Cутектің ашылу тарихы .
Сутектің жанғыш, оталғыш ауа екендігі ертеден белгілі. Парацельс, Бойль, Лемери
және де басқа ғалымдар XVI-XVIII ғасырларда қышқылдардың металдарға әсері арқылы
сутегін алып, күркіреуік газдың жануы мен жарылысын бақылады. Флогистон теориясының
тарауына байланысты сутекті кейбір химиктер “еркін флогистон” күйінде алуға тырысты.
Ломоносовтың “Металл жылтыры туралы” диссертациясында сутектің темір және басқа да
металдарға қышқылды спирттердің (мысалы, “тұзды спирттің”, яғни тұз қышқылының) әсері
арқылы алынуы сипатталған.
1779 ж. судың құрамын оның синтезі мен ыдырауы арқылы зерттеген Лавуазье сутекті
Hydrogine (гидроген) немесе Hydrogene (гидрожен) деп атады. А. Лавуазье сутектің
қасиеттерін зерттеп, химиялық элементтер тізіміне қосты. 1787 ж. Номенклатуралық
комиссия Hydrogene деген атауды қабылдады. Ал, “сутек” терминін 1824 жылы орыс химигі
М.Ф.Соловьев (ӛз тілінде) ұсынды.
Периодтық жүйедегі орналасу ерекшелігі Сутек элементі периодтық жүйеде бірінші орында орналасқан. Сутектің ядросында бір
протон болады, оны бір электрон айналып жүреді. Периодтық жүйеде сутек бірінші және
жетінші негізгі топшалардың басына орналасқан, оның себебі бір жағынан ол сілтілік
металдар сияқты кӛпшілік қосылыстарында +1 тотығу дәрежесін кӛрсетеді және ӛзінен
активтігі кем металдарды қосылыстарынан ығыстырады. Екінші жағынан галогендер сияқты
сутек күшті металдармен әрекеттескенде бір электрон қосып алып -1 тотығу дәрежесін
кӛрсетеді және екі атомнан тұратын газ тәрізді жай зат түзеді.
Сутегі молекуласының энергетикалық диаграммасы. Сутек молекуласының пішіні сызық тәрізді болады. Сутегі молекуласы бірдей екі
атомнан құралған және атомдардың арасында бір сигма байланысы бар молекула түзіледі.
Сутегі молекуласындағы сигма байланыс екі s-электрон (s-s) әрекеттесуі нәтижесінде
түзіледі. Сутегі атомының электрондық формуласы – 1s
1
.