Лекция 14-15. Жоғарғы оқу орындарында оқыту процесін ұйымдастыру формалары


-сурет Студенттердің өзбетінше жұмыстары



бет5/15
Дата31.12.2021
өлшемі421,83 Kb.
#23870
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Лекция 14-15 Мамандыққа кіріспе

4-сурет Студенттердің өзбетінше жұмыстары
Студент қаншалықты педагогикалық мамандыққа бейім екендігін дипломдық жұмыс көрсетеді. Онда студент зерттеу тақырыбы бойынша педагогикалық, психологиялық-теорияларды және методологиялық сұрақтарды аша отырып әдістемелік жұмыстардың, оқу процесін ұйымдастыру мәселелерінің тиімді әдіс-тәсілдерін анықтайды.

Курстық және дипломдық жұмыстардың жоғары мектеп талабына сай болуы студенттердің өзбетінше орындайтын жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Өйткені студенттердің өздігүінен орындайтын жұмыстары олардың тек бағдарламалық материалдарды ғана меңгеріп қана қоймай, зерттеу дағдыларын, шығармашылық іс-әрекеттерін меңгеруге септігін тигізеді.

Осыған байланысты әртүрлі ұйымдастырылған студенттердің өзбетінше орындайтын жұмыс формаларының ішінде, курстық, дипломдық жұмыс (жоба) жоғары оқу орынын бітіруші маманның оқу процесінің соңғы этапы негізінде маңызды орынға ие. Курстық және дипломдық жұмыс (жоба) орындау жас маманға, ғылыми-теориялық және практикалық білімдерін кеңейту, тереңдету және шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты-арнайы пәндер бойынша студенттің білімін және біліктілігін нығайту.

Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін курстық жұмыс барысында студент, пәннің барлық салалары мен тауарларына және оларға қатысты әдебиеттерге практикалық тәжірибелерге сүйенеді.

Курстық жұмыс теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Түсіндірме жазба көлеміне шек қойылмайды.

Жұмыстың жалпы көлемі 35-40 бет болады. Курстық жұмыстың практикалық бөлімінде сызбалар, иллюстрациялық материалдар, бұйым үлгілері және (тақырыпқа сәйкес) т.б. көрсетіледі.

Курстық жұмысқа жетекшілікті тәжірибелі, білікті мектеп практикасы мен педагогикалық теорияларға жетік оқытушылар жүргізеді.

Курстық жұмыс арнайы комиссияда қорғалады. Комиссия құрамы кафедра оқытушыларынан, 3-4 адамнан құралады.

Курстық жұмысты қорғау жетекші оқытушы және сол топ студенттерінің қатысуымен болады.

Қорғау жеке орындалған жұмысты (жоба) тексеру және студенттің алған білімі мен дағдысын бағалаудың ерекше формасы. Сонымен қатар, студент курстық жұмысты, (жобаны) қорғау барысында, өзінің жұмысын дәйектеуі, терең ой елегінен өткізіп, өз ойын дәл де нақты жеткізе алуы керек. Қатысып отырғандар жұмыстың мәні мен мазмұнын ұғына алатын болуы тиіс.

Қорғау қысқаша жұмыс мазмұнын баяндау арқылы өтеді. Сұраққа жауаптар беріледі. Қорғалған жұмыс нәтижесі дифференциальді баға («өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз») арқылы бағаланады.

Дипломдық жұмыс (жоба) жоғары оқу орынын бітірушінің кәсіби-педагогикалық дайындығынан ғылыми-теориялық, практикалық білімдерінің кеңейтілген және тереңдетілген білім және біліктіктерінің негізінде жасалады. Ол жас маманның шығармашылық қабілетін көрсетеді.

Студенттің дипломдық жұмысы толық өзбетінше орындалатындықтан курстық жұмыстан ерекшеленеді. Дипломдық жұмыс орындалған курстық жұмыстың жалғасы болуы тиіс

Студентте дипломдық жұмыс орындалғаннан кейін оқу пәндерінің логикалық байланысы, сонымен қатар, педагогикалық және өндірістік практикалардың өзара байланысы жөнінде ұғымы қалыптасады.

Әрбір жоғары оқу орыны дипломдық жұмыс бағытын, тақырыптарын, ұйымдастыру және жетекшілік әдістемесін өздері жасайды және кафедра арқылы, университеттің ғылыми Кеңесі арқылы дипломдық жұмысқа қойылатын талаптарды және дипломдық жұмыстың ерекшелігі мен ұлттық ділді ескере отырып бекітеді.

Кафедра дипломдық жұмыс көлемімен мазмұнына, түсіндірме, графикалық жұмыстарына және материалдарына талаптар қояды.

Диплом тақырыптарының жалпы білім беретін мектептердің әлеуметтік және экономикалық құрылымдарын ескере отырып нақтылы міндеттерге сәйкес таңдайды.

Студенттердің дипломдық жұмыстары тақырыптарын бекіту студенттің өзінің өтініші бойынша, кафедра ұсынысы мен ректор бұйрығымен бекітіледі.

Дипломдық жұмыс мазмұны ғылыми және курстық жұмыстар, студенттердің кафедраның тақырыптары бағдарында және кафедраның арнайы пәндер сипатында жасалады. Оның дәйектілігі,қазіргі қоғамның жоғары оқу орындарына қойылатын талаптарынан, мақсатымен міндеттерінен шығуы керек.

Дипломдық жұмысты қорғау Мемлекеттік Біліктілік комиссияның алдында ашық мәжілісте өтеді.

Дипломдық жұмыстарды талдауда, оның ғылыми тереңдігі, теориялық және практикалық маңызы және педагогикалық эксперимент нәтижелеріне назар аударылады. Дипломдық жұысты бағалау МБК тарапынан жабық мәжілісте өтеді және нәтижесінде қорытындысы ашық жарияланады.

Студенттердің өзбетінше жұмыстары арасында ерекше атап өтерлік ағымдағы лекция материалдарын оқып үйрену және ғылыми зерттеу жұмыстары. Бұл жұмыс түрлері студент үшін жаңалық іспетті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет