Лекция Ботаника пәніне кіріспе Ботаника өсімдіктер туралы ілім. Өсімдіктер туралы түсінік адамның іс тәжірибелік, шаруашылық тіршілігіне байланысты ерте заманда пайда болып тез дамып қалыптаса бастаған



бет68/73
Дата04.10.2022
өлшемі7,76 Mb.
#41359
түріЛекция
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Гетерокарпия және гетероспермия. Өсімдіктің бір данасында (особь) әр түрлі жемістер мен тұқымдардың жетілуі. Бұл ерекшелік орта жағдайларына кең түрде бейімделуге мүмкіңдік береді. Гетероспермия кейде бір өсімдікте емес, бір жеміс көлемінде байқалады. Мысалы, іргешөп туысының кейбір түрлерінің бір қорапшасында қанатты және қанатсыз тұкымдар жетіледі. Ал алаботада тұқымыңың 3 типі бар: ірі ашық қоңыр, орташа қара және ең майдасы жылтыр қара түсті. Гетерокарпия мен гетероспермияның әр түрлі нұсқалары әсіресе алаботалар, айқышгүлділер, шатыргүлділер, астықтар тұқымдасына тән. Гетероспермияның ерекше түріне тұқымдардың физиологиялық әр тектілігі жатады. Мысалы, бұршақтар тұқымдасының көптеген өкілдерінде бір өсімдіктің өзінде жеңіл ісінетін тез өсетін, және ісінбейтін тұқымдар жетіледі. Соңғысы өзінің тіршілік қабілетін ондаған жылға дейін сақтай алады.
Гүлді өсімдіктердің өсімталдығы. Жер жүзіндегі жабық тұқымды өсімдіктер сан жағынан тірі организмдер арасынан екінші орын алады. Бұлар әр алуан экологиялық ортада — суда, жер бетіңдегі таулы, тасты, құмды жерлерде, құлазыған қуаң далада, ауа айналып жерге түсетін сахарада, қақылдаған аязы басым болып келетін солтүстікте — барлық жерлерде өседі. Әрине, өсімдактердің кең таралуыңда олардың жеміс пен тұқымды мол беруінің де маңызы бар. Жабық тұқымды өсімдіктердің арасынан ең аз дегеңдері ондап, жүздеп, көп түрлері он мыңдап, жүз мыңдап та жеміс және тұқым береді. Мысалы, арпаның, бидайдың, сұлының, қара бидайдың бір дәннен өнген түбі, жақсы өскен жылдары 1000 жеміс (тұқым) береді. Кейбір тұқымды аз беретін арам шөптердің бір данасы 15 мың тұқым берсе, ал олардың жеміс пен тұқымды мол беретіндерінің біреуі ғана 100 мыңнан да артық тұқым және жеміс береді. Бір жазда бір меңдуана 100—450 мың, бір қызылқұйрық 500 мың, бір терек 27—28 миллионға дейін тұқым (жеміс) береді.
Әрине, бұл тұқымның барлығы бірдей өніп-өсіп, ересек өсімдікке айналатын болса, біраз жылдың өзінде бір гектар жерге өскен терек тұқымынан таралып өскен ағаштардан ғана аяқ алып жүретін жер қалмаған болар еді. Бір меңдуананың тұқымыңың бәрі бірдей өніп-өсетін болса, 2—5 жылдың ішінде басқа өсімдіктердің өсуіне керекті жер қалмаған да болар еді. Іс жүзінде олай болмайды, өйткені ол тұқынның барлығы бірдей өзіне қолайлы келетін жағдайға түсе алмайды, түскендері — өнеді де жетіліп ересек өсімдікке айналады, калғандары жойылып кетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет