Лекция 14-15. Жоғарғы оқу орындарында оқыту процесін ұйымдастыру формалары


-сурет Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары



бет7/15
Дата31.12.2021
өлшемі421,83 Kb.
#23870
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
5-сурет Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары
Кафедралық тақырыптар бойынша оқытушылардың жетекшілігінде шығармашылық деңгейінің. Көбінесе мұндай жұмыстар өндіріс орындарымен, мемлекет тарапынан тапсырыс негізінде жүргізіледі. Әрине, студенттердің жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі ғылыми конференцияларда баяндамаға ұсыныла бермейді. Алғашқыда олар таңдап алынған тақырып бойынша қосымша әдебиеттермен танысады, ғылымда алғашқы қадам қояды десек те болады. Сонан соң алғашқы қадам жасайды. Бірте-бірте алғашқы нәтижелер көріне бастайды. Осымен оларда өз күшіне деген сенімділік артады.

Ғылыим-зерттеу жұмыстары барысында студент оқығандарын жүйелеуге үйренеді;, сұрақ қоя білуді және оған жауап іздеуді, эксперимент жүргізу әдістемесін меңгеруді және алынған нәтижелерде математикалық талдаулар жасауды меңгереді.

Қазірге замағы университеттер барлық студенттерді ғылыми жұмысқа тартады. Оқу жоспары барлық мамандық бойынша «Ғылыми-педагогикалық зерттеу негіздерін қарастырады».

Курстың негізгі мақсаты жоғары оқу орындарында болашақ кәсіптік оқыту және еңбек технологиясы мұғалімдерін дайындаудағы орындалатын ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында дидактикалық зерттеу әдістері, жалпы ғылыми таным мен шығармашылық методологиясы жөніндегі мағұлматтар негізінде педагогикалық зерттеу бағыты мен оны таңдау, зерттеу логикасын түзу, педагогикалық эксперименттерді жүргізу әдістері, зерттеу нәтижелерін өңдеудің математикалық тәсілдерімен таныстыру.

«Ғылыми –педагогикалық зеттеу негіздері» курсы студенттерге зерттеу әдіс – тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік беретін төмендегі міндеттерді шешуді қарастырады:

-ғылыми таным мен шығармашылықтың методологиялық негіздерін;

-студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жүйесін;

-педагогикалық зерттеулердің бағытын таңдау;

-ғылыми ақпараттарды іздестіру, жинақтау және өңдеу;

-педагогикалық эксперимент мазмұнын, логикасын түзу;

-зерттеу жұмыстарының айқындаушы және қалыптастырушы эксперименттері мазмұнын жасау, оларды жүргізу;

-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін дайындауды.

Бұл курс типтік оқу жоспарындағы жалпы кәсіби және арнайы пәндер цикліндегі, философия, социология негіздері, логика, әлеуметтік және педагогикалық психология, статистикалық өңдеу аппараттары негіздерін оқып үйрететін математика пәндеріне негізделеді.

Бір айт кететін жәйт, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жақсы меңгерген, олармен айналысатын студенттерді бір-қатар пәндерден босатуға яғни жеке оқу жоспары бойынша оқуға көшіруге болады.

Өзбетінше жұмыстарды студенттің өзі жоспарлауы керек. Сондықтан ол нәтижелі болуы үшін, студент өз жұмысын жоспарлау барысында сабағын барлық семестрге бірдей-бірінші курстан соңғы курсқа дейін бөле білуі тиіс.

Сондықтан да жоғары оқу орындарында (ЖОО) студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ) оқу-тәрбие процесінде маңызды орын алады.

СҒЗЖ кешенді жүйе ретінде қаоастыру, оларды жүргізу әдістері мен формалары: курстан-курсқа, кафедрадан – кафедраға, бір пәннен екінші пәнге, бір сабақ түрінен екіншіге көшкенде үздіксіз білім алу сипатын алуы тиіс.

Жоғарыдағы сабақтастық және өзара тығыз байланыс принципін сақтау студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының негізгі міндеттері:

-жеке тұлға ретінде қалыптасуын;

-логикалық ойлау және теориялық проблемалар мен практикалық мәселелерін шығармашылық пен қарауын;

-студенттерге мамандықты терең және жа-жақты меңгеруіне көмектесуін;

-ғылыми-зерттеу жұмыстарында студенттердің өз бетінше жұмыс жүргізу жағдайларын;

-теориялық білімді өзінің практикалық жұмыстарға қолдану қабілетін;

-үнемі өзінің білімін және біліктілігін жетілдіруге қажеттілігін табысты шешілуін қамтамасыз етеді.

Студенттердің ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстары формасын әдістемелік мақсатта шартты түрде екі категорияға бөлуге болады.

-оқу процесінде ендірілген СҒЗЖ формалары;

-сабақтан тыс уақытта орындалатын СҒЗЖ формалары.

Оқу процесі рамкасындағы оқу жоспарына ендірілген СҒЗЖ-ң негізгі жұмыс істеп жүрген формасы оқу-зерттеу жұмысы болып табылады.

Бұлар:

-курстық және дипломдық жұмыстарда ғылыми-зерттеу сипатындағы тапсырмаларды орындау:



-лабораториялық жұмыстар барысында зерттеу элементтері бар сипаттағы тапсырмаларды ендіру;

-педагогикалық практика барысында СҒЗЖ жасау;

-берілген тақырыпта ғылыми рефераттар дайындау;

-оқу-ғылыми семинарлар және тақырып конференцияларын ұйымдастыру;

-шығармашылық ізденіс элементтері бар тапсырмалар баяндамалар дайындау болып табылады.

Сабақтан тыс уақытта орындалатын ғылыми-зерттеу және шығармашылықжұмыстар формалары:

-студенттік ғылыми үйірмелердегі жұмыстар;

-шаруашылық-келісімдік, мемлекеттік-бюджеттік, өндіріс орындары мен келісім-шарт жөніндегі жұмыстар;

-студенттік конструктор бюросындағы (СКБ) жұмыстар;

-техника, ғылым және мәдениет бойынша білімдерді таратудағы лекторлық оқулар;

-мектептегі шефтік жұмыстар.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін қорытындылауда маңызды орынды көпшілік-ұйымдық іс шаралары алады.

Олар:

-студенттердің ғылыми жұмыстары конкурсы;



-студенттердің ғылыми конференциясы;

-студенттердің ғылыми-шығармашылық жұмыстары көрмесі;

-әр түрлі пәндер бағытындағы олимпиадалар;

-СҒЗЖ жұмыстарының ең жақсы ұйымдастырылған (конференция) кафедраларының конкурсы.

СҒЗЖ кешенді жүйе ретінде талаптары мен негізгі принциптерінен ұйымдастыру жоспары екі бөлімнен тұрғаны жөн, яғни жалпы университеттік масштабта, екіншісі-оқу курстары бойынша:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет