Қышқылға төзімді цемент. Көбінесе қышқылға төзімді, кварцты, крем нефторли цементті дайындайды. Ол жеке-жеке ұсатылған кварц құмы мен кремнефторлы натрийді бірге ұнтақтау және мұқият араластыру жолымен алынатын тозаң тектес материал. Бұл цементті суға емес, натрий силикатының, яғни сұйық шынының сулы ерітіндісіне батырады. Цемент құрамындағы гидролизденген кремнефторлы натрий, тиісінше сұйық шынының қатуын жылдамдатады. Қышқылға төзімді цементтің құрамындағы кварцты құм кварциттің, диабаздың немесе басқа да қышқылға төзімді тау жынысының ұнтағымен алмастырылуы мүмкін. Бетондар мен лайларды жасау кезінде толтыргыштарды да қышқылға төзімді жыныстардан алады.
Қышқылға төзімді бетонның қысқандағы беріктікке төзімділігі 50-60 МПа-ға (500-600 кгс/см2) дейін жетеді. Қышқылдарда төзімді болғаны мен (фторсутегілі, кремний фторсутегілі және фосфорлысынан басқа), қышқылға төзімді бетон, суда беріктігін жоғалтады, ал сілтіде бұзылады.
Қышқылға төзімді бетоннан химия заводтарында қоймалар, мұнаралар т.б. құрылыстар, өңдеу цехтарында ванналар жасайды. Қышқылға төзімді плиталармен (керамикалық, шынылық, диабаздық) химия кәсіпорындарындағы және туыстас өндіріс орындарындағы темір бетонды, бетонды және кірпішті конструкцияларды астарлау кезінде пайдаланылады.
Лекция 8 Гидравликалық байланыстырғыш заттар.
1. Гидравликалық әк Цемент (Жалпы мәліметтер) Гидравликалық әк. Гидравликалық әк ертеректе кеңінен пайдаланып келгенімен, бұл материал біртіндеп біршама жетілген гидравликалық тұтқыр заттарға, бірінші кезекте портландцементке орын берді. Гидравликалық әк бізде шағын көлемде, негізінен құрылыс лайы үшін өндіріледі.
Ауалық әкті сипаттау кезінде, оны алу үшін, құрамында сазды қоспа-лардың шектеулі мөлшері бар әк шөгінділері пайдаланылатындығы айтыл-ған болатын. Ал гидравликалық әкке шикізат ретінде мергелді, әк шөгін-ділері, яғни 6-25% сазбен тығыз табиғи байланыстағы әк шөгінділері қолданылады. Мұндай жынысты күйдіргенде кальций карбонаты ғана емес, оның құрамындағы саз да елеулі өзгеріске ұшырайды, ал ол алынатын тұтқырдың қасиетіне әсер етеді.
Саз жалпы формуласы болып табылатын түрлі сулық алюмосиликаттардан тұрады. Сонымен қатар саз құрамында әдетте жұқа кварц құрамы түріндегі кремнийдін қостотығы, сондай-ақ темір косындысы болды.
Сазды 550-800°С-ге дейін қыздырғанда, алиминийсилакаттар сусызданады. Сол кезде бөлшектері борпылдақ, жүйелі аморфты заттар түзіледі, дәл осындай борпылдақ жүйе, бұрын айтылғандай, әк шөгінділерін күйдірудің өнімдеріне де тән, сондықтан кальций тотығы мен күйдірілген саз бөлшектері әк шөгінділі күйдіру пешінде көтеріңкі ішкі энергия қорына да, сондықтан елеулі реакциялық қабілет көрсетеді.
Сөйтіп, пеш ішіндегі тар қоспада, күйдіру кезіндегі процесстер нәтижесінде, бір-бірімен қуатты түрде байланысуға азірлеп қойған көрінетін заттар болады. Күйдірілетін материал пісуге дейін жеткізілмейді, яғни онда сұйық фаза жоқ. Бірақ, молекулаларды күшейтілген молекулалық қозғалысы арқасында, қатты жағдайда сілтілі тотықтар (негізінен СаО) мен қышқылдық ( ) арасындағы реакция пайда болады. 1000-1100°С температурада жүретін бұл реакциялар кальцийдің төменгі негізді алюминаты мен силикатының түзілуіне алып келеді. және . Шағын көлемде барынша жоғары негізді құрамалар түзілуі де мүмкін. Сонымен бірге гидравликалық әкте кальций ферриті жиі кездеседі, өйткені бастапқы шикізат құрамында темір құрамасы кездеседі.
Кальций гидрототығы түріндегі кейбір бөлігі, алдын-ала механикалық әсер етусіз-ақ гидратталуға қабілетті екендігіне қарамастан, гидравликалық әкті әдетте жұмыс жағдайына ұнтақтау арқылы келтіреді.
Гидравликалық әктің қатуын негізінен кальций силикаттарын, алюминаттар мен ферриттерін гидраттау процесі арқылы туғызады.
Бұл құрам мөлшері қаншалықты көп және тиісінше кальцийдің еркін тотығының саны қаншалықты аз болса, гидравликалық әк соғұрлым тез қатады және оның беріктігі соғұрлым жоғары болады.
Гидравликалық әктің 28 тәуліктен кейін қысқандағы беріктігі 1,7 МПа-дан (17 кгс/см2) кем болмауы тиіс. Өте күшті гидравликалық әктің беріктік көрсеткіші барынша жоғары болып, 5-10 МПа-ға (50-100 кгс/см2 дейін) жетуі мүмкін. Гидравлиқалық әк беріктігі мен гидравликалық дәрежесі бойынша портландцементтен едәуір төмен.
Жоғары сапалы гидравликалық тұтқыр алуы үшін оның құрамыңда кальцийдің еркін гидрототығы тіпті болмауы тиіс, бірақ сонымен бірге не-гізінен кальцийдің жоғары негізді силикатынан, алюминаты мен ферритінен тұруы керек. Бұл басқа тұтқыр заттарға – портландцементпен алдағы параграфтарда сипатталатын өзге цементтерге айналады.
Цемент - басты құрамдас бөлігі ішінара немесе толық балқуға жеткізілген, шикізат материалдарының тығыз қоспасын, жоғары темпера-туралық өңдеу кезінде түзілген кальций силикаты мен алюминаты болып табылатын гидравликалық тұтқырлар тобының жиынтық аты. Материалдың ішінара балқуы оның пісуімен жалғасады, сондықтан пісуге дейін және балқуға дейінгі пісіру деп бөледі.
Цементтердің басым бөлігін бастапқы материал қоспасын піскенге дейін күйдірумен алады.
Бізде құрылыс индустриясына арналған цементтің отызға тарта
мен тектерін алады. Сонымен бірге цементті одан әрі жетілдіру және
оның принципті жаңа тектерін жасау бағытында кең зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл түсінікті де, өйткені цемент құрылыс материалдарының ішінде аса маңыздыларының бірі болып табылады. Оны механикалан-дырылған және автоматтандырылған ірі заводтарда жасайды. Цемент өндіру жөнінен бұрынғы ССРО 1962 жылдан бері дүниежүзінде бірінші орында келеді. 1980 жылы цемент өндіру Кеңес үкіметінде 125 млн тоннаға жетті. Цемент шығарудың орасан зор аумағына қарамастан, ол бәрібір үздіксіз қанат жайып келе жатқан әр түрлі құрылысқа жете бермейді. Цементтің та-сымалдау, тиеу, сақтау кезінде ысырап болуына, бетондар, құрылыс лайын және одан бүйымдар жасау кезіңде,оның көп жұмсалуына жол бермей, оған үнемділік тұрғысынан қарау керек. Цементті үнемдеп пайдалану мөлшері нормативтік құжаттарда келтірілген. Бұл мәселе туралы бірқатар нұсқаулар, оқулықтың жекелеген тарауларында беріледі.
Қату кезінде цементтер, цемент маркасын сипаттайтын түрлі беріктікке жетуі мүмкін. Негізінен 300,400,500,600 маркалы цементтер шығарылады, бірақ жекелеген жағдайларда бүдан жоғары маркалы цементтер де шығарылуы мүмкін.
Маркасының артуымен бірге цементті бетондар мен лайларда пайдалану, атап айтқанда оның жеке шығынын азайту есебінен, пәрменділігі артады, сондықтан да цемент заводтарындағы технологиялық процестерді жетілдіру арқылы қол жеткізуге болатын цемент маркасын арттыру, елеулі мөлшерде қосымша цемент шығарғанмен тең. Керісінше, тасымалдау, сақтау кезінде цементтің беріктігі төмендейтін болса (бұл оның ауадағы су буымен көміртек қостотығын сіңіруі нәтижесінде бұзылуынан болуы мүмкін), цементтің бірқатар мөлшері із-түссіз жоғалуы мүмкін деген сөз.
Әр түрлі цементтердің ішінде ерекше маңызды бары – портландцемент.