Лекция №1 Тақырып: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде


Лекция № 3 Тақырып: Қоғамның саяси жүйесі



бет9/11
Дата10.04.2023
өлшемі51,59 Kb.
#81269
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Лекция № 3
Тақырып: Қоғамның саяси жүйесі

1. Қоғамның саяси жүйесі ұғымы, мәні.


2. Қоғамның саяси жүйесінің құрылымы мен элементтері, функциялары.
3. Қоғамның саяси жүйесінің түрлері және жіктелуі.
(Виделекцияға сілтеме https://youtu.be/mHQXPBMXXeI)


1. Қоғамның саяси жүйесі ұғымы, мәні.
«Жүйе» ұғымын ХХ ғасырдың 20 жылдары ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс биологы Л.Фон Борталанфи (1901-1972). Ол бұл терминді клетканың сыртқы ортамен алмасу процесін көрсету үшін пайдаланды. Ғалым жүйеге өзара байланыста болатын элементтердің біртұтас жиынтығы ретінде қарады. Жүйенің бір элементі өзгеріске ұшыраса, барлық тұтастық өзгереді. Жүйе сыртқы дабылдарға және өзінің ішкі элементтерінің талаптарына жауап қайтару арқасынды дамиды.
Кейін жүйелік тәсіл қоғамдық ғалымдарда пайдаланыла бастады. Социологияда қоғамды жүйелік түрде талданған – Т. Парсонс. Ол қоғамды өзара байланыста болатын 4 жүйешіктен (экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани) тұрады деді. Жүйешіліктің әрқайсысы белгілі бір қызметті атқарады, іштен және сырттан түсетін талаптарға құлақ асып, жауап қайтарады. Олар қосылып жалпы қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етеді.
Саяси жүйе теориясының пайда болғанына көп уақыт болған жоқ. Оны ХХ ғасырдың 50 жылдарында Американың саясаттанушысы Давид Истон ойлап тапты. Ол саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін былай сипаттайды. Саяси жүйе сыртқы ортамен «кіріс», «шығыс» принциптері арқылы байланысады.
«Кірістің» 2 түрі бар: талап және қолдау. Талапты халықтың билік органдарына қоғамдағы құндылықтардың, қазына мен қаржының, қоғамдық қордың әділетті, дұрыс немесе әділетсіз, бұрыс бөлінуі туралы пікірі, билік органдарына үндеуі деуге болады. Ол қоғамда белгілі бір қажеттіліктің, мұқтаждықтың бар екендігін білдіреді және әр түрлі болады. Мысалы, еңбекақыны көтеру, жұмыс күнін қысқарту, әлеуметтік салаға қаржыны көбейту, еркіндігін қорғау және тағы басқа. Мұндай талаптар көбейіп, оларға билік органдары назар аудармаса, саяси жүйе әлсірейді.
Қолдау қоғам мүшелерінің саяси жүйеге ниеттестігін, адалдығын, саяси институттарға сенетіндігін білдіреді. Ол үстемдік етіп отырған саяси жүйені күшейтеді. Қолдауға, мысалы, салықты дер кезінде төлеу, әскерлік міндетті атқару, ұлтжандылық білдіру, сайлауға белсене қатысу, қабылданған шешімдерді, заңдарды уақытынды бұлжытпай орындау және тағы басқа жатады.
Халықтың әр түрлі жіктерінен түскен талаптарға саяси жүйе қандай типке жатуына байланысты әр түрлі қарайды. Мысалы, антидемократиялық, тоталитарлық саяси жүйе адамдардың талап-тілектеріне билікке көрсетілген наразылық ретінде қарайды. Сондықтан олардың әділдігіне сенімсіздік білдіріп, әр түрлі айла-тәсілмен басып-жаншуға тырысады. Демократиялық, конституциялық саяси жүйе халықтың мұқтаждығына, тілек-талаптарына жауап беруді, оларды мүмкіншілігінше қанағаттандыруды өз қызметін атқару деп түсінеді.
Шығыс – саяси жүйе жұмысының нәтижесі. Онда саяси жүйе түскен талап-тілектерге сәйкес саяси шешімдер қабылдайды, оларды жүзеге асыру жоспары қарастырылады. Оны халықтың талап-тілектеріне жауап деп түсінуге болады. Мысалы, шығысқа қабылданып жатқан заңдарды, атқарушы биліктің қаулыларын, соттардың шешімдерін және т.б. жатқызуға болады. Саяси жүйе орасан зор әлеуметтік мәлімет, хабарламаларды қарастырып, оларды нақтылы шешімдерге айналдырады. Олар жаңа талаптарды тудыруы мүмкін. Сөйтіп кіріс пен шығыс әрдайым бір-біріне есеп беріп отырады. Саяси өмірдегі бұл кері байланыс қабылданған шешімдердің дұрыстығын тексеру, оларды түзету, қателерді жою, қолдауды ұйымдастыру үшін үлкен маңызы бар. Кері байланыстың бұрын таңдалған бағыттан бас тартып, басқа бағдар алуға, жаңа мақсат қойып, оған жету жолын таңдауға да мәні зор.
Егер билік басындағылар қоғам мүшелерінің талаптарын тыңдамаса, оның шешімдері қолдау таппайды. Егер талаптар шамадан тыс көп болмаса және кіріс пен шығыстың әрекеттері дер кезінде өзара үйлестіріліп отырса, саяси жүйе тиянақты қызмет атқарады.
Д.Истонның идеяларын Г. Алмонд одан әрі дамытты. ХХ ғ. 50-60 жылдары көптеген бұрын отаршылдықта болған Африка, Латын Америкасы елдері егемендігін алып жаңа даму жолына түскен. Олардың біразы батыс саяси жүйесін қабылдады. Алайда ол келеңсіз зардаптарға әкелді. Д.Истон соны зерттеді. Батыс елдерінің саяси институттары бөтен әлеуметтік-экономикалық және мәдени-діни ортада өзінің көптеген қызметтерін ойдағыдай атқара алмады. Ең алдымен қоғамның тұрақты дамуына қол жетпеді. Мұндай тәжірибені сараптау негізінде салыстырмалы зерттеулер дами бастады. Оған Д. Истон басшылық етті.
Ол саяси жүйеге рөлдер мен олардың өзара қатынасының жиынтығы ретінде қарады. Олар үкіметтік институттар арқылы ғана емес, басқа да саяси астары бар құрылымдар арқылы да жүзеге асырылады. Бұл құрылымдарды талдағанда ол 2 деңгейді – институционалдық және бағдарлық – баса айтты.
Егер біріншісі мемлекеттік және мемлекеттік емес институттарды зерттеуге көңіл бөлсе, екіншісі саяси мәдениетті құрайтын саяси құрылымды зерделеді. Құрылым деп Д.Истон өзара байланысты рөлдер жиынтығын түсінді. Саяси жүйенің өзіндік мүмкіндіктері де бар. Д. Истон мен Г.Алмонд (1911 жылы туған) олардың төрт түрін көрсетеді: 1) топтар мен жеке адамдардың жүріс-тұрысын басқаруға байланысты реттеу мүмкіндігі; 2)өзінің қызмет етуіне қажетті экономикалық және басқа қорларды табуға байланысты қысымдық мүмкіндігі; 3) қорларды, игіліктерді, қызметті, үздік (озаттық) белгілерді және т.с.с. бөлу және қайта бөлу мүмкіндігі; 4) әлеуметтік ортаның талаптарына әрқашан жауап берерлік, өзгерген жағдайларға бейімдеушілік мүмкіндігі. Үндістан саясатшысы П. Шарон бұл төртеуіне бесіншісін – ішкі жағдайын басқара алатын өзін-өзі реттеу мүмкіндігін қосады. Осының бәрі, сайып келгенде, үстемдік етіп отырған қоғамның біртұтас өзін-өзі басқара алатын әлеуметтік организм ретінде қызмет етуін қамтамасыз етуі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет