Лекция №1 Тақырыбы: Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі пәніне кіріспе



бет30/41
Дата05.03.2023
өлшемі1,17 Mb.
#71623
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41
Бірінші этап – отбасында және мектепке дейінгі мекемелерде жалпы физикалық тәрбие беру. Бұл этаптын мақсаты балалардың денсаулығын мықты ету және олардың дұрыс жетілуіне ықпал ету. Бірінші этапта балалар дене мәдениетімен танысады, спорттың әртүрлерін біліп, оларды үйренуге деген ынтасы оянады. Балалар алғаш рет конькиді киіп, онымен қалай жүруді үйренеді. Бұл кезде балаларға мұғалімдер мен ата-аналар көмектеседі. Екінші этап – балаларды жалпы білім беретің мектептерде дене тәрбиесіне тәрбиелеу. Бұл уақытта балалардың дене қуатыда, психологиясыда, қозғалыс сапасыда дамып, жетіледі. Жалпы білім беретін мектептерде балалар коньки спортымен белсене айналысады. Қабілетті де, дарындылары әртүрлі ДСО-лар мен ДЮСШ-ларға үйірмелерге жазылады. ДЮСШ-лардың жаттықтырушылары екі тапсырманы шешуі керек: олар конькимен жүгіру спортынан әртүрлі тапсырмалар беру және осы арқылы барлық оқушыларды осы спорт түріне тарту; ынтасы, ықыласы бар оқушыларды іріктеп алу. ДЮСШ-ларда жастар мен жасөспірімдер екі фазалық спорттық жаттығулар түрлерінен өтеді: бастапқы жалпы жаттығулар және базалық мамандандырлыған жаттығулар.
Бірінші фаза - балалар ДЮСШ-ға келмей тұрып яғни 7-8 жас аралығында басталады және 4-5 жыл жалғасады. Жаттығулар бастауыш сынып мұғалімдерінің жетекшілігімен өткізіледі.Бұл уақытта оқушылардың жалпы физикалық қимылы, денсаулығы тексеріледі, мұзда сырғанаудың әдіс-тәсілдері үйретіледі. Бұл этапта жас конькишілер жасөспірімдер разрядың алуға сынақтар тапсырады, соларға дайындалады. Екінші фаза – базалық мамандандырылған жаттығулар ДЮСШ-да оқу-жаттығуы біткенше пайдаланылады. Оның мақсаты- жас конькишіге арнайы физикалық, моралдықтехникалық дайындығының арқасында спорт шебері етіп дайындау.
Үшінші этап – мектептерде, жоғары оқу орындарында, әскери бөлімдерде, аудан-ауылдарда жалпы дене тәрбиесін қалыптастыру және конькимен жүгіру жаттығуларын ұйымдастыру. Осы арқылы жас конькишілер ауылдықаудандыққалалық құрама командалардың мүшесі болады. Осы командалар болашақта біздің еліміздің намысын қорғайтын, ел үшін жанын беретін ер-жүрек азаматтар болып шығады.[1]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет