№ 1 - лекция
Дәріс тақырыбы: Сутегі. Оның химиялық қасиеттері мен қолданылуы
Дәріс жоспары:
1.
Сутегінің физикалық қасиеті және табиғатта таралуы
2.
Cутектің ашылу тарихы
3.
Периодтық жүйедегі орналасу ерекшелігі
4.
Сутекті алу жолдары
5.
Сутектің химиялық қасиеттері
6.
Сутекті
қолдану
Дәріс мақсаты:
Студенттерді Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінің бірінші элементі
сутекпен таныстыру. Оларды сутектің химиялық қасиеттерімен,
онымен жұмыс істеу
кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
Дәріс мазмұны
Сутегінің физикалық қасиеті және табиғатта таралуы
Д.И.Менделеевтің периодтық системасындағы алғашқы элемент – сутек. Сутек түссіз,
иіссіз, дәмсіз, ауадан 14,5 есе жеңіл газ. 1л салмағы 0,09г. Суда еруі нашар. Сутек палладий,
платина, никель, т.б. металдарды жақсы сіңіреді; балқу температурасы - 259,1 °C, қайнау
температурасы – 252,6°C. Сутектің молекуласы екі атомнан тұрады (Н
2
),
диссоциациялану
дәрежесі 3500
0
С-та 20%, ал 5000
0
С-та 96%-ға тең. Ол газдардың ішіндегі ең жеңілі, оның
молекулаларының қозғалысы басқа молекулалардан жылдам, диффузия жылдамдығы артық,
сондықтан жылу ӛткізгіштігі жоғары.
Сутектің екі модификациясы бар: ортосутек, парасутек. Н
2
молекуласын түзетін сутектің
екі ядросы (протоны) ӛз ӛсін айналған кезде, ортосутек-бір бағытта, ал парасутек - қарама-
қарсы бағытта а:йналады. Олардың химиялық қасиеттері бірдей, ал физикалық қасиеттерінде
–
жылу сіңірімділігінде, қату, сұйылу температураларында шамалы айырмашылық бар.
Қалыпты жағдайдағы сутектің үш бӛлігі ортосутек, бір бӛлігі парасутек болады.
Сутек газы ең жеңіл газ болғандықтан, космос кеңістігінде кӛп тараған. Күн жүйесі
планеталарының негізгі құрам бӛлігі сутек болып табылады және 92
пайызын сутек атомы
құрайды.
Жер қыртысында сутектің массалық үлесі 1 пайыз (1-сурет).
1-сурет. Жер қыртысындағы элементтердің пайыздық мӛлшері
Табиғатта сутек бос және қосылыстар күйінде кездеседі. Табиғатта тұрақты екі
изотопы
1
Н (протий) және
3
Н (тритий) кездеседі, жасанды жолмен радиоактивті изотопы 3Н
мен ӛте тұрақсыз
4
Н алынған. Қосылыстар құрамындағы сутекті ескергенде, жер бетінде ең
кӛп тараған элемент - сутек. Ол бос күйінде атмосфераның жоғарғы қабаттарында ӛте аз
мӛлшерде кездеседі.
Массасы бойынша атмосферадағы сутектің мӛлшері 3,5 *10 - 6% литосфера мен
гидросферада – 1% , суда – 11,9%.
Жанартаулардың, мұнай қазба құбырларынан шығатын газдардың құрамында болады.
Сондай-ақ, ӛсімдіктер
мен жануарлар денесінде, тау жыныстарында, мұнай құрамындағы
метан газында, табиғи газдарда кейбір минералдарда химиялық қосылысқан түрде болады.