Лекция 1 Тіл білімі туралы жалпы түсінік. Тіл білімінің ғылымдар жүйесіндегі орны, басқа ғылым салаларымен байланысы



Pdf көрінісі
бет5/23
Дата08.12.2022
өлшемі1,22 Mb.
#55940
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
ТБК Лекциялар

е, р, е, з, е деген дыбыстардың тіркесінен жасалған, бұл оның фонетикалық жағы; 
аталған сөз – зат есім, атау септігінде тұр, жекеше, бұл оның грамматикалық 
мағынасы; ол сөздің "үйге жарық түсіретін әйнегі бар жақтау" деген мағынасы 
тағы бар; бұл оның лексика-семантикалық жағы. Демек, әрбір сөзде тілдің 
фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жақтары (аспектілері) ұштасып 
келеді. 
Септік категориясы - негізінен алғаңда, морфологиялык категория. 
Дегенмен, оның синтаксистік жағын мойындамау дұрыс болмаған болар еді. 
Септіктер сөздерді бір-бірімен байланыстырып, қызмет атқарады. 
Сонымен, тілге құрылымдық, жүйелілік сипат тән. Тілдік жүйе тілдік 
элементтер мен құрылымдардың жиынтығы. Құрылым - жүйедегі тілдік 
элементтер арасындағы қатынастардың жиынтығы. Ендеше, бұл тақырыптағы
әңгіме тілдік жүйелердің құрылымы туралы болуы керек. Яғни тілдік 


құрылым – тілдік жүйенің құрамдас бөлігі. Тілдік элементтер арасындағы 
қатынастардың мынадай түрлері болады:
I) синтагмалык қатынас және 2) парадигмалық қатынас. Синтагмалық
қатынас деп – көлденең бағыттағы қатынасты, ал парадигмалық қатынас деп 
— тік бағыттағы қатынасты айтамыз. 
П
ар
ад
иг
м
ат
ик
а 
Синтагматика
Мен киноға бара+мын (Я иду в кино). 
Сен театр+ға бара+сың (Ты идешь в театр). 
Ол үй+ге бара+ды (Он идет домой).
Біз танысымыз+ға бара+мыз (Мы идем к 
знакомым). 
Осындай тілдік элементтер мен тілдік қатынастар, байланыстар 
болғандықтан да біз тілді оқып үйрене аламыз. Тіл білімін оқып үйрену – сайып 
келгенде, тілдік элементтер мен жүйлерді, олардың құрылымы мен қатынастарын 
оқып үйрену, меңгеру болып шығады.


Лекция 4 
Тілдің қызметі. Тіл және ойлау. Нейролингвистика. 
 
Лингвистикада функция термині бірнеше мағынада жұмсалады: 1) 
адамзат қоғамындағы тілдің рөлін тағайындау; 2) тіл бірліктері рөлін 
тағайындау. Бірінші жағдайда тіл қызметі жайында, екіншіде тіл 
бірліктерінің (фонема, морфема, сөз, сөйлем) қызметі жайында сөз етіледі. 
Тілдердің қызметі – оның мәнінің көрініс табуы. Зерттеушілердің тіл 
қызметінің саны жайындағы пікірлері бір емес. Дегенмен негізгі базалық 
қызметтерді 
бәрі 
де 
көрсетеді. 
Негізгі 
функцияларының 
біріне 
коммуникативті және когнитивті қызметтерді жатқызады. 
Тілдің коммуникативті қызметі бастан кешіп отырған күй-жайды 
білдіріп, хабар, пікір алмасуда көрініс табады. Әрине вербалды тілдермен 
қатар, бейвербалды қатынас (жесттер, т.б.) құралдарын, яғни дыбысты 
сөйлеуді толықтыратын сезімді білдіріп, әрекетке апаратын ым-ишараттарды 
да пайдаланамыз. Дегенмен олар кең түрде түсінік бере алмайды.
Когнитивті қызмет бірінші қызметпен өте тығыз байланысты. 
Тілдің базалық қызметтері жеке: эмотивті, эстетикалық, метатілді, 
аппелятивті, контакт орнатушылық, салт-дәстүрді, тарихты, ұлттық түйсікті 
сақтап және келесі ұрпаққа жеткізетін функцияларда көрінеді. 
Тілдердің эмотивті функциясы көңіл-күйді, эмоцияны белгілі бір 
интонация арқылы білдіреді. Мысалы: Оның түрі сондай қорқынышты!
Метатілдік қызмет белгілі бір тілдік фактілерді немесе түсініксіз 
сөздерді түсіндіру барысында анықталады. Мысалы: Морфема – тілдің ең 
кіші бөлінбейтін бөлшегі. 
Тілдің аппелятивті қызметі сөйлеушінің тыңдаушыны белгілі бір іс-
әрекетке итермелегенде байқалады: Өтініш, есікті жауып жіберші!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет