Мониторингтің көмегімен оқушы білімді меңгеру деңгейін ғана емес, анықтайтын білім сапасын, дағды қалыптасқанын бақылауға болады.
Білімдік мониторинг – көп деңгейлік жүйе.
Білімдік мониторинг – көп деңгейлік жүйе.
І деңгей (жеке, дара және дербес), оны мұғалім жүзеге асырады. (Сынып оқушыларының даму динамикасын белгілі бір бағытта белгілеу.)
ІІ деңгей – мектепшілік.
Мұнда оқушы білімінің дамуын мекеменің әкімшілігі жүзеге асырады (сы ныптардың даму динамикасын бақылау). Тоқсан, жарты жылдық, жыл бойында анықталған критерий бойынша бақылау.
ІІІ деңгей. Білім мекемелерінің даму динамикасын байқау.
Оқыту ісіндегі маңызды жұмыстың бірі – оқушылардың пәндер бойынша алған білім деңгейлерін бақылау және тиісті дәрежеде бағалау. Оқушының сабаққа тиянақты қатысып отыруы, өз оқуына жауапкершілікпен қарауы, алған теориялық білімін болашақта пайдалана білуі осы кезеңнің дұрыс өткізілуіне көп байланысты. Мұғалімдердің оқушы білімін бағалауда қазіргі уақытқа дейін қолданып жүрген бес балддық жүйенің кемшілігі көп. Оқушы білімін бағалаудың жыл аяғындағы қорытынды бақылау нәтижесі мен мұғалім бағалауында елеулі айырмашылық кездесіп отырады. Негізгі себеп – мұғалім бағалауындағы субъективтілік пен жыл аяғындағы оқушы біліміндегі объективтіліктер. Жоғары сынып оқушылары қазіргі қолданып жүрген бағалау жүйесіне қанағаттанбайды, себебі қазіргі жүйемен нақты білім деңгейін анықтау мүмкіндігі төмен, бағалау нәтижесі объективті емес.