Лекция Ботаника пәніне кіріспе Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған



бет4/73
Дата04.10.2022
өлшемі7,76 Mb.
#41359
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Байланысты:
Ботаника лекция

Цитоплазма мембраналары. Жасушаны зерттеудегі соңғы жетістіктерінің бірі – цитоплазманың мембраналық құрылымының анықталуы. Оның құрылысы жұқа (4-10нм), біршама тығыз жіңішке ақуыздардан және фосфолипидтерден тұратын аса тығыз үлпекті биологиялық мембрана.
Мембрана – цитоплазманың тірі бөлігі. Ол протопласты қоршайтын ортадан бөліп тұрады. Биологиялық мембраналардың негізін липидтер құрайды. Липидтердің молекулала­ры белгілі бір жүйеде орналасқан, яғни жасушаның қабықшасына екі қабат болып перпендикуляр орналасқан. Әдетте оның сумен тығыз қарым-қатнаста болатын бөліктері жасушаның сыртына қарай бағытталған, ал сумен нашар қарым-қатынаста бола­тын бөліктері керісінше оның ішіне қарай бағытталған (3-сурет).

3-сурет. Универсал биологиялық мембрана (көлденең кесіндісінің сызба-нұсқасы): 1-фосфолипидтердің молекуласының екі қатар қабаты; 2-ақуыздық қабат; 3-тоннелъдік ақуыз.


Липидтен тұратын тіректің (қаркастың) екі жағынан бірдей ақуыздың молекулалары тұтас қабат түзбей орналасады. Олардың бір бөлігі липидтік қабатқа еніп тұрады, ал екінші біреулері осы қабатты тікелей жарып өтіп судың өтуіне мүмкіндік беретін участок түзеді. Мембраналар цитоплазманың шекарасын бөлетін қабат түзеді, сонымен бірге оның органойдтарының сыртқы шекарасын да бөліп тұрады және олардың ішкі құрылыстарының структурасын түзуге де қатысады. Мембраналар цитоплазманы бір мезгілде бір-біріне байланыосыз қарама-қарсы бағытта биохимиялық процестер жүретін жеке бөліктерге (отсектерге) бөледі (мысалы, синтезделуі және ыдырауы жүретін).


Биологиялық мембраналардың негізгі қасиеттерінің бірі сұрыптап өткізгіштігі (жартылай өткізгіштігі). Бір заттар олар арқылы нашар өтеді, ал екінші біреулері ерітіндінің қоюлығына қарамастан жақсы өтеді. Тіптен олардың концентрациясы көтеріледі. Соңдықтанда мембраналар цитоплазманың және оның органоидтарының химиялық құрамын (сақтайды) айқындайды. Сонымен қатар мембраналар жеке ферменттер мен олардың комплекстерінің цитоплазмада қалыптасып, жасушаның тіршілігіне қажетті ең негізгі процесс – химиялық реакциялардың ретімен жүруін қамтамасыз етеді.
Цитоплазма мембраналары: плазмалемма, мезоплазма және тонопласт.
Плазмалемма - цитоп­лазманы жасуша қабықшасынан бөліп тұратын мембрана. Ол әдетте жасуша қабықшасына тығыз жабысып тұрады (2-сурет). Кейде плазмалемма түкті болып келеді, немесе терең қатпарлар түзеді. Плазмалемма жасушаның сыртқы ортамен зат алмасуын реттейді, сонымен бірге заттардың синтезделуіне қатысады. Ол жасушаға тек диффузия жолымен өтетін суды ғана еркін өткізеді, ал майда молекулалар мне иондарды плазлемма арқылы гиалоплазмаға әр түрлі жылдамдықпен өткізсе, ірі молекулаларды тіптен өткізбейді.
Тонопласт - цитоплазманы вакуольден бөліп тұратын мембрана. Оны кейде вакуоль мембранасы деп те атайды. Ол вакуольге өтетін заттардың құрамы мен жылдамдығын реттейді.
Мезоплазма – плазмолемма мен тонопласттың арасындағы аралық мембрана. Бұл мембранада жасушаның протопласт бөлігінің органойдтары орналасады. Сондықтан бұл мембрана арқылы мембрана аралық және органойд аралық зат алмасу жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет