Негізгі ұғымдар, терминдер және анықтамалар
1 Теориялық әрекеттер тәжірибелік түрде тексерілмесе ол нақты анықталмаған болып есептеледі. Өлшеу техникасы тәжірибе кезінде технологиялық процесстердің дұрыс жүргізілуін, оның барысында өнімнің саны мен сапасын көрсететін нәтижесін береді. Оның үстіне, электрлік өлшеу аз энергияны пайдаланатыны себепті, өлшенген шамаларды қашықтыққа жеткізу, өлшеу жылдамдығы және тез жеткізу, сондай-ақ жоғары дәлдігі және сезгіштігіне байланысты ыңғайлы болып келеді.
Электрлік өлшеу және өлшеу құралдары, әдістері және олардың біртұтастығын қамтамасыз ету, талап етілетін дәлдікке жету тәсілдері - барлығы метрологияға жатады, ал оптимальді нормалар мен өзара әсерлесу ережелерін тағайындау әдістері мен принциптері – стандарттауға жатады.
Техникада, ғылымда және көркем әдебиеттердің өзінде де “эталон” сөзі өте кеңінен қолданылады. Эталон - бір нәрсенің ең жоғары үлгілік жетістіктерімен теңесетін үлгі болып табылады. Метрологияда және өлшеу техникасында “эталон” деген сөзді тек жоғарыда айтылған ұғым бойынша қолданады.
Мемлекеттік эталондар Мемлекеттік метрологиялық институттарда сақталады. Мысалы, электрлік тоқ күші бірліктерінің эталоны, ІХ Бас конференцияның қаулысына сәйкесті өлшемдік пен салмақ бойынша ампердің анықтамасы: “Ампер – бұл вакуумде бір–бірімен 1м қашықтықта орналасқан шексіз ұзын және өте аз дөңгелек қималы, екі параллель орналасқан өткізгіштер бойымен өзгермейтін тоқ күші өткенде, осы өткізгіштердің арасынан, олардың ұзындықтарының әрбір метріне -7 Н тең болатын күш пайда болады”. Ампердің осы анықтамасының негізінде тоқтардың өзара әсерлесуі туралы Ампер заңы қолданылады.
Бұл анықтама бірліктің мөлшерін тек теориялық түрде көрсетеді. Тоқ күшінің бірлігін туындатуға тоқтық таразы деп аталатын құрылғы кеңінен таралған. Себебі, бұл құрылғыда соленоид түріндегі екі өткізгіштің өзара әсерлесуі гирьдің салмағымен теңдеседі.
Стандарттау және метрология бірыңғай мемлекеттік қызметке - Мемлекеттік стандарттау комитетіне бірііктірілген. 1963 жылдан ГОСТ 9867-61- метр (м), килограмм (кг), секунд (с), ампер (А), кельвин (К), вольт (В) және т,б. Шамалар базасында Халықаралық бірліктер жүйесін (СИ) ендірді.
Электрлік өлшеу және өлшеу құралдары жөніндегі сұрақтарды ұғыну олар жөніндегі терминдер мен анықтамалар мазмұны белгілі болған жағдайда оңай шешімін табады.
Метрология- өлшеу, өлшеу әдістер мен олардың бірыңғайлылығын қаматамасыз ететін, талап етіллетін дәлдікке жету тәсілдері туралы ғылым.
Өлшеу – арнайы техникалық құралдар көмегімен тәжірибе жүзінде физикалық шамалардың мәнін табу.
Өлшеу нәтижесі – өлжеу жолдары арқылы табылған физикалық шамалардың мәні.
Өлшем - физикалық шамалардың мәнін, тәжірибелік жолмен, өлшемдік заттарды қолдана отырып табу процесі
Өлшеу принципі- физикалық құбылыс немесе физикалық құбылыстар жиынтығы, ол өлшеу негізіне жатады.
Өлшеу әдістері - өлшеу амалдарын және принциптерін пайдаланудың жиынтығын айтады
Тікелей өлшеу - ізделіп отырған физикалық шаманың мәнін тікелей тәжірибе мәліметтерінен табады
Жанама өлшемдер - шаманың мәні ізделіп отырған шамамен шамалардың арасындағы белгілі байланыс негізінде анықталады, бұл жерде шаманың мәні тікелей өлшеммен табылады
Мөлшер- өлшеу тәсілінің берілген өлшемдегі физикалық шамасын жасауға арналған тәсілді айтады: бұл, зат түрінде дайындалған өлшем бірлігі
Өлшеу құралдары - өлшенген шамалардың мәні жөніндегі ақпараттың формасын алуға мүмкіндік береді, бұл бақылаушыға тікелей түсінік береді. Өлшеу құралдары ерекшеліктеріне қарай аналогтық яғни көрсеткіш өлшенген шаманың үздіксіз функциясы болып табылады, және сандық болып бөлінеді, яғни өлшемдік ақпараттың дискреттік дабылы автоматты түрде беріледі және көрсеткішті сандық формада беріледі.
Көптеген өлшеу құралдарының және қондырғылардың құрамына өлшеу түрлендіргіштері кіреді, олар өлшемдік ақпараттардың дабылын формаға келтіреді, оларды жіберуге қолайлы етеді, түрлендіреді, өңдейді (немесе) сақтайды, бірақ, бақылаушыға тікелей бермейді. (Мысалы, терморезисторлар, кернеу бөлгіштер, электромеханикалық құралдардың өлшегіш механизмдері т.б.).
Өлшеу түрлендіргіштері - өлшенетін шаманы өлшеу механизміне әсер ететін шамаға түрлендіру үшін қызмет атқарады.
Өлшемдіктер - физикалық шаманың қабылданған мәнін сақтайтын, оны қайталайтын, немесе оның орнына қолданылатын өлшеу құралын айтады (Мысалы, кедергінің өлшемдігі, сыйымдылықтың өлшемдігі және т.б. Өлшеу дәлдігіне және қолданылу аймағына қарай өлшемдіктер эталондық, үлгілік және жұмысшы болып бөлінеді).
Өлшемдік – бұл өлшеудің негізі болып табылады.
Тәжірибе жүзінде бір жүйеден екінші жүйеге ауыстырып есептеу кезінде физикалық шамалардың бірліктер жүйелері мен бірлік жүйелерінсіз көп сандарды біріктіргенде туындайтын қолайсыздықтарды болдырмау үшін Халықаралық бірлікте бүкіл техника мен ғылым салаларын қамтитын біртұтас бірлік жүйесін құру керек болды.1948 жылы өлшемдік мен салмақ бойынша ІХ Бас конференциясында Халықаралық біртұтас тәжірибелік бірліктер жүйесін құру ұсынылды. Негізгі бірліктер ретінде метр, килограмм (массаның бірлігі), секунд және электрлік бірліктер ұсынылды.
Осы ұсыныстарға орай өлшемдік пен салмақ жөніндегі Халықаралық комитетпен барлық елдердің ғылым және техника, педагогикалық орталардың арасында арнайы сұрақтар жүргізіліп, осы жауаптардың негізінде біртұтас тәжірибелік бірліктер жүйелерін құру ұсынылды.
Х Бас конференциясынан кейін өлшемдік пен салмақ жөніндегі Халықаралық комитеті бірліктер жүйесінің жаңа тізімін жасап, оны Халықаралық бірліктер жүйелері деп атауды ұсынды.
1960 жылы ХІ Бас конференция өлшемдік пен салмақ жөніндегі Халықаралық бірліктер жүйелері (System International) қысқартылған түрі “SI”, ал орысшасы “СИ” деген ат берді.
Достарыңызбен бөлісу: |