6-сурет Студенттердің қоғамдық еңбек іс-әрекеттері
Педагог ерекшелігі, маман ретінде ұжымды басқарушы, қоғамдық тұлға ретінде, ұйымдастырушы ретінде қалыптасуы және дамуы университет қабырғасында орын алады. Бұл процестердің ішінде маңызды орынды студенттердің еңбек іс-әрекеті алады. Оқу процесі барысында кейбір мамандықтар бойынша өндірістік практика қарастырылады. Практика нәтижесі бойынша студенттердің сынақ кітапшаларына баға қойылады.
Десекте, сынақ кітапшаларындағы белгілер мен бағаларға қарғанда анық және көмескі бағаларды студенттер өз жолдастарынан алады, және бұл баға, сынақ кітапшасында қойылған бағаға қарғанда салмақты сипат алады. Бұл баға студенттің ұжымдағы орыны, оның қоғамдық-саяси бет бейнесін сипаттайды, оның тұлға және азамат, болашақ маман екендігіне беріледі.
Студенттердің қоғамдық, еңбек іс-әрекеттері ішінен олардың, соңғы кездерде ұмыт бола, қайта жандандырылып келетін студенттік құрылыс отрядын айтуға болады.
Сонымен қатар, баға жеткісіз іс-әрекеттердің қоғамдық-саяси мектептерін айтуға болады. Мұнда олар мәдени-ағарту іс шараларына, үгіт-насихат жұмыстарында белсенділік танытады.
Қоғамдық-еңбек іс-әрекеттері студенттердің өзін-өзі басқару органдарында, оқу топтарында: топ жетекшісі: кәсіподақ; мәдениет іс-шараларды ұйымдастырушы, студенттік проректор, декан, Ғылыми кеңес мүшесі т.с.с. арқылы көрініс табады.
Өкінішке орай өз ұжымы өмірінде бейқамдық байқататын студенттер де кездесіп қалады. Олар өз қылықтарын уақыттың жетіспеуіне саяды. Десекте, уақыттың жетіспеуі, жалпы мәдени көзқарастың жетіспеуі. Бұл ондай студенттерге белсенді өмірге араласуға кедергісін тигізеді. Мұнда олардың өз уақыттарын ұйымдастыра білмеушілік, қоғамдық іс-әрекеттің оқу процесін табысты аяқтаудағы рөлін түсінбеушілдіктен туындайды.
Қоғамдық жұмыстарға белсене араласу тұлғаның әлеуметтік өсуін, ұжым орынындағы жауапкершілікті сезінуін жинақылыққа үйренуі және өзін танып білуге септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |