Жарық диоды. Жарық диодының жұмыс істеу принципі қосалқы заряд тасымалдаушылардың тура кернеу әсерінен р–n - өтпе көлемінде инжекцияланып жарық шығару арқылы рекомбинациялану қасиетіне негізделген. Жарық шығару рекомбинациясы нәтижесінде өтпе көзге көрінетін және инфрақызыл сәуле диапазонында орналасқан электромагниттік толқын шығарады. Инфрақызыл диапазонда жарық энергиясын шығаратын шала өткізгіштерге люминофор жағылады. Бұл көрінбейтін сәулені түрлі түсті жарыққа түрлендіреді. Түрлендірілген жарық түсі люминофор құрамына сәйкес жасыл, қызыл, көгілдір және күлгін болуы мүмкін. Жарық диодтарының маңызды ерекшелігі өте төмен қолдану қуаты, түрлі түсті жарықтың тазалығы, уақыт және температура өзгерісіне қарамастан түрлі-түсті жарықтың тұрақтылығы.
Жарық диодтары галий арсенидтері мен фосфидтерінен және силиций карбидтерінен жасалады.
Жарықтылықтың токтан тәуелділігі жарық диодының негізгі сипаттамасы болып саналады (45-сурет). Жарықтылық кд/м2 өлшенеді, кандела –жарық күшінің бірлігі. Токтың белгілі бір мәнінен бастап, ток өскен сайын жарықтылық та өсіп отырады, бірақ кейін ток одан әрі өскенде заряд тасымалдаушылардың рекомбинациясы көбеймей бір мөлшерде жүріп отыратындықтан жарықтылық та өзгермей қалады.
Жарық диодының негізгі параметрлері: жұмысшы кернеудің төменгі және жоғарғы шекті аралығы мен инерциялылығы. Жарық диодының жұмысшы кернеуінің төменгі шекті мәні оның жарық шығара бастағандағы кернеуімен анықталса, ал жоғары шекті мәні шашырата алатын ең үлкен қуатымен анықталады. Жарық диодының инерциялылығы оның жарықтылығы максимал мәнінің 0,1 және 0,9 бөлігіне тең болған кездегі жану және сөну уақыттарымен анықталады.
Жарық диодын тек тұрақты токпен қоректендіру керек. Индикация үшін қолданылатын жарық диодтары 30 мА токпен және 2...3 В кернеумен қоректенеді. Ал жарықтандыруға арналған жарық диодтар 3 А токпен қоректенеді.
Соңғы жылдардағы жаңа технология жетістіктері жарық диодын металоорганикалық эпитаксия түрінде дайындауға мүмкіндік берді.
Достарыңызбен бөлісу: |