Лекция №4. Миокард инфаркті тәж артериясы миокардтың оттегіге мұқтаждығын қамтамасыз ете алмауынан дамитын миокардтың ишемиялық некрозы


Ең көп таралған МИ асқынуларына жатады



бет3/4
Дата18.05.2023
өлшемі29,17 Kb.
#94471
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
ОКС

Ең көп таралған МИ асқынуларына жатады:
- Жіті сол қарыншалық жетіспеушілік (өкпе ісінуі);
- Кардиогенді шок;
- Қарыншалық жəне қарыншалық үстілік ритмнің бұзылуы;
- Өткізгіштіктің бұзылуы (СА-блокадасы, АВ-блокадасы, Гис шоғыры аяқшаларының блокадасы);
- Жедел СҚ аневризмасы;
- Миокардтың ішкі жəне сыртқы жыртылуы, жүрек тампонадасы;
- Асептикалық перикардит (эпистенокардиялық);
- Тромбоэмболиялар.


Миокард инфарктінің клиникасы
Ангиноздық түрі– төстің немесе жүрек тұсындағы ауыру ұстамасынан басталады. Көбіне ауырсынудың сипаты аса қатаң салмақ батқандай, кеудені жыртқандай немесе ашытып күйдірілгендей болып сезіледі. Ауырсыну сол қолға, иыққа, сол жауырынға, мойынның сол жақ бетіне, жақтың сол жартысына тарайды. Нитроглицериннен жеңілдік болмайды. Ауырсыну стенокардияға қарағанда ұзаққа созылады, мысалы бірнеше сағатқа. Ұстама кезінде науқасты өлім үрейі билеп, салқын тер басады.
- инспираторлы ентікпе;
- тері жабынды түсінің өзгеруі (бозғылттық, мəрмəрлік, цианоз);
- мұздай жабысқақ тер;
- қозғалмалы мазасыздану;
- өлім қорқынышы;
- полиурия.

МИ басталуының басқада белгілі түрлері – демікпелік, абдоминальды, аритмиялық, цереброваскулярлы немесе симптомсыз – таза күйінде жиі кездеседі.

Демікпелік түрі көбіне науқастардың көлемді қайталамалы МИ көрінеді. Сонымен қатар жүрек бұлшықетінің ауқымды зақымдалуынан жіті сол қарыншалық жетіспеушіліктің тез клиникалық белгілері дамиды. Көп жағдайда осы үрдіске емізікше бұлшықеттер қатысып, митральды регургитациясының пайда болуынан митральды қақпақшаның салыстырмалы жетіспеушілігі дамиды.

Абдоминалды түрі ауыру синдромының орналасуы құрсақүстілік аймақта жəне диспепсиялық бұзылыстарымен сипатталады. Ауру ағымының бұл түрін жедел панкреатитпен, перфоративті жарамен мезентериальды қан тамырларының тромбозымен салыстыру қажет.

Аритмиялық түрі. Клиникалық көрінісі айқын ырғақтың жəне өткізгіштің бұзылулары түрінде көрінеді – суправентрикулярлы пароксизмдер не қарыншалық тахикардиялар, толық атриовентикулярлы блокадалар. Аритмия жиі АҚ айқын төмендеуімен бірге жүреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет