Лекция №1 Тақырыбы: Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі пәніне кіріспе



бет40/41
Дата05.03.2023
өлшемі1,17 Mb.
#71623
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
«Бестік шабуылдайды»
Ойнаушылар саны – 15 адам.
Орны – баскетбол алаңы.
Дайындық. Ойнаушылар үш бестікке бөлінеді. Команданың біреуі баскетбол добын алып, алаң ортасына тұрады. Келесі екі команда қалқан түбінде орналасады.
Ойынның сипаты. Белгі бойынша добы бар бестік шеңберге шабуылдай бастайды. Оны екі команданың бірі (шеңберді) қорғайды. Егер ол шеңберге доп сала алса, шабуылды келесі шеңберге қайталайды. Қорғаушы командалардың бірі допты алып қойғанша немесе шабуылдаушы команда допты түсіріп алғанша ойын жалғасады. Онда келесі шеңберге осы команда шығады да шабуылдаған команда қалқан астына қорғанысқа ауысады. Белгіленген уақытта көп ұпай жинаған команда жеңеді.
Ереже. Бұл ойында баскетбол ережесі қолданылады.
Әдістемелік нұсқаулар. Белгіленген тәсілдік және тактикалық ойын амалдарын алдын ала айтып түсіндіріп, оны қолдануды талап ету қажет.
Ойынның педагогикалық мәні. Ойынды баскетбол ойының дағдыларын жетілдіріп, бекіту үшін пайдаланады. Осы ұстаным бойынша гандбол, хоккей, т.б. ойындарды да ұйымдастыруға болады.


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Қозғалыс ойынының түрлері мен ерекшеліктері

  2. Бастауыш сыныпқа арналған қозғалыс ойындар

  3. Шапшаңдыққа және ептілікке арналған қозғалыс ойындары

  4. Оқушылардың тез ойлау қабілетін дамытуға арналған қозғалыс ойындары



Лекция №15
Тақырыбы: Теннис
1.Үлкен теннис
2. Үстел теннисі
Қазiргi үлкен теннистiң тарихы XIX ғасырдың екiншi жартысында бастайды. Дәл сол кезде "лаун-теннис" аталған ойын пайда болады, оның із ашары одан да көнерек, бөлме ішінде ойналатын ойын болған. Уимблдон турниры, осы кезге дейін сақталған ең көне теннис жарыс түрі 1877 жылдан бастап өткізіліп келеді, ал ұлттық құрамалар арасындағы тұнғыш жарыс - Дэвис кубогы - өзінің тарихын 1900 жылдан бастайды. Теннис Олимпиада ойындары программасының бөлігі болып 1896 жылы өткен I Олимпиададан бастап табылады, алайда, теннис және Олимпиада ойындары тарихында, тек 1988 жылы біткен, жартығасырлық үзіліс орын алған. Басында, теннис ресми түрде әуесқойлық спорт тұрі болып саналған, алғашқы кәсіпқой-ойыншылар тек XX ғасырдың 20-жылдары пайда бола бастады, ал 1960 жылдың соңынан бастап Ашық дәуір басталып кетті, оның шеңберінде барлық жарыстар әуесқой ойыншыларға да , кәсіпқой ойыншыларға ашық болып, ITFATP және WTA халықаралық ұйымдар меңгеру астында, бірнеше ірі циклге ("тур") бөлінді.
Теннистiң орта ғасырлық әдебиетiндегi өте белгiлi аталып өтулерінін бiрі Шекспирдін "Генрих V" тарихи хроникасында кездеседі, француз дофины жас ағылшын короліне қалжын ретінде теннис доптарына толы кішкене бөшке жібереді. Алайда Генрих V-ке жіберілген теннис доптар, Шеспирден бұрын, Гальфрид Монмутскийдін "История королей Британии" хроникасының жалғасында кездеседі, хрониканың өзі XV ғасырдың бірінші жартысына жатады.
XVI ғасырда француз корольдерінің көбісі теннис ойнады: Франциск I королінің яхтасында теннис залы жабдықталған, Генрих II Луврде теннис залын салу туралы бұйрық берді, ал Карл IX 1571 жылы париждік теннис ойыншылар мен шеберлерге гильдия құқығын беріп, теннисті ханзадалар, пэрлар және мәртебелi адамдар шұғылдана алатын жаттығу түрлерінің ең асыл, сенiмдi және пайдалы түрі деп атады. Теннис Генрих VIII-дін де спорт түрі болды, ол осы ойынға Вестминстерде және Хэмптон-кортте залдар салды (соңғысы 500 жылға жуық алғашқы мақсаты бойынша қолданылады). Корольдер мен монахтардан басқа теннис бұқара халықты да қызықтырды: ортағасырлық университеттер залдар салды, ал қала тұрғындары теннис далада ойнағын. 1600 жылға қарай әр улкен қалада бірнеше залдан, ал Парижде 250-ден астам зал және мыңнан астам ашық корттар болды. 1604 жылғы бағалау бойынша, Францияда, теннис залдар шіркеулерге қарағанда 2 есе көп болған деген ой бар.
Осыған қарамастан, теннис, өзінін көпжылдық тарихында таңдаулылардың ойыны болып саналды. Матч қатысушыларының аз саны және көрермендер үшін шектелген көру зоналары себептерінен, теннис шынымен халық көңiл көтеру ойыны бола алмады, жүз жылдан кейін Парижде тек 10 теннис залы болды, бәрінін сапасы нашар болған. Теннис залдары басқа мақсаттарға қолданыла бастады, сонын ішінде театр труппаларының ойын көрсетуі үшін, «Оксфордская иллюстрированной энциклопедии театра» кітабына сәйкес, бұл құбылыс келешек театр залдарының формасын алдын ала анықтады. Жё-де-помның сақталып қалған бір залы тарихқа, Үшiншi сословие Генералды штаттарынын депутаттары жиылған орны болып кірген, олар 1789 жылғы король жарлығы бойынша мәжiлiсханаға кіргізілбеген. Депутаттар өздерін Ұлттық Жиналыс деп жариялап, Францияда конституция қабылданғанша, осы залда кездесуге серік береді. Қазіргі теннистін қарқынды дамуына қарамастан, жё-де-пом өзінін тіршілігін жойған жоқ. Бұл спорт түру 1908 жылдың Олимпиада ойындарында сайыс түрі ретінде кірді, ал жүз жылдан кейін әлемде 5000-ға жуық бас июші болған.
2022 жылғы маусымның басы қазақстандық екі теннисші – Елена Рыбакина мен Анна Данилина үшін ең сәтті болды. Еліміздің бірінші ракеткасы Сиднейде өтіп жатқан WTA 500 сериясы турнирінің финалисті атанды. Бразилиялық Беатриз Хаддад Майямен жұптаған Анна Данилина алдымен Sydney Tennis Classic турнирінің жеңімпазы атанса, жұптық сайыста Австралия ашық біріншілігінің финалына шықты.
Үстел теннисі (Пинг-понг) – белгілі ғимарат ішінде, арнайы ойын үстелінде арнайы ракеткамен ойналатын, шапшаңдыққа бағытталған спорт түрі. Егер қарсылас арнайы допты үстелден тыс жерге асырса немесе сіздің алаңыңызға түсіре алмай допты ракеткамен торға ұрса сіз арнайы ережелер бойынша ұпай ала аласыз. Ойыншылардың бірі қателескенше шарды тез екі жаққа ұра береді. Қателескен ойыншы ұпай жоғалтады. Кәдуілгі қателер: шар тордан өтпей қалады; ойыншы шарды ракеткамен соға алмай, мүлт кетеді; соққан шары столдың қарсылас жақ бетіне тимей кетеді; шарды столға тимей тұрып соғып жібереді.
Пинг-понг сөзі 1901 жылдардан бастап кездесе бастады. Оған дейін, ойын кезінде шығатын әр түрлі дыбыстарға байланысты "Флим-флам", "Виф-ваф", "Госсим" деп аталып жүрді. Яғни, ресми түрде "Пинг-понг" атауын бір ғасырдай бұрын американдық Джон Джаквес тіркеді. "Пинг" - ракеткамен допты соққан кезде шығатын дыбыс, "понг" - доп ойын үстеліне тигенде шығатын дыбыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет