Лекция №4. Миокард инфаркті тәж артериясы миокардтың оттегіге мұқтаждығын қамтамасыз ете алмауынан дамитын миокардтың ишемиялық некрозы



бет2/4
Дата18.05.2023
өлшемі29,17 Kb.
#94471
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
ОКС

2. Трансмуральды емес МИ (Q тісшесіз миокард инфаркті) некрозды ошақтар тек сол қарыншаның (СҚ) субэндокардиальды немесе интрамуральды бөліктерін жəне QRS комплексінің патологиялық өзгерістерімен жүреді («Q тісшесіз миокард инфаркті»).
Ұзақ уақыт бойы көптеген əдебиеттерде Q тісшесіз миокард инфарктін «ұсақошақты миоркард инфаркті» термині қолданылып келді. Шынында, көп жағдайда ағымына байланысты трасмуральды инфарктіне қарағанда, Q тісшесіз миокард инфаркті азырақ кездеседі, бірақ өте сирек кездесетін ауқымды субэндокардиальды МИ тек миокардтың субэндокардиальды қабатын қамту арқылы СҚ бірнеше сегменттеріне таралуы.

Аурудың ағымына қарай сипаттамасы:
1. Біріншілік анамнезінде МИ бұрын ауырған жəне аспапты тексерулерде МИ белгілерінің болмауымен анықталады.

2. Қайталамалы МИ тек мына жағдайда, науқаста бұрын МИ ауырған туралы құжаттық мəлімет болса жəне айқын жаңа некроз ошақтарыны пайда болғанда анықталады.

3. Рецидивті МИ клинико-зертханалық жəне аспапты зерттеу белгілердің, МИ дамығаннан кейін мерзімі 72 сағаттан (3 тəулік) 28 күнге дейін жаңа некроз ошақтарының пайда болуымен жəне оның негізгі үрдістерінің тыртықтануымен аяқталуы.

МИ орналасуы бойынша:
- Алдыңғысептальды (алдыңғыаралық);
- Алдыңғы ұшы;
- Алдыңғыбүйірлік;
- Алдыңғы базальды (жоғары алды);
- Алдыңғы жайылмалы (септальды, ұшылық жəне бүйірлік);
- Артқы дифрагмальды (төменгі);
- Артқыбүйірлік;
- Артқыбазальды;
- Артқы жайылмалы;
- Оң қарыншалық МИ.

Аурудың сатысының ағымына қарай:
- Қасқағым кезең – МИ дамығаннан 2 сағ дейін;
- Жіті кезең – МИ дамығаннан 10 күнге дейін;
- Жітілеу кезең – 10 күннен бастап 4-8 аптаның соңына дейін;
- Инфаркттан кейінгі кезең – 4-8 аптадан кейін.

Кейде продромальды кезеңді бөліп айтады, ол стенокардияның тұрақты емес кезеңіне, МИ дамуымен асқынуы түсінігіне сəйкес келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет