Лекция №1 Тақырып: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде



бет8/11
Дата10.04.2023
өлшемі51,59 Kb.
#81269
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
4. Биліктің легитимділігі.
Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимділігінен білінеді. Легитимділік (латын тілінде заңдылық, шындық деген мағынаны білдіреді) дегеніміз халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.
Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін мынандай екі шарт қажет:
1) ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек. Яғни, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мезгілге халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс;
2) мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.
Немістің көрнекті ғалымы Макс Вебер билік басына келудегі легитимділіктің мінсіз түрлері ретінде үш үлгесін көрсетті.
1. Әдет-ғұрыптық легитимділік. Ол сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге сүйенді. Сондықтан, мысалы, (кейбір елдерде қазір де) хан, сұлтан, патша, шах, әмір және т.б. билігін халық дұрыс, заңды деп түсінді. Билік әкеден балаға мирас болып қалып келді, оны жұрт ата-салтымыз деп мойындап отырды.
2. Харизматикалық легитимділік. Мұнда өзінің ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгілі қабілет-қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы етіп жариялап, соның соңынан ереді. Халық тек сол көсемге беріліп, соған ғана сенеді. Мысалы, Мұхаммед пайғамбар, Ганди, аятолла Хамейни және т.б. Ол адамдар жеке басқа табыну дәрежесіне жетті. Харизма деген сөздің өзі де көсемге, мемлекеттік басқарушының жеке басына табыну деген мағынаны білдіреді.
3. Ақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігі. Онда саяси билік салт-дәстүрге немесе тарихи тұлғаға байланысты емес, қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді. Мұндай легитимділік саяси биліктің пайда болуы және өмір сүруі демократиялық талаптарға сәйкес келеме, жоқ па сонымен анықталады.
Легитимдіктің алдыңғы екі түрі құлдық және феодалдық қоғамдарға тән болса, үшінші түрі қазіргі дамыған елдерге тән. Шығыс елдерінің саяси қайраткерлері биліктің легитимдігіне зор назар аударады. Себебі, халық қазіргі үстемдік етіп тұрған саяси тәртіпке сенуі керек. Сонда ғана оны жұртшылық қолдайды және ол тиімді қызмет атқарады.
Мемлекеттік құқықтық тәртіптің легитимдігінің ең биік дәрежесіне конституция жатады. 1995 жылғы 30 тамызда Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы саяси билікке нақтылы легитимдік берді. Онда Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялады. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады. Республика Президенті мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы болып табылады. Ол – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының рәмізі әрі кепілі. Парламент – заң шығару функциясын жүзеге асыратын республиканың ең жоғары өкілді органы. Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға арналған. Конституциялық Кеңес республикасының бүкіл аумағындаҚазақстан республикасының Конституциясы үстінен қарауды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет