Лекция №4. Миокард инфаркті тәж артериясы миокардтың оттегіге мұқтаждығын қамтамасыз ете алмауынан дамитын миокардтың ишемиялық некрозы



бет4/4
Дата18.05.2023
өлшемі29,17 Kb.
#94471
түріЛекция
1   2   3   4
Цереброваскулярлы түрі көбіне ми қан айналымының бұзылыстары бар егде жастағы науқастарда кездеседі. Ол көбіне естен тану, бас айналу, жүрек айну, құсу сияқты, кейде – өтпелі ми қан айналым бұзылуының белгілерімен көрінеді. Көбіне МИ науқастарда минимальды шағымдармен өтеді немесе олардың мүлде болмайды.

Инструменталдық зерттеу

Электрокардиограмма жүрек бұлшықетіндегі некроз ошақтарын, оның тереңділігін жəне орналасуын, инфаркталды аймақ жағдайын, үрдіс динамикасын анықтауға мүмкіндік береді. ЭКГ əкетулерде некроз аймағында орналасқан активті электрод, патологиялық Q тісшесінің түзілуі жəне R тісшесінің биіктігінің төмендеуі не оның толық жойылуы.

Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жүрек ырғағының мониторингі.
2. Пульсоксиметрия.

Лабораторлы зерттеу
Экспресс тест көмегімен Т тропининін анықтау.
Кардиомиоциттер некрозына көбіне спецификалық маркерлер жəне сезімтал болып, I жəне Т тропониндерінің концентрациясының жоғарлауы болып табылады. Қалыпты жағдайда кардиоспецификалық тропониндер қанда анықталмайды немесе олардың концентрациясы минимальды белгілерден аспайды. Кардиомиоциттердің некрозы салыстырмалы түрде I жəне Т тропониндерінің концентрациясы тез жəне айқын жоғарлаумен жүреді. Ангинозды ұстамадан кейін тропониндер деңгейінің жоғарғы шекарадан 2-6 сағаттан кейін жоғарлауы жəне жоғарғы деңгейде инфаркт басталғаннан 1-2 апта бойы сақталынып тұрады.

Алғашқы көмек



Дəрі-дəрмектік ем

-Оксигенотерапия.


-Нитроглицерин таблетка немесе аэрозоль 0,4-0,5 мг сублингвальды. Тиімділігі жетіспегенде қайталау; изокет-аэрозоль 1-2 дозада. Тиімділігі жетіспегенде қайталау.
- Ауыру сезімін басу үшін – морфин 2 – 5 мг к/т, 30 мин кейін қайталап немесе фентанил 1-2 мл 0,005% (0,05 - 0,1 мг дроперидолмен 2мл 0,25% венаға, психомоторлық еліру болса диазепам 3-5 мг.;Наркотикалық анальгетиктерді қолдану мүмкіндігі болмағанда немесе жоқ болғандатрамадол еңгізу қажет.
- Антиагреганттық ем:Ацетилсалицил қышқылы 150-300 мг шайнау немесе Тикагрелор 180 мг дейін ішке қабылдау немесе Клапидогрел 600 мг дейін ішке қабылдау
-Антикоагулянттық ем – гепарин 5000 Ед в/в
-Бета блокаторлар: Бисопролол 5 мг ішке
-АҚ тұрақтандыру мүмкін болмаса келесі этапқа көшү керек. Допамин (200 мг-ды 400 мл 5 % глюкоза ерітіндісіне қосып венаға инфузия түрінде) ең қажетті артериалық қысымға жеткенше 5 мкг/кг/мин-тан жылдамдықпен құю керек;
Эффект болмаса – қосымша норадреналин гидротартратының 4 мг-ын 200 мл 5% глюкоза ерітіндісінде к/т, енгізу жылдамдығын 5 мкг/мин-тан қажетті минимальды артериялық қысымға жеткенше.
-Госпитализация кардиореанимацияға




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет