Лекция. Дене шынықтыру-қоғам мәдениетінің бөлігі Дене шынықтыру қоғам мәдениеті мен адам мәдениетінің бөлігі ретінде Дене шынықтырудың тарихи сипаты



бет33/36
Дата18.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#75312
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
Мамандыққа к лекция

Әдебиеттер

  1. Ә.Тлеуов. Дене тәрбиесі және спорт ілімі мен әдістемесі. Шымкент, 2003ж.

  2. Ә.К.Әбділлаев., Ж.К.Оңалбеков. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі. Түркістан, 2004ж.

  3. А.Есмағанбетов. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. Қарғанады, 1995ж.

  4. Б.Мұхамеджанов. Дене мәдениеті мамандығына кіріспе. Кентау, 2006ж.

  5. С.Тлеуова. Жоғары мектеп педагогикасы. Шымкент, 2002ж.

  6. Подзорова Т.С. Научная организация педагогического труда студентов. -М., 1975.

  7. Тер-Ованесян А.А., Тер-Ованесян И.А. -Педагогика спорта. Киев, 1982.

27-28 лекция. Өзіндік жұмыстар



  1. Өзіндік білім алуының міндеті мен мазмұны

  2. Оқу қызметінің технологиясы

  3. Ақпараттық ізденіс

Қазіргі кезде нақты айқын болып отырған жайт, біз мектепте, жоғары оқу орындарында қаншама қажетті және пайдалы білім бергенімізбен, адамның оны үнемі толықтырып отыруына тура келеді: сондықтан қазіргі педагогикалық және қоғамдық саяси әдебиеттерде "үздіксіз білім алу", "мамандықты жетілдіру", "өз бетінше білім алу" ұғымдары кездесетіні тегін емес. Студенттердің өз бетінше оқуына, еңбек етуіне күш салу қажет, өйткені ең тәжірибелі деген оқытушының өзі оны алмастыра алмайды.


Дегенмен іс жүзіндегі тәжірибелерге және арнайы бақылауларға қарағанда, өз бетінше білім алуға талпыныс және іскерлік пен дағды негізінен алғанда мектептер мен жоғары оқу орындарында қалыптасады. Сонымен қоса, оқуға деген шын ықылас болмаған жағдайда білім дәрежесі мен сапасы төмен болатығы сөзсіз. Студенттердің 40% білімінің таяздығын өз бетінше жұмыс істей алмайтындығынан екендіп атап көрсетілген. Болашақ мамандар үшін оқуға ден қою, білімін өмір бақи көтеру ерекше маңызды ғана емес, сонымен бірге кәсіптік маңызы да зор іс. Педагог өзі оқығанға дейін өмір сүреді. Ол оқуъга тоқтатқанда, оның педагогтығы да аяқталады. Мұнда мәселе педагогтын басқаларға беретін білім мөлшерінде ғана емес, мәселе оның қаншалықты білім алғандығында, яғни оқу еңбегі мәдениетін меңгергендігінде, тек сонда ғана ол тиімді оқу еңбегіндегі іскерлік пен дағдыңы шәкірттеріне дарыта алады.
Оқу еңбегі мәдениетінің ұғымы педагогикалық әдебиеттерде түрліше баяндалады. Онда көбінесе жекелеген жайттар қарастырылады: ой еңбегінің гигиенасы (ақыл-ой қабілеттілігін сақтау және арттыру тәртібін, сондай-ақ оны тәжірибелік істе орындай алуды білу), сондай-ақ ой еңбегінің тәсілдері (ой әрекетінің тиімді амалдарын білу оны орындай алу). Озат оқытушылардың тәжірибесіне, жоғары оқу орындарында ұзақ уақыт жүргізілген байқаулар мен тәжірибелерге қарағанда оқу еңбегі мәдениеті кеңінен қарастырылып, бұл ұғымға оқу, оқу еңбегін жоспарлау ұғымдарын жатқызу қажет.
Адамның атқаратын жұмысының мөлшері мен сапасы, оның жұмыс қабілеттілігіие (нақты жағдайға қарай - дене және ой қабілетіне) байланысты екендігі түсінікті. Өз кезегінде жұмыс қабілеттілігі болмашы себептерге де байланысты. Мәселен, сабақтың ауасы тар бөлмеде өткізілуі; адамнын бүгін ұйқысы қанбауы; таңертең мүлде тамақ ішпеуі, серуендеп демалудың орнына теледидар алдыңда ұзақ түн отыруы т.б.. Сонымен қоса, жүргізістен тәжірибелердің көрсеткеніндей, осы себептердің қай-қайсысы болмасын, әсіресе олардың барлығы жинала келгенде біздің жұмыс қабілеттілігімізге едәуір әсер етеді екен. Мәселен желдетілмеген бөлмеде сабақ өткізгенде ой еңбегінің көрсеткіші 5-7% кемиді екен. Ал, ұйқы жөнінде алатын болсақ мұны нақтырақ түсіндіруге тура келеді. Ең алдымен: әрбір адам орташа дерекке сүйеңбей өзінің ұйықтау мөлшерін білуі тиіс. Сонымен қоса, дене еңбегіне қарағанда, ой еңбегінің адамдары ұзағырақ ұйықтауды қажет ететіндігі белгілі. Сондай-ақ, жас адамдар көбірек ұйықтайды. Қорыта айтқанда, ұйқыны қандыру қажет, бірақ қай адам қанша ұйықтайтынын күнделікті мұқият бақылау арқылы біліп отыруы тиіс. Басқа жол жоқ, әр адамның ұйықтайтын жолына ешқандай орташа дерек нұсқау бере алмайды.
Тамақтануды дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Күні бойы үш-төрт рет тамақтанған жөн, таңертеңгілік ыстық ас ішіп, жатар алдыңда аздап қана тамақтанған дұрыс. Бір қарағанда, өте қарапайым ереже секілді. Бірак оның өзі қаншалықты жиі бұзылады десенші, оның өзі алдағы ұзақ мерзімді жоспарға да, сондай-ақ ой қабілетіне де қолайсыз әсер етеді.
Сондықтан, міндет мынада: біріншіден тиісті нұсқауларды тек меңгеріп қана қоймай бұлжытпай орындау да қажет, сонда мұның өзі басқа жағдайлармен қоса жұмыс қабілеттілігін арттыруға ықпал ететіндігі есте болуы тиіс. Екіншіден, адам өзіне ұдайы бақылау жасау арқылы өз ағзасының ерекшелігін біліп отыруы керек.
Уақыт-кез келген тәртіптің негізі, бірақ тәртіптің өзі емес. Тәртіп ұғымына өзара байланысты және жеке адамныц ерекшелігі ескерілген жұмыс күнінің, тәртібі, тамақтануы, ұйықтауы жатады. Анығында, студент өзіне лайықты дербес тәртіпті барлық жағдайда пайдалана бермейді. Егер мәселен студент оқу орнында сабақ әдеттегідей ерте басталса, ал ол түнде ұзақ отырып жұмыс істеген болса, әрине бұл оған өте қолайсыз. Алайда, сабақты кешкі уақытқа белгілеуге болмайтыны белгілі. Бірақта, уақыттың шамамен үштен бірін адам өзі белгілейді, сондықтан жұмыстың ойдағыдай атқарылуы мен жұмыс қабілеттілігі көп жағдайда уақытты мұқият және орынды белгілеуге байланысты. Әрине көз келген тәртіп-студенттің бос уақытын әдейі, саналы түрде шектеу болып табылады. Жоғарыдағы айтылған жайттармен қоса адам өзін-өзі тану, өткенді бақылау жасау арқылы ғана бір тәртіптің керек, қажет екенін түсіне алады, әрі уақытты тектен-тек, ойластырылмаған, жоспарланбаған, ұйымдастырылмаған түрде өткізуден аулақ болады.
Студенттердің жоғары оқу орнында тиімді оқуына, оның саналығының, жалпы білімдік деңгейі мен оның мәдени деңгейінің едәуір дәрежесі кітаппен жұмыс істей білумен анықталады. Бірақ, мектеп түлектерінің көбісінің кітаппен жұмыс істеу даярлығының болмауына байланысты, студенттердің өзіндік сабақтарына дайындалуда қиындықтар пайда болады.
Студенттердің білімінің белгілі жүйесінің бір ізділігін меңгеруі оқу жоспарында көрсетілген. Бірак лекциялық сабақтарында барлық материал айтылмайды. Оқу бағдарламасының көпшілік бөлігін студент өзіне ұсынылған әдебиеттер мен өзінше оқып білуге міндетті. Сол себепті кітаппен жұмыс істеуде табандылық пен шыдамдылық талап етіледі. Студент белгілі бір оқу мәдениетін өзінде қалыптастыру керек. Оқу мәдениеті түсінігіне оқығанды талқылай білу, ең бастысымен, ең маңыздысын табу, оқығанды дұрыс түсіну, қажетті анықтама әдебиеттерін пайдалана білу, мақсаты немесе нақты қойылған міндетіне қарай оқу үшін, кітаптарды таңдау жатады. Кітаппен өзінше жұмыс істеу жүйелілігінің қатаң сақтаудың маңызы өте зор, әсіресе әртүрлі авторлардың бір және сол сұрақ жөніндегі кітаптарын оқу да тиімді. Осындай оқу көзінде студент әртүрлі жағдайларға баға беруде дербестігін көрсетеді. Ол өзінің керекті нақты, пайымды және ғылыми негізгі дәлелдерді таңдай білуді, дұрыс және қисынды ойлауды жетілдіреді.
Кітапты оқу кезінде оның мазмұнын түсінуі мен ұғынуы өте маңызды. Мағынасы түсініксіз барлық сөздер мен сөйлемдерді, атаулар мен анықтаулардың мағыналарын шешу қажет. Кейде бұл үшін сөздіктер мен анықтамаларды пайдалануға тура келеді. Кітапта кейде тарихи әдебиеттер мен халық шығармашылығынан кірген ерекше сөйлемдер кездеседі. Кітаппен дұрыс жұмыс істей білу, уақыттың үлкен пайдасын үнемдеуге мүмкіндік береді, терең, мақсатты және жүйелі білімді меңгеруге әсерін тигізеді. Кітаппен жұмыс істеу әдісі әрине дербес жұмыс. Ол студенттің тәжірибесінің барлығына, жалпы мәдени деңгейі мен көп оқығанына байланысты, сол сияқты оған оқитын әдебиеттің түрі де қатысты.
Бірак жалпы алғанда кітапты оқу жұмысының өзіне тән жалпы тәсілдерін бөліп шығаруға болады. Мұндай тәсілдерге алдын-ала кітаппен таныту, мәтінің талдау, қысқаша мазмұнын және бір уакьпта әдебиеттермен жұмыс істеу жатады. Әдетте жоғары оқу орындарында әдебиеттер тізімі беріледі (міндетті, косымша, өз бетінше білім алу т.б. үшін). Дегенмен, студент әдебиеттерді өз бетінше іздестіре білуге дағдылануы, оған көз жүгіртіп танысуы, әрбір түпнұсқаның ерекшелігіне қарай оқу түрін белгілеуі тиіс. Нақты пән саласы бойынша жалпы мағлұматты кітапхананың әр алуан библиографиялық анықтамалық картотекасынан алуға болады. Әдебиеттердің сенімді, әрі студенттердің тұрақты жұмыс істеуіне дағдылануын қажет ететін көзі-әр алуан қаталогтар (кітаптар мен журнал мақалалары). Каталогтың ең көп тараған түрлері - жүйелілік, алфавиттік және пәндік, жүйелілік пен каталогта библиографиялық карточкалар сала, бөлім, бөліміне т.б. ретімен орналасқан.
Алфавитті каталогта карточкалардың аты-жөнінің бірнеше әрпі алфавит ретімен орналасып, әрі қарай автордың аты-жөні, шығарманын аты тіркеледі, мұның өзі кітапханада оқырманға белгілі автордың қандай еңбектері бар екендігін, сондай-ақ кітаптың шығу мағлұматы туралы деректерді алуға болады. Ал, пәндік каталог барлық кітапханада бола бермейді, каталогта алфавит ретімен орналасқан нақты сөзге байланысты әдебиеттерді тез тауып алуға мүмкіндік береді. Кітапханалардағы каталогтардың ерекшеліктерімен толық, әрі мұқият танысу уақытты едәуір үнемдейді, іздеген материалынды тез табуға жәрдемдеседі. Каталогпен жұмыс істеу біліммен қоса, бірте-бірте қалыптасатын белгілі бір дағдылануды қажет етеді. Оның үстіне тәжірибенің көрсеткеніндей егер мұндай дағдылану студент көзінде қалыптаспаса, кейінірек ол өте қиынға соғады.
Кітап әлеміндегі негізгі ақпарат көздерін меңгеруде өзіңді сенімді сөзінумен қоса, библиографиялық жазбаларды дәл жүргізуді білудің де зор маңызы бар. Әдебиеттерді тиісті ережеге сәйкес өте дәл жазу қажет. Оның өзі барлық әдебиеттер түріне қолданылатын бірқатар түпнұсқада толық баяндалған. Ерекше атап көрсететін жайт, библиографиялық жазбаларда әрбір белгінің, әрбір үтірдің, қос нүктенің т.б. бас әріптердің дұрыс жазылуының ерекше маңызы бар.
Жүйелік жазбалардың барлық түрінің міндетті сипаттамасы - дәлдік. Жазба түрлері де сан алуан және оның өзін оқырмандар нақтылы қажеттілікке, сондай-ақ қалыптасқан дағдысына қарай таңдап алады. Қысқаша мазмұндама (конспект), яғни әдеби түпнұсқаны ықшамдап көшіру немесе ауызша айтылған лекцияны жазу; әдетте қағаз шетіне немесе арнайы бөлінген орынға оз ойын тіркеуі мүмкін. Бұл нағыз "студенттік" жазба түрі, ол кейіннен емтихан немесе сынақ тапсыру үшін қажет, онда материалдар қойылуға сұрақтар тиісті ретімен орналасқан. Сілтемелер, карточкалар, мазмұндамалар т.б. бұл материалды толықтыра түседі. Реферат әдетте қысқаша мазмұндамадан (конспектіден) гөрі ықшамдау және онда ең негізгілері ғана қамтылады. Әдетте жазылған рефератты немесе дәптерді нөмірлеп, оларды жүйелік белгілер бойынша картотекаларға орналастырылған карточкаға тіркеген жөн.
Қарапайым және күрделі жоспарлар бір-бірінен толықтыруменен ерекшеленеді. Олар нақтылы бір түпнұсқада не туралы әңгіме болғандығын еске түсіруге мүмкіндік бергенімен, болған жайттарды, айғақты дәл алуға жеткілікті көмектесе алмайды. Дәлірек айтқанда қарапайым жоспардың бір түрі-кіташы сипаттап жазатын карточка, онда осы кітаптың мазмұны да келтіріледі. Жазба түрінің ең ыңғайлысы, бірақ оған дағдылануды қажет ететіні - каталогтық карточкаға жазу. Ондағы өз сөзі мен цитаттардың толықтығы әр түрлі дәрежеде болуы мүмкін, әрі картотекаға орналастырып, курстық, дипломдық жұмыстар үшін, лекция немесе баяндама үшін көз келген уақытта алуға болады.
Қазіргі заманның жаңа даму сатысы талаптарына сәйкес мұғалімнің жеке басын жетілдіру міндеті ерекше маңызды болып отыр, өйткені білім беру саласындагы бүкіл оқу тәрбие процесі тиімділігінің табысты болуы көбінесе соған байланысты. Әрбір ұстаз өз басының бағалы кәсіптік сапасын, іскерлігі мен дағдысын жетілдірудің, яғни өзінің кәсіптік тәрбиесімен шұғылдануының айрыкша маңызы бар. Кезінде көптеген көрнекті педагогтар өзін-өзі тәрбиелеудін қажеттілігін атап көрсеткен болатын. Ұстаз үшін кастерлі міндет "өзінің жеке басының тәрбиесін бүкіл өмірлік міндетіне айналдыруда" - деп есептейді А.Дистерверг.
Өзіндегі ең озық адамгершілік қасиетті дамыта білу - оқытушынын, мұғалімнің жаттықтырушының кәсіптік даярлығының іргетасы. Күнделікті кәсіптік қызметінің барысында осы іргетаста педагогтың педагогикалық әдістері, оның оқытып, үйрету, сауықтыру және тәрбиелеу жұмыстарындағы іскерлігі мен дағдысы жетіледі, ажарлана түседі. Адамның күш-жігерінің мүмкіндігі ұшан-теңіз екендігі соншалық, тіпті орташа оқитын, жай ғана қабілеті бар студенттің өзі, жеке басын және кәсіптік педагогикалық қызметтегі талантын жан-жақты өрістете алады. Бір нәрсе айқын: педагогикалық қабілеттілікті қалыптастыруға болады.
Мұны есте сақтаудың маңызды болатын себебі сол кейбіреулерде фаталистік (адам өмірі алдын-ала жазылып қойылған тағдырға тәуелді деп санайтыңдар) көзқарасы өріс алған: мектепті орташа бітіргендер, жоғары оқу орнына түскенде дс орташа студент болады. Келешегі алдында тұрған жастарға мұндай тұжырымның айтылуы, әрине, орынсыз. Негізінде олардың талантының ашылуына - жоғары оқу орны ұжымының жұмысы да, жастардың өзін-өзі тәрбиелеуге күш салуы да ықпая ететіні сөзсіз. Адамның қабілеттілігі жас кезінде де, едәуір ересек кезінде де қалыптасуы және көрінуі мүмкін. Сондықтан да "қабілетсіз адам" деп күні бұрын топшылауға да, өз қабілетіне шек қоюға да асықпаған жөн. Өмір - ең дана кітап, ол өзін-өзі тәрбиелеуге, тәлім алар өнегеге бай. Өзін-өзі тәрбиелеуде мынадай жәйттерді естен шығармау керек:
1) Барынша сабырлылық, ең болмағанда сырттай байсалдылық;
2) Сөзбен істегі әділдік пен турашылдық;
3) Әрекеттегі алды-артын ойлаушылдық;
4) Батылдық;
5) Ешбір қажетсіз өзі туралы бір ауыз да сөз айтпау;
6) Уақытты текке өткізбеу; көз келген істі емес. өзің калаған істі аткару;
7) Өз қылығына әр кеш сайын адал есеп беру;
8) Болғанына да, барына да, болатынына да ешқашан мақтанбау.
Өкінішке орай кейбір адамдар алтын уақытын текке өткізеді. Өзінің мүмкіндік күшін жұмсауына кейде мінез - құлықтағы сірескендік, көбінесе өзгеруі қиын, қалыппен тәртіпке дағдыланушылық тосқауыл болады да, адам өз мүмкіндігін мүлде шамалы пайдаланады. Адам үйреншікті дағдыға, біржақты өмірге бағынышты болғанда, өзін жан-жақты дамыту және өз қабілетін пайдалану жоспарын кейінге қалдырады. Ерік пен өзін-өзі иландыруды дамыту-өз қабілетін ашу жолы. Адам өзінің дайын мүмкіндігін ашып қана қоймай, одан әрі байыта алады. Бұған жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің ерекше икемділігі көмектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет