Арықтап бір түйе елді жетіп ажал, Алты батпан пұлы бар безденге сал. Алты батпан көтерген алық малдың, Санасаң әр батпаны жеті пұттан Жілігі жиырма төрт, топайы бас, Шамалап өлшеп байқа ерте мен кеш. Мұндай айтыстардың педагогикалық мүмкіндіктері: а) қазақ халқының шамаларды өлшеу дәстүрі туралы мағлұмат береді;
ә) шамалардың өлшем бірліктері туралы түсініктерін орнықтырып оларды өлшеуге машықтандырады.;
б) есептеу дағдыларын қалыптастырады.
в) баланы өмір құбылыстарын танып білуге талпындырып, ой- өрісін, қиялын кеңейтеді.
«Шамаларды оқыту әдістемесі» тақырыбын қарастырғанда, ата – бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақталған тәжірибесінің ұрпақтан- ұрпаққа үзіліссіз, өңделіп, жаңарып жетуі нәтижесінде өлшеудің өзіндік халықтық жүйесі қалыптасқанын, оның бұқара халық үшін тиімді болғанына, мәселен, сыйымдылықты, массаны, уақытты, көлемді, ауданды өлшеу жүйесіне сипаттама берген жөн.
елі = 2-2,5 см (орташа шамадағы бір саусақтың ені)
сере = 10-2 см ( аздап ажыратылған он саусақ ені);
тұтам = 8-10 см (жұдырық ені);
сынық сүйем = 13-15 см (бүгілген сұқ саусақ пен бас бармақ арасындағы қашықтық);
сүйем = 17-20 см (кесілген бас бармақ пен сұқ саусақ арасындағы қашықтық);
Биіктікті, тереңдікті өлшеу үшін адамның дене мүшелерін немесе қолда бар заттардың ұзындығы пайдаланылған, яғни солардың бойымен өлшенген:
оқ бойы = 1,0-1,5 м жебе ұзындығы.
найза бойы = 3-5 м.
арқан бойы = 10-12 м т.б
Шақырымға байланысты ел аузында мынадай есеп бар. «Қарқаралы мен Семейдің арақашықтығы – 350 шақырым. Осы аралыққа қанша жіңішке ине салуға болады?» есептің шешімін табу үшін ең алдымен сіріңке қорабының бойына қанша ине, содан соң бір адам бойына қанша қорап салынатыны анықталады, ал бір шақырым қанша адамға тең екні белгілі.
Қазақ халқы қашықтықты көштің өлшемімен де анықтаған: қозы көш жер, түйе көш жер. Қозы көш жер деп 10 км-лік қашықтыққа қоңыс жаңалап қонуды айтады. Өгіз көш жер ұғымы 15-20 км аралыққа көшуді білдіреді. Күніне 25-30 км шақырымға жуық жер жүруге тек түйелер ғана төзген, сондықтан мұндай аралықты «түйе көш жер» атауымен белгілеген.
Ауданды өлшеу үшін « шаршы», «танап» өлшем бірліктері пайлаланылса, көлемнің 3 түрлі өлшем бірліктері қолданылған:
1) Қатты денелердің көлемін көз мөлшерімен, тұрмыста жиі кездесетін заттардың көлемімен салыстыру арқылы анықтаған. Ал текше деген сөз халық ұғымында сандық пішінге келтіріліп бүктелген кілем, көрпе т.б үй жабдықтарының көлемін білдірген.
2) Сұйық дене (қымыз, сүт,су) көлемін ыдыстың сыйымдылығымен өлшеген. Кеңінен тараған негізгі өлшем бірліктері мыналар:
1) қасық = 50 гр
2) ожау = 0,5л
3) тостаған = 0,5 л;
4) аяқ = 1 л
5) шара =1,5 – 2 л
6) тегене = 8-10 л
7) тосық = 8-10 л
8) көнек = 15 -16 л
9) саба = 180-200 л
Уақыт өлшеуіштерін оқыту әдістемесін қарастырған кезде, қазақша жыл санау дәстүрі, қазақ халқының күнтізбесі, аспан денелері мен уақытты, жыл мезгілдерін анықтаудағы халықтық тәжірибе туралы мағлұматтар беріледі. Қазақтарда хайуанат атаулары бойынша адамның туған жылы белгілі болғанда, жасын табуға және жасы белгілі болғанда, туған жылын анықтауға арналған есептер бар екені мәлім. Мысалы , Қ деген азаматша тышқан жылы туып, 2 мүшел өмір сүрген. Қазір ұлу жылы болса, оның жасы нешеде? деген есепті шығару үшін жыл атауларын рет- ретімен және адам жасының мүшелге бөліну шкаласын білу талап
етіледі. Сонда екі мүшел жасаса 25 болады, тышқан мен ұлу жылының аралығы 3 жас, ендеше Қ деген азаматшаның жасы 28- де.Бұл есепке кері есеп мынадай болып келеді: Қ. деген азаматша 1972 жылы туған. Оның қазақ күнтізбесі бойынша туған жылын табу керек. Ол үшін туған жылының сандық мәніне 9 санын қосады. Яғни: 1972+9 =1981. алынған қосындыны 12- ге бөледі. 1981/ 12 = 165 (1қалдық). Қалдық бойынша жылдың атауын табады, 1 қалдық шықты, ендеше Қ. деген азаматша жылдардың орналасу ретіне сәйкес 1- ші тұрған тышқан жылы туған.
Қазақ халқының шамаларды өлшеу жүйесін тарихи- математикалық мағлұмат ретінде пайдалану оқушылардың ой- өрісін кеңейтіп, пәнге қызығушылығын арттыратынын студенттерге ескерту орынды.