Лекция. Әдебиеттегі «көркем образ» және «образдылық»


- лекция. Көркемдік әдіс. Әдеби бағыт, ағымдар (2 сағат) Жоспар



бет7/9
Дата22.06.2022
өлшемі198,5 Kb.
#37201
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
11- лекция. Көркемдік әдіс. Әдеби бағыт, ағымдар (2 сағат) Жоспар:
1. Шығармашылық және көркемдік әдіс мәселесі.
2. Көркемдік әдіс туралы толғамдар тарихына шолу жа сау.
3. Реалды және идеялды поэзия.
4. Көркемдік әдісті айқындайтын факторлар.
5. Көркемдік әдістер арасындағы байланыс-сабақтастық.
Әдіс деген атаудың өзі әдебиет теориясында әр түрлі ақындалады. Біреулер оны көркемдік әдіс деп атаса, біреулер творчестволық әдіс деп, енді біреулер әдеби әдіс деп атайды. Жалып алғанда, бәрінікі – бір ұғым.
Әдіс – творчестволық тәсіл,- дейді В.Щербина. Біреулер әдісті суреткердің дүние танымына байланыстыра байыптаса, біреулер бұған қарама-қарсы “әдістің таза дүниетанымын категориясымен қабыспайтынын” (Л.Новиченко) дәлелдеп жатады.
Г. Амбромович “әдіс шындықты суреттеудің жалпы принипі” десе, Л.Щепилова “әдіс – өмірді образ арқылы көрудің айрыша типі.” дейді.
Біреулер әдіс пен ағымды бірлікте қарайды. Жоқ, әдісті ағыммен алмастыруға да, стильмен шатыстыруға болмайды. Неге десеңіз, – стиль мен ағым тарихи ктегориялар болса, әдіс – қайталанып отыратын құбылыс.
Ендеше, әдіс – стиль де емес, ағым да емес. “Тиорчествалық әдіс”- дейді профессор М.Қаратаев, - өмірді образбен бейнелеп, көркем шындық жасау жолы.
Көркем әдіс деген атау әдебиеттану ғылымында төңкерістен кейін ғана қолданыла бастады. Бірақ бұл атау осылайша айдар тағып, аталмастан бұрын – ақ көркемдік әдіс мәселесі туралы Аристотельдің “Поэтикасында”, Белинский шығармаларында қарастырылғаны белгілі.
Жалпы, көркемдік әдіс – алдымен, шындықты шын мәніндегі суреткердің өз көзіиен образды түрде тану жолы, содан соң, өзі таныған шындықты бар өнерін төге көркем жинақтап, өзгеге тану жолы.
Көркемдік әдіс – өнер туындысында адам обрызын жасауға, сол арқылы шындықтың сырын образды түрде ашуға қажет өмір деректерін бклгілі бір эстетикалық талғам биігінен таңдаудың, қорытудың және жинақтаудың өзгеше принципі, өмір шындығына айналдыра саралап, белгілі бір қоғаьдық идея тұрғысынан қайта туғызудың айрықша типі.
Сонымен творчествалық әдіс екеу –– романтизм, реализм.
ХҮІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың бас кезінде феодалдық,крепоснойлық қоғам ыдырап, буржуазия қанат жая бастаған дәуірде, орыс және батыс Европа әдебиетінде қанатын кең жая бастаған әдеби метод романтизм болды. Романтизм классицизммен, оның түр мен мазмұнға белгілі бір мөлшер қоюшылығымен және жазу жөніндегі тәртіптерімен күресе отырып қалыптасты. Романтизм кім қай тақырыпты таңдайды, оны қалай суреттеп береді, бұл жағынан суретшінің ерікті болуын талап етті.
Реализм – искусство мен көркем әдебиеттің негізгі методының бірі. Реализмнің негізі – өмір шындығы. Жазушы ақындардың бір алуаны шындықты көрсетуді негізгі нысанасы етеді де, өздеріндегі бар мүмкіншілікті пайдаланып, шығармаларында өмірді толық, кең түрде суреттеуге күш салады. Өмір, өмірдегі күрес, тартыс, іс-амал, қарым-қатынастар шығармада әрі толық, әрі жанды болса деген тілек қояды. Бұл идея, әдіс бір ақын не бір жазушы емес, әлденеше жазушы, ақындарға тән. Осыдан келіп, олардың пікірлестік, әдістестігі, шындық өмір құбылысын, әдебиетте творчестволық жолмен іске асыру, мәселесі туады. Міне, осындай методпен жазуды әдебиетте реализ әдісі деп атайды.
Реализмнің дамыған, толысқан кезі ХІХ ғасыр. Қай елдің әдебиетінде болсын реализм методының ХІХ ғасырда дамуы кездейсоқ емес, қоғам өмірінің даму жолдарымен тығыз байланысты. Европада Бальзак, Флобер, Диккенс, орыста Пушкин, Тургенев, Л.Н. Тольстой, Гоголь, Гончаров тәрізді бүкіл дүние жүзі әдебиетіне үлгі болған ұлы реалистер, қазақ әдебиетіндегі Абай – бәрі де ХІХ ғасырдың төлдері.
12- лекция. Әдеби мектеп. Қазақ әдебиетіндегі әдеби мектептер. (2 сағат)
Жоспар:
Методологиялық мектептердің бағыт-бағдар. Методологиялық мектептердің негізі.
А. Потебняның еңбектері.
ХХ ғасырдың басындағы ғылыми теориялық ағымдар.
Ш.Уәлиханов және басқа қазақ ағартушылардың қазақ әдебиеті жайлы ой-пікірлері.
Мәдени дамуы өткен ғасырда Россиямен бір арнаға түсе бастаған Қазақстандағы қолтума қоғамдық ой, оның ішінде эстетикалық пікір тарихында қазақтың асқан ғалымы Шоқан Уәлихановтың (1835-1865), атақты ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889), ұлы ақын Абай Құнанбаевтың (1845-1904) алатын орны айрықша, биік.
Ш.Уәлихановтың сөз өнері жайлы ғылымға қатысты еңбектері екі сала (ауыз әдебиетін жинақтау және жинаған нұсқаларын өзінше парықтау) екені мәлім.
Ш.Уәлиханов поэзияны жалпы жұрттың рухани сусыны ретінде ғана емес, халықтың көркем тарихы, халық тағдырының сырлы шежіресі ретінде байыптап, сол арқылы сөз өнерінің таным және тәрбие тарапындағы мәні мен маңызын белгілеуі, сондай-ақ қазақ поэзиясын бес түрге (жоқтау, жыр, өлең, қара өлең, қайым өлең) бөліп, бұлардың әрқайсысына өзінше мінездеме беруі – әдебиет теориясына қатысты толғамдар.
Ы.Алтынсариннің әдебиеттануға қосқан үлесі жұртқа мәлім ағартушылық еңбектерімен сабақтас. Осы ретте ерекше атап айтарлық нәрсе – ұлы педагогтің тарихта тұңғыш рет орыс алфавитімен жазып, бастырып шығарған «Қазақ хрестоматиясы».
Әдебиет оқулығын жасау қамында жүріп Ы.Алтынсарин қазақтың ауыз әдебиетін жинау, жариялау ісіне көп еңбек сіңірді. Ы.Алтынсарин іс жүзінде қазақтың әдеби тілінің тазалығы, әдеби шығармалардың халықтығы, тәрбиелік мәнінің биіктігі үшін күресті.
Халқымыздың ұлы классигі Абай Құнанбаев өзінің бүкіл ақындық өнерімен қазақ әдебиетіндегіреализм принциптерін бұлжытпай, мейлінше ұтымды жүзеге асырды. Әдебиеттің халықтығын ту ғып көтерді; поэзия бәрінен бұрын халық өмірінің айнасы болуын, поэзияда бәрінен бұрын, халықтық мәні бар келелі шындықтар суреттелуін талап етті. Осындай мықты реалистік принцип тұғырында тұрған ұлы ақын өзі өмір сүрген қоғамның кескін-келбетін жіті танып, қазақ даласындағы тап қайшылығын көру дәрежесіне дейін шырқап барды.
Абай – сыншыл ақын. Ол өзінің бүкіл ақындық өнерімен әдебиеттің қоғамдық-өзгертушілік күшінің өлшеусіз мол екендігін танытты. Ақынның әлеуметтік бітімін, қайраткерлік міндетін белгіледі; оның өзі өмір сүріп отырған ортадағы кеселді, кертартпалықты, әділетсіздікті көріп қана қоймай, оған өз қолымен үкім шығарып, өзгелердің ыза-кегін шақыруды талап етті.
Абай- жаңашыл ақын. Ол өзінің бүкіл ақындық өнерінің өн бойында әдебиеттегі игі дәстүрді одан әрі дамытып, мазмұн мен пішіннің бірлігін мықтап ұстанды, және іс жүзінде осының асқан үлгілерін өз қолымен сомдап соғып көрсетті. Бұл жолда Абай, бәрінен бұрын, қазақтың әдеби тілінің шынайылығын жан сала қорғады, өлең сөзін әр түрлі «жамау-құраудан», «баяғы ескі бише бос мақалдап», құр босқа жжан жалдап, тіл безеуден құтқарды, поэзияда тек қана «іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын «келістірудің» жолдарын нұсқады, суреткерлік шеберлік «құпияларын» ашып көрсетті, сөйтіп, пішіні келіскен әдеби шығармалардың мазмұны тағы да халық тағдыры болуын қалады.
Кемеңгер классиктің ғылыми маңызы өлшеусіз тарихи еңбегі қазақ поэзиясын ғасырлар бойғы ауыз әдебиетінің аз-ақ алдындағы дәрежеден маңдай алды европалық, профессионалдық биікке бірақ ырғытып әкеткені баршаға аян.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет