Анықтама. Егер ықтималдығы бiрдей тәжiрибелер жасағанда оқиғаның пайда болуынан немесе пайда болмауынан тәжiрибелер тәуелсiз болса, онда тәжiрибелердi тәуелсiз деп атайды.
Бернулли формуласын тәжiрибелердiң саны аз болғанда ғана пайдаланады. Егер тәжiрибе саны көп болса, онда ықтималдықты бұл формуламен есептеу қиынға соғады. Мұндай жағдайда Муавр - Лапластың локальдық теоремасын қолданған тиiмдi.