Лекция 9 Л54 Лингвистикадағы ғылыми зерттеу негіздері : «Аударма ісі»


- тақырып. Тіл білімінің бөлімдері



бет4/8
Дата10.12.2023
өлшемі33,98 Kb.
#136821
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
2- тақырып. Тіл білімінің бөлімдері
Жоспар
1 Ішкі лингвистика
2 Сыртқы лингвистика
Ішкі лингвистика
Барлық заттар мен құбылыстарға тән субстанциялы және функционалды қасиеттер тілге де тән. Бұл қасиеттер тілді жүйелі құрылым ретінде қарастырып зерттеуге мүмкіндік береді. Енді осы қасиеттерге жеке-жеке тоқталайық.

Субстанциялы қасиет дегеніміз – заттар мен организмдердің және құбылыстардың оларға табиғатынан тән, туа біткен қасиеттері. (лат.substantia-«мән, маңыз»). Ол қасеиттер объектілердің ішкі жаратылысына тән, оның иманенттік қасиеті болып табылады және олар барлық басқа объектілерден сол ішкі қасиеттері арқылы ерекшеленеді. Мысалы, адамның субстанциялы қасиеттері оның туа пайда болған ішкі құрылысымен (дене бітімімен, миының құрылысымен, нерв жүйесімен, қан айналу жүйесімен және зат алмасу үрдісімен) айқындалады.
Функционалды қасиет – (лат.functio-қатынас) объектінің сыртқы, жүре пайда болған және басқа объектілерге қатысты байқалатын қасиеттер. Ол қасиеттердің негізі объектінің ішкі құрылымында бұрыннан бар, даму үрдісі барысында көрініс тапқан қасиеттер. Жоғарыда айтылған осы қасиеттерді негізге ала отырып, тіл туралы ғылымның екі негізгі бағытын анықтауға болады: тілдің субстанциялы қасиетін зерттейтін ішкі лингвистика және тілдің функционалды қасиетін зерттейтін сыртқы лингвистика. Енді тіл біліміндегі осы екі бағытты жан-жақты қарастырып көрелік.

Ішкі лингвистика тілді оның субстанциялық қасиеттері негізінде, жүйелі құрылым ретінде зерттейді.
Жүйе дегеніміз – өзара шарттас, өзара байланысты, біртектес элементтердің бірлігі. Ол рет-ретімен орналасып, ұйымдасқан біртұтас құбылыс. Тілдің жүйелі сипаты оның барлық деңгейлерінен – фонетикалық, лексикалық және грамматикалық деңгейлерінен көрінеді. Мысалы, белгілі бір тілдің фонетикасында «дауысты дыбыстар жүйесі», «дауыссыз дыбыстар жүйесі» деп аталуы тектен тек емес. Мысалы, түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде дауысты дыбыстардың жуан және жіңішке, еріндік және езулік т.с.с. топтасуы тілде дыбыстық жағынан жүйе бар екенін көрсетеді. «Ы» мен «і» дыбыстары айтылуына қарай «ы» - жуан, «і» - жіңішке ретінде танылса, бұл екі дыбыс еріннің қатысы жағынан біртектес, езулік болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет