Клинкерлік минералдардың қасиеті. Жекелеген клинкерлік минерал-дардың төменде баяндалған қасиеттерін біле отырып және олардың клин-кердегі мөлшерін анықтап, белгілі дәрежедегі жабдықпен осы клинкерден алынатын цементтің негізгі ерекшеліктерін сипаттауға болады.
Үшкальцийлі силикат ( ) су мен реакцияға түскенде химиялық жағынан өте белсенді. Мұны гидраттау кезінде, әсіресе алғашқы үш тәулікте жылу бөліну мөлшері дәлелдейді (4.2-кесте). Үшкальцийлі силикат тез қатуға және беріктігін арттыруға өте қабілетті, сондықтан клинкерде -тің мол болуы қатудың жылдам жүруіне және цементтің беріктік көрсеткіштерінің артуына әсер етеді.
Үшкальцийлі силикатқа қарағанда қоскальцийлі силикаттың белсенділігі (С2S) анағұрлым баяу гидратталу кезіндегі жылу эффектісінің төмендігі соған дәлел. Алғашқы апта айларда қатқан минерал басқаларымен салыстырғанда төмен беріктікке ие, дегенмен бірнеше жыл өткеннен соң, қатуға қолайлы жағдай жасалған (яғни ылғал мен жылу болса) беріктігі тоқтаусыз өседі.
Сөйтіп, алитті деп аталатын цементтер (құрамында мол) сумен реакцияға түскенде белитті цементтерге қарағанда (салыстырмалы алғанда құрамында мол) анағұрлым белсенді.
Үшкальцийлі алюминат ( ) барынша тез гидратталатын клинкерлік минерал болып табылады. Оның жалпы шығаратын жылуы -тен екі еседей артық, ал үш тәулік ішінде гидраттау жылуының 80%-ті бөлініп шығарылады. жылдам қатады, цементті суға батырғаннан кейінгі алғашқы сағаттарда тіпті жылдам қатады. Егер цементтің құрамында бекуді баяулататын гипс болмаса, ерте қатып қалатындықтан қолданғанда бетон лайын жақсылап араластырып, қалыпқа құюға үлгермейтіндей цемент алынар еді. Катқан -дың беріктігі төмен.
Төрткальцийлі алюмоферрит ( ) сумен реакциясының жылу көлемі және қату жылдамдығы бойынша үш және қоскальцийлі силикаттардың ортасынан орын алады. Беріктігі гидратталу өнімінікінен төмен, ал -нен жоғары.
Клинкерлік минералдардың келтірілген қысқаша сипаттамаляры, олардың клинкердегі сандық мөлшері, цементтің қасиетіне елеулі түрде әсер ететіндігін көрсетеді.
Мәселен, құрастырмалы темір бетон бұйымын жасауға қажетті тез қататын цементті алу үшін олардың дайындау мерзімін қысқарту мақсатында құрамындағы және мөлшері мол клинкерді пайдаланады. Күзгі-жазғы уақыттарда атқарылатын бетонды жұмыстар үшін де құрамында үшкальцийлі силикат және үшкальцийлі алюминаты мол цемент қажет. Мұндай цементтің экзотермиясы жоғары болғандықтан жылуын жоғалтудан оқшауланған конструкциядағы бетон, ауа суық болғанда да қата береді. Алайда, көп жағдайда экзотермиясы аз цемент қажет болады. Мәселен, гидротехникалық құрылыстардағы көлемді бетон конструкцияларында. Егер қатып келе жатқан цементтің жылу бөлуі жоғары болса, бетонның температуралық кеңеюі орын алады. Ол әсіресе көлемді бетонның ішкі бөлігінде елеулі, ал ауа мен судың табиғи салқындатуына ұшырайтын сырт жағында оның салыстырмалы мағынасы аз болады. Аумақтық деформациялар, температуралығын ала-құлалығының әсерімен, бетонда жарықшақтар туғызады, ал оның конструкцияның апаттық бұзылуына әкелуі мүмкін. Экзотермиясы жоғары цемент алу үшін клинкерді салыстыра отырып құрамындағы -пен -да мөлшерде болатындай етіп дайындау қажет.
Магний тотығын шақтаулы көлемде ғана араластыруға болады, өйткені цемент пен судың қатынасы кезінде баяу түзілетін магний гидратациядағы бастапқы магний тотығына қарағанда үлкен аумақты алады. Бұл қолданған материалда ішкі қысым тудырады да, ол бірқатар жағдайда жарықшақтардың пайда болуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Түрлі химиялық құрамалардағы клинкердің құрамындағы калий және натрий тотықтарына бүрын мән берілмейтін, бірақ соңғы кезде егерде бетонның тасты толтырғыштарында негізгі тотықтарға қарағанда үлкен реакциялық қабілетімен ерекшеленетін опал түріндегі кремнезем, яғни аморфты түрдегі сулы кремнийдің қос тотығы ( ) бар болса, цементтегі сілтілермен әсерлесу салдарынан, ол бетонның қирауын туғызатыны анықталды. Осыған орай бетонға арналған толтырғыштарды сынау кезінде бірқатар жағдайда аморфты, реакцияға аса қабілетті («ерітілетін») кремнеземнің бар екендігін міндетті түрде тексереді.
Айтылған мысалдар белгілі бір салада пайдалану үшін, цементті таңдауды, клинкердің минерологиялық және тотық бейнеленген химиялық құрамымен үштастыру қажет екендігін көрсетеді. Цементті клинкер минералдарының сумен байланысына қатысты мәселені қарауымыздан, құрылыстың түрлі саласы үшін таңдауда, клинкердің минерологиялық құрамын қалай ескеру керектігі анағұрлым айқындала түседі.