Лекция (2 сағат). Қазіргі жас ерекшелік психологиясының пәні, міндеттері, зерттеу әдістері


Үлкен мен баладағы қарым-қатынас идентификациясы



бет12/26
Дата02.12.2023
өлшемі225,68 Kb.
#132478
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
Байланысты:
Лекция (2 сағат). Қазіргі жас ерекшелік психологиясының пәні, мі-emirsaba.org

Үлкен мен баладағы қарым-қатынас идентификациясы. Сәбилік кезеңнің аяғы мен ерте жастық шақтың басында балада паралингвистикалық белгілік жүйе қалыптасады (мимика, жест және т.б.). осындай қарым-қатынасқа маңызды қалыптасулар үлкенге еліктеу негізінде жүреді, ол идентификацияның алғашқы формасы болып табылады.
Бала меңгеретін қарапайым белгілік жүйе үлкеннің жауапты реакциясына стимулға айналады, ең алдымен ананың. Бала психологиялық идентификацияға бағытталған тікелей эмоционалды байланыс құралдарын қолданады және сонымен бірге идентификация деңгейін орнатады. Идентификациялық қатынасты орнатуда ана бейсаналы түрде денемен контакт әдістерін қолданады.
Баланың өзінің күйлеріне байланысты анасымен қарым-қатынас пен идентификациясын туғызады - балалық қуаныштан қайғыға дейін. Балаға өзінде терең эмоционалды қызығушылықты сезінген өте маңызды. Әрине, оның сезімдері эгоистті, бірақ олар арқылы адамдар өзара қатынас идентификациясының алғашқы этаптарын меңгереді.
Идентификация мүмкіндіктерінің дамуында баланың сөйлеуді меңгеруі өте маңызды.
Үлкен жағынан идентификацияға дайындық шарттарында баланың көңіл-күйі жоғарылайтыны анықталды және осымен баланың жалпы белсенділігі байланысты.
Ерте жастағы қарым-қатынас спецификасы. Бір жарым жастан үш жасқа дейін баланың сөйлеуді тез меңгеруі үлкендермен қарым-қатынасқа психологиялық қосылуынан болады. Ол үлкендердің әңгімелерін зейінін қойып тыңдайды, оған қатысы жоқ болса да және ойнап жатса да. Бала тыңдаудан алатын қанағаты сөйлесіп жатқан үлкендерге жақындауға итермелейді. Сол уақытта бала үнемі үлкендерге , ең алдымен анасына қаратып сөздік қарым-қатынасын белсенді етеді. Бала үлкенге сұрақтар қояды, олардың жауабын түсінуге тырысады.
Ерте жастағы қарым-қатынас баланың үнемі керек ететін сұрауларынан тұрады және ол үлкеннің ұсыныстарына қарсылықтан білінеді. Бала өз ерігінің көзі өзі екенін ашады және еркін жақындарымен, үлкендермен және құрдастарымен қарым-қатынаста қолданып көреді. Осы барлық әлеуметтік белсенділіктің түрлері бала үшін өте терең және маңызды, бірақ ол өзінің көп уақытын заттық әлемді үйренудегі заттық іс-әрекет пен құралды, соған сәйкес әрекеттерді меңгерумен өтетінін ұмытпаған жөн.
Дәл осы ерте жаста бала үлкеннің көңілін аударуды және оны ұстап тұруды меңгереді. Бұл әдістер тұтасымен әлеуметтік жағынан ұтымды, себебі бала үлкендердің реакцияларын жақсы рефлексиялайды, өзінің сәтсіздіктерін бірден түзейді. Бала бауыр басу мен симпатия сезімдерін білдіре алады, сонымен қатар ол қанағаттанбаушылық сезімін білдіре алады және жағымсыз жағдайдан шығу жолын іздейді. Өз жасына сай баланың шыдамды болуы және күте алуына қарамасатан, ол үлкеннен қамқорлықты күтумен өткен күшті сынақтардан өте алмайды. Ол бірден регрессивті реакция беруі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет