Тензорезисторлар. Кедергісі механикалық деформациясына байланыс-ты өзгеріп отыратын шала өткізгіштен жасалған резисторды тензорезистор деп атайды.
Тензорезисторларды әдетте электр өткізгіштігі n немесе р - түрлі сили-цийден жасайды: кесек силицийді тілікшелерге кесіп, үстінің кедір-бұдырын тегістейді де электрод ұштарын дәнекерлейді.
Тензорезисторлардың әрекеттік парқы шала өткізгішке түсірілген сығу немесе созу күштерінің әсерінен оның кристалдық торшілтерінің реттігінің бұзылуы нәтижесінде кедергісінің өзгеруіне негізделген.
Тензорезисторлардың негізгі сипаттамасы – деформациялык сипаттама деп шала өткізгіштің кедергісінің салыстырмалы өзгерісінің оның ұзындығының салыстырмалы өзгерісінен тәуелділігін айтады (40-сурет).
Тензорезисторлардың негізгі параметрлері олардың номинал кедергісі (R 100-500 Ом) мен тензосезгіштік коэффициенті.
Сурет-40. n-түрлі (1) және р-түрлі (2) тензорезисторлардың деформациялык сипаттамалары мен графикалық шартты белгісі (3)
Тензорезистордың тензосезгіштік коэффициенті k деп кедергісінің са-лыстырмалы өзгерісінің оның ұзындығының салыстырмалы өзгерісіне қатынасын айтады:
.
Әдетте тензосезгіштік коэффициент –150-ден +150-ге дейінгі мәндерге ие болады. Тензорезисторлар негізінен қатты денелердің деформациясын өлшеу үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |