Әдебиеттер
Ә.Тлеуов. Дене тәрбиесі және спорт ілімі мен әдістемесі. Шымкент, 2003ж.
Ә.К.Әбділлаев., Ж.К.Оңалбеков. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі. Түркістан, 2004ж.
А.Есмағанбетов. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. Қарғанады, 1995ж.
Б.Мұхамеджанов. Дене мәдениеті мамандығына кіріспе. Кентау, 2006ж.
С.Тлеуова. Жоғары мектеп педагогикасы. Шымкент, 2002ж.
Подзорова Т.С. Научная организация педагогического труда студентов. -М., 1975.
Тер-Ованесян А.А., Тер-Ованесян И.А. -Педагогика спорта. Киев, 1982.
25-26 лекция. Спорттық қызмет және спорттык-педагогикалық жетілдіру
(Таңдап алған спорт түрінің ілімі мен әдістемесі)
Студент және қызметтегі спортшы мәселесі
ССД мақсаты
Дене мәдениеті және спорт мамандығының оқу жоспары мен бағдарламасында, студенттерге жоғарғы тәжірибелік (практикалық) дайындық жағы да қамтылған. Оқу барысы кезеңінде жоғары оқу орнын бітіргенше студент ережеге сәйкес өзінің таңдап алған спорттың түрінен І-ші спорттык дәрежені және басқа екі спорттың түрінен ІІ-ші спорттық дәрежені, сонымен бірге екі спорттың түрінен спорт төрешесі атағын алуы керек.
Практикалық спорттық дайындығына қойылатын жоғары талаптар, дене мәдениеті және спорт мамандығы студенттерін жүйелі түрде жаттығуға, өздерінің спорттық педагогикалық дағдыларын жетілдіруге міндеттейді. Спорттық дайындыққа қойылған талаптарды орындамаған студенттер мемлекеттік емтихандарға жіберілмейді.
Оқу барысы кезеңінде студенттер өздерінің таңдап алған спорт түрлері бойынша спорттық-педагогикалық жетілдіру және арнайы мамандандырылған сабақтарда меңгереді. Спорттық-педагогикалық пәндер бойынша нормативтік талаптар мен сынақтарды тапсыру оңай іс емес, бірақ оқуға дейін "Дене шынықтыру дайындығы барлар" және "Таңдап алған спорт түрінің ілімі мен әдістемесі" пәндері сабақтарына адал және шын ниетпен қатысып, еңбек етіп жаттыққан студенттер, бекітіп берілген талаптарды нәтижелі орындап шығады. Кафедрада мамандандырылған студент топтарымен бірге өткізілген оқу-жаттығу сабақтары, студенттердің жоғары оқу орны құрама командасына кіріп басқа сырт жерде (облыстық, республикалық, халықаралық) спорттық жарысқа қатысуы-мұның барлығы спорттық-педагогикалық дағдығы жетілдірудің белсенді тәсілдері.
Әрбір студент таңдап алған негізгі спорттың түрінен басқа, қосымша екі спорттың түрінен спорттық дәреже талаптарын орындауы керек. Спорт түрлерін студент бейімділігіне, ықыласына, алдыңғылардың тәжірибесіне және жағдайларға қарай өз бетінше таңдап алады. Спорт түрлерін таңдап алуда, алдың-ала тәжірибелі оқытушыдан кеңес сұрап алу керек, себебі кейбір таңдап алған спорт түрлерімен шұғылдану негізгі спорт түрінің нәтижесін көтеруге септігін тигізеді, ал кейбір спорт түрлері кері әсерін тигізуі мүмкін. Мысалыға, палуандарға гимнастика, ауыр атлетика, акробатика немесе спорт ойындарымен шұғылдануға болады, ал жеңіл атлетикадағы ұзақ қашықтыққа жүгірушілерге ауыр атлетиканы косымша спорт түрі ретінде алудың пайдасы шамалы-ақ.
Қосымша спорт түрлерінен талаптарды орындауды жоғарғы курстарға қалдырмаған жен, жақсысы мұны бірінші - екінші курстарда орындаған дұрыс. Сонымен бірге, оқудың бірінші айларынан бастап спорт төрешісі атағын алуды да ойлау керек.
Әрине дене мәдениеті және спорт мамандығында оқу басқа мамандықтарға қарағанда оңай емес. Қайта, кейбір мағынада күрделілеу. Басқа мамандықтар сияқты оқу бағдарламаларының көлемін толық қамтып меңгерумен қатар, дене мәдениеті және спорт мамандығының студенттері аптасына үштен-бес ретке дейін жаттығу сабақтарына, сонымен бірге әртүрлі деңгейдегі спорттық жарыстарға қатысады. Бір сезбен айтқақда спортпен шұғылданбайтын студентке қарағанда, оның оқу барысы көзінде, жоғары оқу орнынан қол үзіп оқудан басқа жұмыстарға көп уақыт жұмсайды.
Спорттын ауыр жаттығуларын және одан да ауыр, әрі күрделі оқу-жаттығу сабақтарын қапай үйлестіруге болады. Кейбір студенттер бұл пікірді жоққа шығарғысы келеді. Олар оқу жұмысын жіберіп алып, үлгерімін нашарлатып алады немесе жоғары оқу орнына оқуға түскеннен кейін спорттык жетістіктерін төмендетіп алады. Егер, студент жұмысты дұрыс ұйымдастыра білсе барлығына да уақыт тауып үлгеруіне болады. Бұған, бұрынғы әлемге белгілі спортшылардың кейін көрнекті жаттықтырушы, ғалым, қоғам, мемлекет қайраткерлері болғаны куә.
Спорттық жаттығулар мен жарыстарға жүйелі түрде қатысу, спорттық-педагогикалық деңгейді үнемі жетілдірудегі қызу, қарбалас жұмыс студенттерден сапалы білімді және тамақтанудың, еңбек ету мен демалыстың гигиеналық ережелерінің негізін қатаң орындауды талап етеді. Ереженің сақталмауы ағзаны жағымсыз өзгерістерге және оның арты қажетсіз-келеңсіз жағдайларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Әрбір адам, әр күнді таңертеңгілік денені шынықтыру жаттығуларынан бастауы керек, ал спортшы-студентке міндетті түрде. Бірақ, денешынықтыру жаттығуларының жүктемесі жеңілдеу болуы керек, себебі басты мақсат гигиена.
Күн тәртібін қай жерде және қандай жағдайлар болғанда сақтау керек. Күн тәртібінің бүзылуы тек спортшыға ғана емес, сонымен бірге оның қасындағыларға да әсер етеді. Мысалыға, түстен кейінгі демалыстағы, кешкісін ұйықтардағы және таңертең ерте болған айқай-шулар.
Спортшы-студенттерге денені қыздырудың маңызын, спорттық жарақаттардың алдың алу және одан аулак болып жүрудің негізін біліп жүру өте қажет. Көбінесе жарақат алу сабақ кезіндегі тәртіпсіздіктен немесе шектен шыққан сөзімділікке берілуден, ойын немесе жарыс ережелерін сақтамағандықтан болады.
Достарыңызбен бөлісу: |