Лабораториялық сабақ – негізгі теориялық жағдайларды, құбылыстарды, процестерді дәйектеуге қойылған тәжірибелі іс-әрекеттер.
Лабораториялық сабақта студенттер оқытушының басшылығымен бақылау-өлшеу құралдары, техникалық құралдары, аппараттары мен эксперименттік ізденіс әдістемелерін үйренеді.
Әрбір лобараториялық жұмыстар бойынша жазбаша есеп дайындайды. Есепте эксперимент барыс мен оның нәтижесі, сонымен қатар алынғаннәтижелердегі қателіктерге түсініктемелер беріледі. Мұның ішінде, практикалық сабақ барысындағыдай зерттелініп және өлшеніп жатқан шамалар, құбылыстар, процестер, сипаттамалар және параметрлер арасындағы өзара байланыстарға талдаулар жасалады. Сондықтан, лабораториялық жұмыс, практикалық жұмыстар студенттерге логикалық ойлауды дамытуға септігін тигізеді.
Жазбаша есеп беру барысында студенттер өз ой түйіндерін сауатты жазуға үйренеді. Практикалық сабақтан өзгешелігі мұнда студент өзбетінше жұмыс жүргізуге дағдыланады.
Достарыңызбен бөлісу: |