8.2 Жалпы географиялық шолу карталарда табиғат объектілерін бейнелеу ерекшеліктері. Су объектілерін бейнелеу. Теңіздердің жаға бойы сызығы және құрлық сулары барлық ұсақ масштабты шолу карталарда көрсетіледі. Теңіз жаға бойы, көлдер, өзендер, елді мекендер мен тағы басқа да географиялық объектілерін орнату үшін ориентир болып табылады.
Жалпы географиялық карталарда Дүниежүзілік мұхиттың жаға бойы сызығын, табанының бедерін, оның бөліктерін көрсетеді. Кейбір карталарда мұхиттағы теңіз жолдарын, мұхиттық ағыстарды, тұрақты және жүзетін мұздардың таралу шекараларын көрсетеді. Мұхит табанының бедерін гипсометриялық тәсілмен бейнелейді. Тереңдіктердің көрсшілес сатыларының шекарасы ретінде изобаталар қызмет атқарады. Тереңдігі өзгермейтін сызықты изобата деп атайды. Изобаталарды тереңдік белгісі бойынша құрастырады, яғни горизонтальдарды биіктік белгілері бойынша құрастыру сияқты.
Шолу жалпы географиялық карталар үшін тереңдіктердің стандарттық шкаласы жоқ, бірақ барлық карталарда Дүниежүзілік мұхит табанының барлық ірі пішіндерін шектейтін изобаталар көрсетіледі. (200 метрлік изобата материктің қайраңды көрсетеді, 2000 м изобата шамамен материктік беткей мен мұхат шарасы арасындағы шекара, мұхиттың ең терең учаскесі – терең сулы шұңғымалар (науалар) – 6000 м изобатамен көрсетіледі). Изобаталар арасындағы сатылар көк бояумен көрсетіледі, негізгі принцип тереңдеген сайын түс қоюланады.
Мұхит акваториясының кейбір учаскелерінде бейнелеудің гипсометриялық тәсілін толықтыратын тереңдіктер белгілері орналастырылады. Мұндай сандық белгілерімен мұхит немесе теңіздің ең терең жерлерін, фарфатер бойынша ең тайыз жерін көрсетеді.
Ұсақ масштабты шолу жалпы географиялық карталарда теңіз немесе мұхит жаға бойын көрсету картаның маңызды элементі болып табылады. Оның себебі, теңіздің жаға бойы акваториясы шаруашылықта, теңіз көлігі, балық аулау т.с.с. үшін кеңінен қолданылады, сонымен бірге теңіздің жаға сызығы мемлекеттердің табиғи шекарасы болып табылады.
Ірі өзендердің өзен жүйелері үлкен аумкақты қамтиды, сондықтан оларды толық тек шолу карталарда бейнеленеді. Өзен жүйесінің басты өзенін сызықтық шартты белгісін қалыңдау түрінде көрсетеді. Ұсақ масштабты жалпы географиялық карта бойынша өзен жүйесінің ерекшеліктері туралы мәлімет алуға болады. Мысалы, өзен жүйесінің конфигурациясы, симметриялық немесе асимметриялық, басты өзенінің жоғарғы, орта және төменгі ағыстары арасындағы айырмашылықтар т.б. қасиеттері мен элементтері туралы мәлімет алуға болады. Сонымен қатар өзен жүйесінің алқабы (бассейні) туралы түсінік қалыптастыруға болады: көлемі және пішіні, қоректену облыстарының ерекшеліктері, суайырықтарының сипаты т.с.с. туралы мәліметтер. Өзен аңғарының сызықтың белгісінің ұзындығы өзеннің ұзындығы туралы түсінік береді. Ұзын өзеннің бастауын анықтау үшін өзеннің аты жазылады. Бірақ картада өзеннің ұзындығын өлшегенде ұсақ масштабты картада жалпыластыру өте жоғары болатындығын есепке алу қажет. Мысалы, Москва өзенінің ұзындығы 502 км, масштабы 1:1 250 000 картада өзеннің ұзындығын өлшегенде ол 375 км құрады, яғни оның ұзындығының 75 % құрайды. Ал масштабы 1:2 500 000 картада осы өзеннің ұзындығын өлшегенде 240 км шықты, ол өзеннің нақты ұзындығының жартысын құрады. Өзендер шартты белгісінің ені масштабтан тыс көрсетіледі.
Жалпы географиялық карталарда көлдерді көлеміне байланысты әр түрлі жолымен көрсетеді. Мысалы, Каспий теңізін тереңдіктер шартты белгілерімен бейнелейді. Кейбір карталарда ірі көлдерді изобаталармен көрсетеді. Сандық шартты белгілерімен көлдердің тереңдігін көрсетеді, кейбір жағдайда көл жаға бойының абсолюттік биіктігін көрсетеді. Сонымен бірге көлдердің тұздылығын түспен көрсетеді.
Жер бедерін, топырақ-өсімдік жамылғысын бейнелеу. Географиялық карталарда жер бедерін бейнелеу өте қүрделі мәселе, басты себебі көлемді денені жазықтықта көрсеті қажет. Шолу жалпы географиялық карталарда құрлықтың ауданы бойынша ірі территорияның жер бедерінің жалпы көрінісі мен оның ерекшеліктерін көрсетеді. Бұл карталар бойынша құрлықтың қай бөлігі жазықты, қай бөлігі таулы т.с.с. анықтауға болады.
Картографияда жер бедерін бейнелеудің бірнеше тәсілдерін бар. Бірақ бір де бір тәсіл жер бедері пішіндерін толық көрсетпейді. Сондықтан, жер бедерін картада бейнелеу үшін барлық тәсілдерді қолданады. Солардан ең жиі қолданылатын: биіктіктер белгілері, гипсометриялық тәсіл және (отмывка - жуу) тәсілі.
Гипсометриялық тәсіл немесе қабатты боялу (послойная окраска) тәсілі, биіктік сатылары бойынша боялу (окраска по ступеням высот). Оның негізін құрайтын топографиялық карталардағы горизонтальдар сияқты карта бетіндегі изогипстер сызығы. Изогипстер деген, абсолюттік биіктігі бірдей нүктелерді біріктіретін карта бетінде сызық, горизонтальдардан айырмашылығы изогипстер күшті жалпыластырылған. Яғни топографиялық карталарда горизонтальдер арасындағы қима биіктігі тұрақты болады, ал изогипстер арасындағы қима биіктіктер тең емес. Изогипстермен ұсақ масштабты картада құрлық жер бедерінің ірі пішіндерін көрсетуге тырсады. Осыған байланысты барлық шолу жалпы географиялық карталарда жазықтарды қыраттардан ажырататын 200 метрлік изогипс сызығын, таулы жазықтар мен қыраттар арасында шамалап өткізетін шекараны 500 м-лік изогипс сызығын, аласа таулардың жоғарғы шекарасы 1000 метрлік изогипс сызығын, орта биікті таулардың жоғары шекарасы 2000 метрлік изогипс сызығын міндетті түрде көрсетеді.
Биіктіктер және тереңдіктер шкаласындағы теңіз деңгейі мен 200 метрлік изогипс арасында жер бедерінің қима биіктігіне және 50 немесе 100 метрлік изогипстер қосылады. Жалпы географиялық шолу (анықтағыш) карталарда биіктіктер шкаласында басым мынадай биіктіктер сатылары қолдыналды:
0 – 50 – 100 – 150 – 200 – 250 – 300 – 400 – 500 – 600 – 800 (немесе 750) – 1000 – 1500 – 2000 – 2500 – 3000 – 4000 және әрі қарай 1000 м қосылады.
Изогипстер жер бедері туралы толық мәлімет бермейді, сондықтан жер бедері пішіндері карта бетінде көрнекі болсын деп биіктіктер шкаласының сатыларына бояу түсіреді, яғни карта бетінде изогипстер арасындағы кеңістіктер бір түспен және жиілікпен бояйды. Бояуы түспен және оның қоюлығы өзгермейтін изогипстер арасындағы биіктік зонаны биіктік сатысы деп атайды. Жалпы географиялық шолу карталарда жоғарыда көрсетілгендей тереңдіктер көк бояумен бейнелейді. Құрлықта 200 м биіктікке дейін жазықтықтарды жасыл бояумен көрсетеді. Әдетте бұл биіктік интервал 2-3 сатыға бөлінеді, 0 метрден төмен, 0 метрден 100 м дейін, кейін 100 – 200 м. Олардың айырмашылығы жасыл бояудың коюлығымен ажыратылады. 200 метрден жоғары құрлық учасклері ашық құмды-сарыдан (песочно-желтый) оранжевыйға түске дейін боялады. 1000 метрлік изогипс басым оранжево-қоңыр (оранжево-коричневый) түс басталуының шекарасы болып келеді. Ең жоғарғы сатылар қызыл-қоңыр бояумен көрсетіледі.
Биіктікті-тереңдікті шкаланың түстері көрсетілетін объектілердің табиғи түстеріне жақын, мысалы теңіз суының түсі көк немесе көгілдір, жазықтардың жасыл бояуы өсімдіктер жамылғысына сәйкес келеді, ал таулардың сары-қоңыр бояуы басым болып келетін жарыққа шығатын тау жыныстардың түсіне сәйкес болады.
Жуу (отмывки) тәсілі жер бедерін бейнелеудің пластикалық тәсіліне жатады. Бұл тәсіл жер бедерін бейнелегенде жер бетінің дөңесті екенін көрсетеді (эффект выпуклости земной поверхности). Мұндай көрініс пайда болу үшін жер бедерінің белгілі бір элементтеріне көлеңке түсіріледі. Көлеңке қоңыр немесе сұр бояумен көрсетіледі. Көлеңке көрсетуде басым жарық көзі солтүстік-батыста деп есептейді, ал көлеңке таулардың оңтүстік-шығыс беткейлерінде көрсетеді. Бұл көлеңке түсіру принципы қисық жарық түсудегі жуу (отмывка при косом освещении). Сонымен қатар жарық көзінің орналасуын өзгерту болады.
Тұтас жуу тәсілін пайдаланғанда биіктік интервалдарды түрлі бояумен көрсетеді. Бір бояумен көрсетілген таулардың ең биік жерлерінде боялуы ашықтау түрінде болады. Құрлық бетін бейнелеуде пластикалық тәсілдің бір түрі – фоторельеф. Фоторельеф деген жер бетінің көлемді модельдерін (объемные модели) оларды шетінен жарыққа түскен кезіндегі суреті.
Жер бедерін перспективтік бейнелеу тәсілі ертеден қолданылған тәсіл болып келеді. Бұл тәсілде жер бедерінің оң пішіндері перспективтік суретпен бейнеленеді. Мұндай бейненің көрнекілігі өте жоғары, бірақ жер бедерінің көлемі мен пішіндерінің дәльдігі төмен болады.
Жер бедерінің пішіндері объеткивті түрде ғарыштық суреттерде көрсетіледі, бірақ суреттерде биіктік белгілері болмайды және ғарыштық суреттерде бұрмалану болады.
Топырақ (грунт) пен өсімдік жамылғысы кең территорияда тұтас таралады, сондықтан оларды картада бейнелеу үшін аудандық белгілерді қолданады. Мысалы, фондық бояумен. Бірақ картада 1-2 фондық бояуды біріктіру өте қиын мәселе. Сондықтан шолу ұсақ масштабты географиялық карталарда топырақ пен өсімдік жамылығысының тұтас бейнесі болмайды. Мұндай карталарда өсімдік-топырақ жамылғысы топырақтың және өсімдіктердің жеке азоналдық типтерін (мысалы сор және батпақ) бейнелейді. Кейбір карталарда өсімдік жамылғысы таралған территория бойынша белгілі бір шартты белгінің таралуымен көрсетеді.