Лекция Электр қондырғылары және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жалпы мағлұматтар. Электротехникалық материалдар, бұйымдар және олармен жұмыс. Жоспар Электр қондырғыларын түрге бөлу



бет51/63
Дата09.03.2022
өлшемі4,55 Mb.
#27287
түріЛекция
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   63
Фоторезисторлар. Кедергісі жарықталынуынан тәуелді шалаөткізгіштен жасалған резисторды фоторезистор деп атайды.

Фоторезисторларды ішкі фотоэффект құбылысы байқалатын кадмийдің, висмуттың, германийдің, силицийдің сульфидтерінен және селенидтерінен жасайды. Мұндай материалдардарға жарық түскен кезде олардың атомдарында электрондар қозып, жоғарғы энергетикалық деңгейлерге ауысады.



Сурет-41. Фоторезистордьң жарыктық сипаттамасы (1) мен графикалық шартты белгісі (2)


Осының нәтижесінде заряд тасымалдаушы электрон-кемтік қос бөлшегі пайда болады да материалдардың электр өткізгіштігі артады. Сондықтан шала өткізгіштің жарықталынуы артқан сайын оның кедергісі азаяды. Фоторезисторлардың негізгі сипаттамалары болып оның жарықтық және вольт-амперлік сипаттамалары есептелінеді. Фоторезистордың жарықтық сипаттамасы деп кернеудің тұрақты мәнінде фототоктың () жарық ағынынан (Ф) тәуелділігін айтады (41-сурет). Жарық ағыны артқан сайын, яғни шала өткізгіштің жарықталынуы артқан сайын, оның фототогы да артып отырады.

Фоторезистордың вольт-амлерлік сипаттамасы деп жарық ағынының белгілі бір тұрақты шамасында (яғни ) фототоктың кернеудің (U) шамасынан тәуелділігін айтады (42-сурет). Егер жарықталынбаған фото-резисторға кернеу көзін жалғаса, оңда фоторезистор арқылы қараңғылық тогы деп аталатын азғана ток жүреді. Мұның себебі жатрылайөткізгіште жарықталынбаған кезде де аздаған заряд тасымалдаушылардың болатын-дығында. Кейін фоторезисторға жарық түскен кезде кернеу көбейген сайын фототок та көбейеді. Бұл тәуелділік түзу сызық бойымен өзгеріп отырады.

Фоторезисторлардың үлесті интегралдық сезгіштігі, қараңғылық кедергісі және жұмысшы кернеуі оның негізгі параметрлері болып саналады.

Фоторезистордың үлесті интегралдық сезгіштігі (s) деп фототоктың жарық ағыны мен оған түсірілген кернеудің көбейтіндісіне қатынасын айтады:



.

Фоторезистордың үлесті интегралдық сезгіштігін қылы 2850К дейін қызған шамнан жарықталынуы 200 лк болған кезде анықтайды. Әртүрлі фоторезисторлардың үлесті интегралдық сезгіштігі 1...600 мА/(Влм) шамасында болады.



Фоторезистордың қараңғыдағы кедергісін 200лк қылып шаммен жарықтандырып барып сөндіргеннен кейін 30с өткен соң анықтайды. Осылайша караңғыда өлшенген фоторезистордың кедергісін оның қараң-ғылық кедергісі деп атайды. Фоторезисторлардың қараңғылық кедергісі 102...1010 Ом шамасында болады.

Сурет-42. Фоторезистордың вольт-амперлік сипаттамасы


Фоторезисторлардың жұмысшы кернеуі ондағы шалаөткізгіш мате-риалдың ауданына және электродтардың ара қашықтығына байланысты таңдалынып алынады.

Фоторезисторлар әртүрлі релелерде және бөлшектерді, бұйымдарды санау үшін қолданылатын аспаптарда пайдаланылады және көлемі бірнеше мм ғана (сурет 43,44).



Сурет-43. Кадмий сульфидінен жасалған фоторезистор.

Сурет44. Әртүрлі фоторезисторлар.


Бақылау сұрақтары:

1.Шала өткізгіш резисторлар жұмыс істеу принциптері, ВАС-сы.

2. Терморезисторлар жұмыс істеу принциптері, ВАС-сы.

3. Тензорезисторлардың жұмыс істеу принциптері, ВАС-сы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет