13. MATLAB жүйесінде Кеплер заңының моделдеу нәтижесін алу Планета орбитасы кез келген уақыт моментінде орбита элементтері деп
аталатын 6 шама арқылы сиаптталады [5-9]. Орбита элементтері дегеніміз
орбитаның кеңістікте орналасуын, оның өлшемін және пішінін, сонымен
бірге планетаның орбитадағы орнын сипаттайтын шамалар. 6 элементтeн
үшеуі (олар i, Ω және ω арқылы белгіленеді) орбита жазықтығының орнын
және орбитаның сол жазықтығы бағытын сипаттайды. Екеуі орбитаның
өлшемі және пішінін анықтайды. Олар а және е әріптерімен белгіленеді. Ал
соңғы, алтыншы элемент t
0
планетаның орбитадағы орнын анықтауға
мүмкіндік береді.
1.
Көлбеулік бұрышы i – планета орбитасының Жер орбитасы
(эклиптика) жазықтығымен арасындағы бұрышы. Ол 0 мен 180 градус
аралығында өзгереді. Егер 00
болса, онда ол планета Жермен бірдей
бағытта айналады. Ал егер 900
болса, онда ол Жердің айналу бағытына
қарама-қарсы бағытта айналады.
2.
Шығу түйінінің бойлығы Ω. Айталық планета орбитасы эклиптика
жазығымен түзу сызық бойымен қиылысқан болсын. Осы түзу сызық
түйіндер сызығы деп аталады. Күннен көктемгі күн теңелу нүктесі γ-ға
жүргізілген вектор және түйіндер сызығы арасындағы бұрыш Ω шығу
түйінінің бойлығы деп аталады.
3.
Перигелийдің түйіндер сызығынан қашықтығы ω. Күннен планета
орбитасының перигелийі П нүктеге жүргізілген вектор және түйіндер сызығы
арасындағы бұрыш ω перигелийдің түйіндер сызығынан қашықтығы деп
аталады. Ол 0
0
ω
360
0
аралығында өзгереді. Бұл бұрыш түйіндер
сызығынан бастап есептеледі.
4.
Орбитаның үлкен жарты осі a. Олорбита өлшемін сипаттайды.
5.
180>90>