарында қозғалыс ойындарын пайдалану оқушылардың жалпы дене даярлығының жоғары деңгейіне жетуге көмектеседі.
Дене тәрбиесі ұжымдарында, БЖССМ-де, сопрт секцияларындағы қозғалыс ойындары жас спортшылардың жалпы және арнайы дайындығын қамтитын бағдарламалық материалдың міндетті бөлімі болып табылады.
Балалар мен спорт – сауықтыру лагерьлерінде қозғалыс ойындары оқушылардың алғашқы спорт дайындығы міндеттерін шешіп денсаулығын нығайтуға көмектеседі.
Мәдени – ағарту мекемелерінде, мәдениет және демалыс саябақтарындағы қозғалыс ойындарын түрлі тұрғындар тобы арасында жарыс өткізу үшін пайдаланады.
Тұрғын үй қолдану мекемелерінде балалар мен жасөспірімдерді қозғалыс ойындарымен шұғылдандыру тұрғын мекені бойынша дене тәрбиелік – сауықтыру жұмыстарының міндеттерін атқаруға көмектеседі.
Емдеу орындары мен санаторийлерде қозғалыс ойындарын емдеу алдын-алу мақсатында пайдаланады.
Негізгі міндеттерді шешу үшін ойындарды арнайы тапсырмалар мен сабақтарға ендіреді. Бұнда оларды педагогтың басқаруымен ұйымдасқан түрде жүргізеді.
Ойындар үзілісте, жиындарда, кештер мен мерекелерде өзіндік шаралар ретінде де жүргізілуі мүмкін. Бұл жағдайда балалардың өзі белсенді роль атқарады, мұнда ойындар өзіндік дербес түрде болады.
Жанұядағы ойындардың да алар орны ерекше. Балалар мен ата-аналардың бірге ойнауы баланың даму процесіндегі міндетті әрі қажетті болып табылады. Зтуылғанан бастап 3 жасқа дейін сәби жөзінің ойын тәжірибесін отбасынан алады, осында ол өзінің дене жаттығулары мен дене тәрбиесіне деген көзқараосының негіздерін қалыптастырады. Балалар мекемесіне ауысқан шақтан бастап ойын тәжірибесін жинақтауы маман – педагогтардың ықпалымен жүзеге асырылады.
Сабақтан бос кездегі ата-аналардың ұйымдастырған қозғалыс ойындары балаларды мектептен тыс тәрбиелеуде маңызды дәрежеге ие болады. Үй алаңында арнайы ұйымдастырылған ойындар балаларды қараусыз қалудан сақтайды, жақсы демалыс пен күшті қалпына келтіруге жағдай жасайды және мектеп оқушыларын спорт секцияларына тартуға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет