Лекция. Дене шынықтыру-қоғам мәдениетінің бөлігі Дене шынықтыру қоғам мәдениеті мен адам мәдениетінің бөлігі ретінде Дене шынықтырудың тарихи сипаты



бет35/36
Дата18.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#75312
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
Мамандыққа к лекция

Әдебиеттер

  1. Ә.Тлеуов. Дене тәрбиесі және спорт ілімі мен әдістемесі. Шымкент, 2003ж.

  2. Ә.К.Әбділлаев., Ж.К.Оңалбеков. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі. Түркістан, 2004ж.

  3. А.Есмағанбетов. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. Қарғанады, 1995ж.

  4. Б.Мұхамеджанов. Дене мәдениеті мамандығына кіріспе. Кентау, 2006ж.

  5. С.Тлеуова. Жоғары мектеп педагогикасы. Шымкент, 2002ж.

  6. Подзорова Т.С. Научная организация педагогического труда студентов. -М., 1975.

  7. Тер-Ованесян А.А., Тер-Ованесян И.А. -Педагогика спорта. Киев, 1982.


Педагогикалық кәсіптің пайда болу тарихы
1.Жеке тұлға қалыптастырудағы педагогтың ролі

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.


Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Дене мәдениетінің адам қызметтерінің әртүрлі саласымен күрделі, әрі жан-жақты байланысы, өзінің ой-санасы мен даму заңы, өзара ішкі күрделі байланысы мен өзара тәуелділігі, өзінің әдісі мен тарихы бар.
Адам қоғамының тарихында тіршілік етіп өмір сүрген халықтар мен мемлекеттердің қайсыбірін алсақ та, дене мәденетінің ең қарапайым түріне болса да, қатысы болған. Дене мәдениетінің даму деңгейі мен оның қалыпты деңгейі қай кезде болғанда да географиялық ортаға, еңбек пен тұрмыстық өмірдің шарттары мен жағдайына, өндірістік күш пен мәдениеттің, әлеуметтік экономикалық және әртүрлі қозғаушы күштердің даму мен жетілу дәрежесіне байланысты болып келген.
Адамның дамуы мен жетілуі барысында дене және рухани күштері, олардың адамгершілік, интеллект құндылықтарымен жүйелі үйлестірілуі жоғары бағаланып келді. Ұлы ойшылдар мен ғалымдар жастардың жан-жақты дамуы қажеттілігін, олардың денені немесе рухани тәрбиелеу приоритетін бөліп қарамай дененің қандайда бір сапасын басымырақ дамытып қалыптастыру, артық бағалау жеке тұлғаның үйлесімді дамуының бұзылуына әкелетінін терең түсініп, өз еңбектерінде атап көрсетті. Сонау адам қоғамының қалыптасу кезеңінде қолданысқа енген «мәдениет» термині бір мағыналы емес, яғни «жерді өңдеу», «тәрбиелеу», «дамыту», «қадірлеу» сияқты ұғымдармен тығыз байланыста. Бұл термин қазіргі заманғы қоғамдағы қайта құру қызметі аясында және оның нәтижелері сәйкес келетін құндылықтар, соның ішінде «өзінің жеке жаратылысын қайта құру» түрінде кең аясын қамтиды.
Археология мен этнография ежелгі дәуірден бастап адам дамуын, оның ішінде, дене мәдениетінің дамуын зерттеп, ғылыми зерттеу жұмыстарын былай деп қорытындылаған: яғни, еңбек қимылдарынан келіп, өмірде қолданыста қажетті дене мәдениеті б.д.д. 40-25 мың жылдар бұрынғы кезеңде адам қызметінің дербес түрі ретінде бөлініп шықты. Лақтырғыш қарудың, одан кейінгі садақтың пайда болуы аңшыларды, жауынгерлерді дайындау, дамыту және жетілдіру қажеттілігін туындатты. Сонау тас дәуірінде дене тәрбиесі жүйесінің пайда болуымен қозғалыс-қимыл саласы табысты аңшылық, жаудан қорғану және т.б. кепілі болды.
Алғашқы қауымдық кезеңде дене мәдениеті тайпаның әрбір мүшесінің дене даярлығын, қатаң ерік-жігер, орнықтылық, батылдықты дамыта отырып, өз тайпаластарының мүдделерін қорғауы бойынша бірлестік сезімін тәрбиелейді.
Дене тәрбиесі туралы ғылымды дамытуда көрнекті орыс педагогтары К.Д.Угинский, П.Ф.Лесгафт, кейінірек И.П.Павловтың, А.И.Крестовниковтың, Н.Н.Яковлевтердің еңбектері үлкен әсерін тигізді.
Әскери-дене тәрбиесі орта ғасыр кезеңі үшін тән. Өйткені жауынгер - сері мына жеті серілік өнерді меңгеруі тиіс болды: ат құлағында ойнау, семсерлесу, садақ ату, жүзу, аңшылық, шахмат ойнай білу және өлең құрастыра білу. Капиталистік қоғамда спорт дене мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде барынша дамыды.
Еліміздің жоғары оқу орындары қоғамда болып жатқан өзгерістерді ой елегінен өткізіп, сол қоғамдағы қозғаушы күштің болуы үшін және интеграциялық үдерістерді, яғни бөлшектелген дүниені біріктіру, бір мақсатқа жұмыс істеу үшін біршама шараларды жүзеге асыруда. Қазақстандағы жоғары оқу орындар сатылы білім беру жүйесіне өтіп, кезеңдік-модульдік оқыту технологиясы мен білімді бағалаудың рейтингтілік жүйесін енгізді. Себебі, әлемдік білім беру кеңестігінде өмір сүріп отырған білім беру жүйелерінің арасында көп сатылы білім беру жүйесі өз артықшылығын көрсетті және біздің жастарымыздың дамыған елдерде кедергісіз білімін жетілдіруге мүмкіндік беретін бірден-бір жүйе болып табылады. Бұл жүйенің Лиссабон келісіміне сай жоғары білім туралы құжаттардың танылуына жағдай жасалып жатқаны белгілі.
Өкінішке орай, қозғалыс белсенділігі туралы ғалымдардың ұсыныстары мен соған сәйкес ғылыми мәліметтері, оның көлемдері, түрлері, әртүрлі жастағы топтарға әсер етуі жеткілікті дәрежеде нақты емес және барынша қатаң зерттеуді талап етеді.
Дене мәдениеті ұғымына ғұлама-ғалымдардың жазған пікірлері:
«Адамды дененің ұзақ әрекетсіздігінен артық ешнәрсе бұзбайды», - деген дене мәдениетінің маңыздылығы туралы гректер үшін айтқан мағыналы сөздің мәні зор.
Ойшыл-философ Ұлы Аристотель

«Адамның денесін жетілдіру табиғат сыйлығы емес, бұл оны мақсатты бағытта қалыптастыру нәтижесі», - деген болатын.


Н.Г.Чернышевский:

Адамның бақытқа жетуіне қажетті үш нәрсе: денсаулық, еңбек, білім жеке адамның адамдық бейнесінің негіздері деп атап көрсетеді. Дене күші, рухани және ақыл – ой, осы үшеуі толық адамды үйлесімді жеке тұлға деп атады.


Әл-Фараби

Табиғи сауықтырумен айналысушы адамның өмірге деген көзқарасы өзгере бастады, аурулар кете бастады, өлім туралы ойлар мазаламайды, өмірде мәнсіз тіршілік кешу болмайды, өкпенің өмірлік аумағы кеңейеді, қандағы эритроциттер мен лейкоциттердің саны көбейеді.


П.К. Ивановтың

Жаттығу жасамаған - өледі, қозғалыс – бұл өмір.


П.Ф.Лесгафт.

«Дене тәрбиесі жаттығуларын орындауда, еркін қозғалыс табиғаты мен негізгі қозғалыс дағдылары туралы, белсенді демалыс, сыртқы орта күштері туралы, «белгісіз» бұлшық ет сезінуі мен жаттығуларды орындаудағы басқа сезім мүшелерінің рөлі жайлы ережелер одан әрі дамытады», - деген болатын.


академик И.М.Сеченов

«Адам тек еңбек құралдарын дамыту арқылы ғана емес, сонымен бірге өзінің денесін үнемі жетілдіру барысында адам болды, адам ағзасы басты өндіргіш күш», - деп тұжырымдады.


Академик Н.И.Понаморев

«Қандай да болмасын қолданылатын дәріні дене қозғалысы-ақ алмастыра алады, ал дүниедегі емдеудің барлық құралы адамның саналы қозғалысын алмастыра алмайды», - деген.


француз дәрігері Тиосо
Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады.
К.Д.Ушинский.


Дене мәдениеті материалдық қарым-қатынас пен еңбек, өнер мен дәстүр мәдениеттері сияқты, адамның дүниеге келуі мен қалыптасып жетілуі қоғамында пайда болады және дамиды.
Дене мәдениеті және спорт белгілі мағынада бүтін бір қоғамның жағдайына әсер етеді және оның әлеуметтік, саяси және адамгершілік құрылымын көрсететін бір түрі болып табылады.
Біздің қоғамымызда дене мәдениеті мен спорт бүкілхалықтық игілікке айналды, ал оны одан әрі дамытып өркендетуге атсалысу - қоғамның әрбір саналы да зерделі азаматтарының міндеті мен құқығы.
Сонымен бірге, дене мәдениеті қызметінде тәжірибенің жинақталуы мен оның кейінгі ұрпаққа таралып отыруы, жаңа әдістердің, амалдар мен тәсілдердің жарыққа шығып пайдаланылып жүзеге асырылуы, адамдардың ақыл-ойына, психологиясына ықпал етілуі үнемі айқын көрінетіні байқалады.
Жеке тұлғаның рухани дамып жетілуі, оның жұмыс уақытындағы кызмет түрінде ғана емес, сол сияқты бос уақытында да анықталады. Адамның мәдени деңгейінің қаншалықты екені оның демалыс уақытының өзін ұтымды, әрі тиімді және толыққанды пайдалана білуінен байқалады. Дене мәдениеті және спорт, әлеуметтік-тұрмыстық және мәдени қызметтер жүйесінде бос уақытты тиімді пайдалануды қамтамасыз етуде маңызды орын алады.
«Дене мәдениеті» деген ұғым жалпы мәдениеттің бір бөлігі. Тұжырымдап айтқанда дене мәдениеті жалпы халық мәдениетінің құрамдас бір бөлігі болып, қоғамның материалдық, руқани құндылықтарының жиынтығын құрап, ол адамдардың дене шынықтыру жүйесін жетілдіру үшін құрылып және оларға қызмет етуі тиіс.
Дене мәдениетінің қызмет ету жүйесі дене тәрбиесі деп аталады. Дене тәрбиесі дегеніміз адамдардың мәдени қызметінің аясы, оларға мәдениет жетістіктерін беру, игеру және жетілдіру түрлері болып саналады.
Дене тәрбиесі дегеніміз – жасөспірім, қазіргі ұрпақтың өсіп жетілуіне, олардың денсаулығын нығайтуға, тіршілік үшін маңызды қимыл-әрекеттерін меңгеруіне, ой және дене еңбегімен айналысуына, еңбек етуіне дайындалуға жәрдемдесетін жетілдіруші және түзетуші шаралар жүйесі болып табылады. Сонымен қатар, дене тәрбиесі табандылық, жігерлілік, мақсатқа талпынушылық сияқты қасиеттердің де дамуына жәрдемдеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет