Лекция №2 Қазақстандағы тәуелсіздіктің тарихи алғышарттары: ұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері


Қарқаралы петициясының негізгі тармақтары Алаш партиялық бағдарламасына енгізілді және Алаш Орда үкіметінің қызметінен көрініс тапты



бет4/13
Дата02.03.2022
өлшемі48,49 Kb.
#26896
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Қарқаралы петициясының негізгі тармақтары Алаш партиялық бағдарламасына енгізілді және Алаш Орда үкіметінің қызметінен көрініс тапты.

Дәл осы уақытта қазақ депутаттары 1905—1906 жылдары Бүкілресейлік мұсылман съездері жұмысына қатысты. Қазақ депутаттарының бірі Шахмардан Қожағұлұлы “ Иттифак-эль-муслими” (“Мұсылмандар Одағы”) партиясының Президиум мүшесі болып сайланды. 1905 жылдан бастап мұсылман баспасөздерінде және орыс оппозициялық баспаларында қазақ авторларының саяси мақалалары шыға бастайды.

1905 жылдың соңында Орал қаласында Бірінші Жалпықазақ съезі болып өтті, мұнда қазақтың ұлттық саяси партиясын құру мақсаты алға қойылды. Қазақ партиясы кадет партиясының филиалы ретінде, бірақ өлкенің тұрғылықты халқының мүддесін қорғау негізінде болуы керек делінде. Ұлт-азаттың күрес басында қазақ интеллигенциясының көрнекті өкілдері тұрды. Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулат, Бақытжан Қаратай, Мұхаметжан Тынышпаев, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсын және т.б.

Қазақ оппозициясының бірігуінен қорыққан патша өкіметі, олардың жетекшілеріне қарсы жазалау, құдалауды күшейтті. 1906ж. қаңтарында Семей қаласында ІІ-жалпы қазақ съезін ұйымдастыруға аттанған Әлихан Бөкейхан тұтқындалды. Осыған қарамастан съезд өзі жұмысын ақпан айында өткізіп, мұның жұмысына 150 делегат қатысты. Съезде ресей кадеттерінің жоспары мақұлданып, мұндағы Қазақстан жерінің қазақ халқының меншігі деп қарастыру, мектептер медреселер ашу данын қабылдау және шаруаларда жет жерге қоныстандыруды тоқтату талаптары қойылды.

Бірақ, бұл талаптар, Әлихан Бөкейхановтың кадет партиясының орталық комитетінің құрамында болуына қарамастан, кадет партиясының басшылығынан қолдау таппады. Құғындау мен тұтқындаулар қазақ патриоттарына өздерінің саяси партиясын құруға мүмкіншілік бермеді, бірақ саяси күрес екі бағытта жалғаса берді. Қазақ депутаттары Мемлекеттік Дума мінбесін белсенді түрде қолдана бастады, қазақтың саяси баспасөзі пайда болды.

Өнеркәсiптiң дамуына байланысты жұмысшы табы сан жағынан өстi. 1990 жылы Қазақстанда 11 мыңнан астам жұмысшы, оның 60% қазақтар болды. Жұмысшылардың жағдайы ауыр, жалақы аз, жұмыс 14-16 сағатқа созылды, жұмысшылар жер тамда тұрды. Алғашқы жұмысшы қозғалысы арыздану, қашып кету, стачка сияқты формада жүрiлдi.

Қазақстанда жұмысшы қозғалысының өрлеуі, социал-демократиялық үйірмелер мен топтардың пайда болуы жер аударылған орыс революционерлерінің көмегімен және инициативасымен болды. Мысалы, Петропавловск қаласында 1903 жылы пайда болған социал-демократиялық топ осында жер аударылған бірнеше социал-демократтар — Омбы теміржол шеберханаларының жұмысшылары — күшімен құрылды.

Алғашқы социал-демократиялық үйірмелердің бірі 1902 жылы Орал қаласында “Уралец” газеті баспаханасының жұмысшылары мен қызметкерлері арасында құрылды. Баспахана жұмысшылары бірінші рет бір күндік ереуіл өткізді. Баспаханадағы жұмысшы үйірмесіне басқа, Орал қаласында интеллигенция өкілдерінен тұратын социал-демократиялық үйірме болды, үйірме мүшелері теміржол жұмысшылары, диірмен жұмысшылары, орта оқу орындары оқушылары арасында жұмыс жүргізіп, жалпы-білім және саяси тақырыптарында лекциялар оқыды.

Осы жылдарда Ташкент қаласында алғашқы марксистік үйірме пайда болды, кейінірек осы үйірме негізінде социал-демократиялық топ құрылды.

Бірінші орыс революциясының басталуымен Қазақстанның өңдіріс орындарында да толқулар жиіледі. Ең ірі ереуіл 1905 жылы желтоқсанда Успенск мыс руднигінде болды, мұндағы жұмыс істейтін 300 жұмысшының 265-ін қазақтар құрады. Ереуілдің басталуына рудник иелері ағылшындардың жұмысшыларға “мейірімсіз және сорақы қатынастары” себеп болды. Ереуіл 9-желтоқсанда басталып, жұмысшылар “Орыс-қырғыз одағын” құрды және рудник иелерін өздерінің алға қойған біраз шарттарын қабылдаттыруға мәжбүр етті.

ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында ереуілдер теміржол жұмысшыларының арасында да — Сібір темір жолында және Орынбор-Ташкент темір жолы құрылысында болып өтті. Сан жағынан өте үлкен ереуіл Мұғалжар стансасы жұмысшылары арасында болды, мұнда ереуілге 800 адам қатысты.

Жұмысшы қозғалыстары, негізінен, Қазақстанның өндіріс орталықтары мен теміржол стансаларын қамтыды. Мысалы, 1905—1907 жылдардағы ереуілдер мен демонстрациялары Орынборда, Омбыда, Оралда, Семейде, Петропавлда, Перовскіде және т.б. жерлерде болды.

1909—1910 жылдарда жұмысшылар ереуілдері Қарағанды өндіріс орындары мен Орталық Қазақстан мыс рудниктерінде, Өскемен уезінің алтын өндіру орындары мен рудниктерінде болып өтті. Өскемен уезінің “Николай” алтын өндіру кенішінің жұмысшылары екі ай бойы ереуілдеп, олар кәсіпкерлердің еңбекке ақы төлеу тәртіптеріне және жарық беру ақысын жұмысшылар мойнына ілуіне қарсы шықты.

Жұмысшы табының жаппай революциялық толқулары 1912 жылдың көктемінде Ленск алтын өндіру кенішінде жұмысшыларды атқылауға байланысты күшейе түсті. Қазақстанда Риддер жұмысшылар, Екібастұз шахтерлері, Омбыда Раундруптың шойын балқыту заводының жұмысшылары ереуілге шықты. 12 мамыр Спасск мыс қорыту заводының жұмысшылары ереуілге шықты. 7 шілде Ембі мұнай өндіру кендерінде жұмысшылардың ірі ереулі болып өтті. Қазақстандағы жұмысшы қозғалысы Ресейдің орталық аудандарымен салыстырғанда әлсіздеу болды. Социалистік идеялар көшпелі қауыммен тығыз байланысты қазақ жұмысшылары арасында кеңірек тарамады. Қазақстан территориясында жұмыс атқарған кішкене топтар мен социал-демократиялық үйірмелердің орталық басшылығы болмады және олар көбінесе жеке-дара жұмыс жасады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет