. Анологтік электромеханикалық өлшегіш құралдары Электр өлшегіш құралдары әртүрлі белгілеріне байланысты жіктеледі.Электр өлшегіш құралдары өлшенетін шамалардың табиғатына байланысты: амперметрлер, вольтметрлер, ваттметрлер, электр энергиясын есептегіштер, фазометрлер, частотомерлер, омметрлер және т.с.с. Өлшенетін шамалардың табиғатына байланысты, олардың шартты белгілері құралдардың бетінде көрсетіліп қойылады. Электр өлшегіш құралдарының шкалаларында, сонымен қатар, құралдың дәлдік санаты, қорғағыш изоляциясының шектік сыналған кернеу шамасы, құралдың жұмыс жасау күйі және т.с.с. көрсетіледі. Өлшегіш құралдары аналогтік және сандық болып бөлінеді. Аналогтік өлшегіш құралдары деп аталынуы, құралдарда олардың көрсететін шамалары өлшенетін шамалардың тікелей үздіксіз қызметтері болып саналады. Қарапайым амперметрде өлшегіш тізбек өлшегіш орамдардан (катушка) тұрады және ол ток шамасын өлшеу керек болатын электр тізбегіне тізбектей жалғанады. Өлшеу механизмі, құралға берілетін электр энергиясын құралдың тілі мен басқада көрсететін құрылғыларымен байланысқан, олардың әрбір күйі өлшенетін шаманың мәнімен сәйкестендірілген, қозғалатын бөлігінің мехникалық энергиясына айналдыруға арналған.
Конструкциялық жағынан өлшеу механизмі бірдей болып келетін, әртүрлі тізбектерде электрлік шамаларды қлшеуге пайдалануға болады.(тестер).
Электр өлшегіш құралдарына келесі негізгі талаптар қойылады:
Құралдардың көрсету қателіктері олардың беттерінде көрсетілген шамалардан ( дәлдік санаты) артып кетпеуі және уақыт өтуіне қатысты өзгеріске ұшырамауы тиіс:
Құралдардың шкалалары СИ жүйесі бірлігінде градирленуі керек
Құралдар тыныштандырғыш жүйелерімен қамтамасыз етілген болуы тиіс;
Қоршаған ортаның температурасы, магниттік және электрлік өрістері құралдардың көрсеткіштеріне әсері болмауы тиіс;
Құралдар минимальді энергияны және қалыптасқан стандарт шамасына сай болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |