Лекция 9 Л54 Лингвистикадағы ғылыми зерттеу негіздері : «Аударма ісі»


- тақырып. Тіл біліміндегі зерттеудің әдістері мен тәсілдері



бет8/8
Дата10.12.2023
өлшемі33,98 Kb.
#136821
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
3- тақырып. Тіл біліміндегі зерттеудің әдістері мен тәсілдері
Жоспар
1 Тіл біліміндегі әдіснама
2 Тіл білімі зерттеулерінің ұстанымдары
3 Тіл біліміндегі зерттеудің әдістері
4 Тілді зерттеу тәсілдері
Тіл біліміндегі әдіснама
Кез келген ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесі – зерттеушінің ғылыми зерттеу әдіснамасын, зерттеудің әдіс-тәсілін дұрыс қолдана алуына байланысты. Зерттеудің әдіс-тәсілдеріне тоқталмастан бұрын біз әдіснама, әдіс, тәсіл терминдерінің мағыналарын ажыратып, олардың айырмашылықтарын білуіміз керек.
Әдіснама – ол жалпы ғылыми әдіс немесе жеке ғылымдардың әдістері туралы ғылым. Әдіснама зерттеудің жалпы ғылымдық бағыт-бағдарын көрсетеді.
Әдіс – қойылған ғылыми мақсатқа жетудің жоспары. Әр ғылымның тек өзіне тән зерттеу әдістері болады. Әдіс әдіснамаға тәуелді болады, соған бағынады. Өйткені әдіснама зерттеудің жалпы ұстанымдарын белгілейді.
Тәсіл – зерттеушінің зерттеу материалын қарастырудағы нақты іс-әрекеті. Бұл соңғы мақсатқа жету үшін қолданған тәжірибелік амал.
Әдіснама жоғарыда айтылғандай жалпы ғылыми әдіс немесе жеке ғылымдардың әдістері туралы ғылым. Әдіснаманың екі түрі бар: жалпы (философиялық) және жеке (нақты ғылыми әдіснама).
Жалпы немесе философиялық әдіснама – ол адамның қоршаған ортаны танудағы жалпы ережелерінің жиынтығы, ол тірі және өлі табиғаттың ортақ заңдарына негізделген. Бұл әдіснама зерттеушіні табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарымен қаруландырып, оны өз зерттеу проблемасын анықтап түсінуге көмектеседі. Жалпы әдіснама – бұл таным қағидаларының жиынтығы. Әдіснама ғылымы зерттеп енгізген жалпы ұстанымдарды кез келген ғылымда, оның ішінде тіл білімінде де қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет