Лекция 4
Тілдің қызметі. Тіл және ойлау. Нейролингвистика.
Лингвистикада функция термині бірнеше мағынада жұмсалады: 1)
адамзат қоғамындағы тілдің рөлін тағайындау; 2) тіл бірліктері рөлін
тағайындау. Бірінші жағдайда тіл қызметі жайында, екіншіде тіл
бірліктерінің (фонема, морфема, сөз, сөйлем) қызметі жайында сөз етіледі.
Тілдердің қызметі – оның мәнінің көрініс табуы. Зерттеушілердің тіл
қызметінің саны жайындағы пікірлері бір емес. Дегенмен негізгі базалық
қызметтерді
бәрі
де
көрсетеді.
Негізгі
функцияларының
біріне
коммуникативті және когнитивті қызметтерді жатқызады.
Тілдің
коммуникативті қызметі бастан кешіп отырған күй-жайды
білдіріп, хабар, пікір алмасуда көрініс табады. Әрине вербалды тілдермен
қатар, бейвербалды қатынас (жесттер, т.б.) құралдарын, яғни дыбысты
сөйлеуді толықтыратын сезімді білдіріп, әрекетке апаратын ым-ишараттарды
да пайдаланамыз. Дегенмен олар кең түрде түсінік бере алмайды.
Когнитивті қызмет бірінші қызметпен өте тығыз байланысты.
Тілдің базалық қызметтері жеке: эмотивті, эстетикалық, метатілді,
аппелятивті, контакт орнатушылық, салт-дәстүрді, тарихты, ұлттық түйсікті
сақтап және келесі ұрпаққа жеткізетін функцияларда көрінеді.
Тілдердің
эмотивті функциясы көңіл-күйді, эмоцияны белгілі бір
интонация арқылы білдіреді. Мысалы:
Оның түрі сондай қорқынышты!
Метатілдік қызмет белгілі бір тілдік фактілерді немесе түсініксіз
сөздерді түсіндіру барысында анықталады. Мысалы:
Морфема – тілдің ең
кіші бөлінбейтін бөлшегі.
Тілдің
аппелятивті қызметі сөйлеушінің тыңдаушыны белгілі бір іс-
әрекетке итермелегенде байқалады:
Өтініш, есікті жауып жіберші!
Достарыңызбен бөлісу: